Мәтіндердегі одағай сөздерді мағыналық, интонациялық және грамматикалық ерекшеліктеріне қарай талдаңыздар 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Мәтіндердегі одағай сөздерді мағыналық, интонациялық және грамматикалық ерекшеліктеріне қарай талдаңыздар

      СООЖ

          

   1. Мектеп және жоғары оқу орындарына арналған ғылыми грамматикаларда авторлардың одағайға берген анықтамалар мен мағыналық түрге бөлулерін жазып алу,талдау жасау, ғылыми пікір айтуға дағдылану.   

   2. Одағайдың сөз табы ретіндегі ерекшеліктерін мысал арқылы дәлелдеу.

  

     СӨЖ

   1. Одағайдың мағыналық түрлері мен қолданылу ерекшеліктері байланысты көркем шығармадан мысал теріп, талдау жасау.

   2. Одағай сөздердің күрделі мүше құрамында келуін мысал арқылы дәлелдеу.

            

  Мәтіндердегі одағай сөздерді мағыналық, интонациялық және грамматикалық ерекшеліктеріне қарай талдаңыздар

1-тапсырма. Одағайларды мағынасына қарай топтап, олардың құрамын анықтаңыз.

Жүрегім, ойбай ,соқпа енді,

  Бола берме тым күлкі.

  Көрмейсің бе тоқта енді,

  Кімге сенсең, сол шикі. (Абай).

Түтігіп, қап-қара боп тұрды Батыраш,

Жалғыз-ақ «Қап! Қап! Болып айтқан сөзі.(І. Жанс.).

- Уа, азаматтар! Жол болсын! Билеріңізде тыным жоқ, биелеріңде құлын жоқ неткен жолаушысыңдар? – дейді Сырым.

Опыр-ай, неге мұндай тынымсыз, сотанақ болып тудым! (Б.Соқп.). Әй, дарылдақ-ау, қойсаңдаршы, мына кісі сөйлеймін деп тұр,-дейді Ырысты. (Б.М). Апырмай, мына Иіс шешем алғысы қандай жақсы еді! Әмин !- деші, Әйгерім, осыған. (М.Ә.).

 

    2- тапсырма.Одағай сөздердің айтылу ырғағына көңіл аударыңыз,

интонациялық ерекшелігін түсіндіріңіз.

 

    Әй ! – дедім мен сөзімді әріден бастап. -Иә, әйтпесе болмайды. Бірақ

депудаттардың ішінде де сендердің кейбіреулерің сияқты тіл алмайтындары болады. – Е-е. Мен оны сендерге айтуды ұмытып кетіппін ғой. -Әй, оларың не, ұят болады. Үлкенді сыйлау керек қой. –Ойбай, өшір үніңді. Сынағанда тарс еткезе салмай, былай, кішкене жұмсартып айту керек қой. -Кәне, кім, не айтады? -Ей, жігітім,-дейді анадай жерде жұмыс істеп жатқан жұмысшыға. -Жә, Мен кім екем?

-  Сонда не? Бәрін жиып қойып, – «Айда, тарт! Ур-а-а»- дейміз бе?

- Ей?! Одан да, неге –«А,Құдай! Шүкір!»-демейміз (Р.Мұқанова).

- Иә, болды тоқтатыңдар!

- Тү-у, ағай, халық қандай шыдамды! («Қ.Ә.»).

Уа, Қожа, рахмет, сау бол.

Әттеген-ай, қорғанды ай тақырдың бетіне, Шөлетанның өтіне салған екен (Асан қайғы).

 

   3- тапсырма. Мысалдардағы бір фонемалы одағайлардың мағыналарын түсіндіріңіз.

 -Е, есептейік, менікі бес күнге айналып барады. Сенікі қанша? (Ғ.Мұст.). Сонда Жиренше:

- Е, е, хан ием, сіздің басыңызға әңгір таяқ ойнатып, дабыл қақса, екі аяқтап емес, төрт аяқтап қашарсыз! – депті.

Е, бақсы болсаң қайтейін. Е, ауырмай ма екен? Е-е. Мен оны сендерге айтуды ұмытып кетіппін ғой. Е, олар неғыпты? Тыңдап отыр ғой.

 

- Е, Алдар көсе, жол болсын! Бұл тоқтың не?

- Е, әлей болсын, бай! Тоқтының несін сұрайсың...

Е, Жаманның не білгені бар екен? Е, онда жөн басқа,-деді Қара би (Ауыз әд.).



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 51; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.196 (0.005 с.)