Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Барыс септігін меңгеретін септеуліктерПоиск на нашем сайте Барыс септігін меңгеретін септеуліктер Шейін (дейін) септеулігі зат есімге, сан есімге, есімдікке және есімшелерге тіркесіп, мезгіл-мекен мағынасын білдіреді. Мәселен, Осы жасына шейін өз қасиетін жоятын жаман аттан да аулақ (М.Әуезов). Осы түнде ас піскенге шейін Барлас «Қобыланды батыр» жырын жырлады (Сонда). Ол қазір шешесіне қарай тарпылдап жүгіріп, дәл от басынан Абайдың төсегіне дейін бір-ақ секіріп, Ұлжанның тізесін соға дүрс етіп кеп түсті (Сонда). Бұл мысалдардың «шейін» септеулігі қатысқан алғашқы екеуінде мезгілдік мағына болса, соңғы үшінші сөйлемде «дейін» септеулігі тіркескен «төсегіне дейін» тіркесте мекен мәні бары байқалады. Қарай, таман септеуліктері зат есімдерге, көмекші есімдерге, есімдіктерге және үстеулерге тіркеседі. Мысалы, Қызылшоқыдан Шыңғысқа қарай тартатын көш соқпақтың сол жағында, жағада бір жалғыз төбе бар еді (М.Әуезов). Балалар аттарына мінісіп, беттерін ауыл жаққа бұрғанда, жаңағы асқан белден асып, ойға таман түсіп келе жатқан қалың көш көрінді (Сонда). Салым, тарта, жуық септеуліктері зат есім мен сан есімге тіркесіп, мезгілдік мәнді білдіреді. Мысалы, мыңға тарта, күзге салым, отызға жуық.
Шығыс септігін меңгеретін септеуліктер Гөрі септеулігі зат есіммен, есімдікпен және -қан (-ған) -кен (-ген) формалы есімшелермен тіркесіп таңдау, талғау мәнінде жұмсалады. Мысалы, Желі бойындағы жылқылардың биелерінен гөріжарау семіз, саяқ аттары көп (М.Әуезов). Өзге баладан гөрі басқа бір ермек, бөлек бір дос тапты (Бұл да). Бері септеулігі есімдіктерге, -қан (-ған, -кен, -ген) формалы өткен шақ есімшеге тіркесіп, мезгілдің басталу шегін білдіреді. Мысалы, Аңнан Абай қайтып келгеннен бері Баймағамбет қалаға үш рет барып қоржын толтыра кітап апарып, толтыра ала қайтып, Абайдың ендігі ой-азығын жиі-жиі ауыстырумен жүр (М.Әуезов). Түннен бері, дәл таң атып, ел тұрғанша тыныш таппаған (Сонда). Кейін, соң септеуліктер зат есімдерге, есімдіктерге, қимыл атауына және есімшеге тіркесіп, мезгілдік мағынаны білдіргенде бір істің не нәрсенің орындалу шегінен соңғы жағдайды нақтылайды. Мысалы, Осыдан кейін тағы үш күндей Салиқа дауының, Керей-Найман ылаңының тынымсыз тергеуі өтті (М.Әуезов). Алты күннен соң, осы Құнанбай ауылдары көшкен жолмен тағы бір мол көштер келе жатты (Сонда). Соң септеулігі кейде мезгілдік мағынадан басқа реттік, яғни, бір нәрседен немесе біреуден кейін деген мағына да береді. Мысалы, Жаңағы шешелерден басқа: жеңгелер, көрші үйлердің қатындары, бірен-саран тыста жүрген шал-кемпір, онан соң ауылдың барлық үйлерінен шығып, жүгірісіп келе жатқан балалар бар (М.Әуезов). Бұрын септеулік шылауы зат есімдермен, тұйық етістіктермен тіркесіп, іс-әрекеттің істелген мезгілін басқа бір іс-қимылдың алдында болғандығын білдіреді. Мысалы, Ол Абайдан бұрын үйленіп, сол жылы енші алып, бөлініп шыққан (М.Әуезов). Оған кетуден бұрын, әуелі өзімде бармен сенде барды ортаға шығарып, үлеске салып кетемін (Бұл да). Бетер септеулік шылауы іс-әрекеттің бұрын істелген іс-әрекеттен неғұрлым күшті болғанын білдіреді. Мысалы, менен бетер, одан бетер.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 40; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.196 (0.008 с.) |