Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Модаль сөздердің қалыптасуыПоиск на нашем сайте ХІІ модуль
Модаль сөздер
Жалпы сипаттама Модаль сөздер тілдегі модальділік пен предикаттылық құбылыстарымен тығыз байланысты тіл-тілдердің барлығында бар, тілдік бірліктерге жататын сөздер тобы. Модаль сөздер сөйлемде айтылған ойдың мазмұнына, болған шындыққа айтушының көзқарасын білдіреді. Қазақ тілінде модаль сөздер сөз таптары қатарына кірмейтін сөйлемнің сан алуан экспрессивтік және эмоционалдық мәніне байланысты сөйлемнің құрамына енгеніп, оның анықтығын көрсетумен қатар, күмәндылығын не болжалдылығын білдіреді. Бұндай сөздерге қазақ тілінде мүмкін, шамасы, рас, әрине, тәрізді сияқты, әлбетте, бәлкі сөздері жатады (31.163 - 164.). Профессор С. Исаев «атаушы сөздерден басқа көмекші сөздердің бір түрі шылаулар және одағай сөздер мен модаль сөздер жеке сөз табы болып қаралады, өйткені олардың жеке лексикалық мағыналары болмаса да, өзі қатысты сөзге я сөйлемге қосымша грамматикалық мән үстейді немесе ойға қатысты мәндер қосатын сөздер екенін айтып, оны көмекші сөздер қатарына қосады (32. 440.). «Модаль» термині латын тілінің «modus» -«шама, тәсіл, көрініс» деген сөзінен алынған, «modalis» -модальдық деген мағынаны білдіреді. Модальділік пікірдің субьектісі мен обьектісі арасындағы байланыстың сипаты, яғни пікірлер. Пікірлерді модальдігіне қарай бөлуді тұңғыш енгізген Аристотель. Модальділік сөйлеушінің сөйлем мазмұнына көзқарасын және сөйлем мазмұнының ақиқат шындыққа қатысын білдіреді. Модальділік ең алдымен сөйлемде көрінетін тілдің негізгі өзек категориясына жатады. Айналадағы әр алуан болмыс түрлері, іс-әрекет сөйлемде әдетте жалаң хабар түрінде ғана айтылмайды. Онда сөйлеушінің сол хабар туралы пікірі, сөйлем мазмұнының ақиқат шындыққа қатынасы жөніндегі көзқарасы қоса беріліп отырады. Модальділіктің тілдік категория ретінде танылуы орыс тіліндегі модальділік категориясы мен модаль сөздер туралы алғаш пікір айтқан В.В.Виноградовтың есімімен байланысты (36. 81). Тіл білімінде модальділік категория сыртқы синтаксистік модальділікке жататын обьективті, субьективті және ішкі синтаксистік модальділік мағына тұрғысында қарастырылады. Обективті модальділік мағына сөйлеушінің ақиқат шындыққа реалдылық - бейреалдылық көзқарасын, ал субьективті модальділік мағына сөйлеушінің баяндауына сенімділік, сенімсіздік тұрғыдағы қөзқарасын білдіретін болса, ішкі синтаксистік модальділік мағынада іс-әрекетке сөйлеушінің мүмкін, қалауы, қажетті, міндетті, бұйрықты іс-қимыл ретіндегі бағасы беріледі. Модальділік категориясы – негізінен субьектінің обьектіге, ақиқат шындыққа деген сенімін, күмәнін, тілегін, болжамын, қалауын т.б. осы сияқты әр түрлі қатынастарды білдіретін категория. Басқаша айтқанда, айтушының сөйлем мазмұнына немесе сөйлемнің баяндалу мазмұнына, сөйлеуші жаққа, ондағы ақиқат шындыққа деген субьективтік көзқарасының көрінуі. Өйткені сөйлеуші сөйлеу жағдайы мен сөйлеу мазмұнына, оның құрылысына әрдайым өз қатынасын білдіріп отырады. Бұл қатынас ақиқат шындыққа деген айтушы қатынасы немесе модальділік қатынас болып табылады. Модальділік қатынас бір жағынан айтушы тарапынан шындық туралы берілетін логикалық қатынас та. Айтушының шындыққа деген эмоциялық қатынасы да модальділік қатынасқа жатады. Осыдан келіп сөйлем модальдігі коммуникативті модальділік, логикалық модальділік және эмоциональді модальділік деген топтарға жіктеледі. Бұл модальділік мағыналарынсыз сөйлем болмайтыны және ондағы негізгі мазмұн субьектінің көзқарасы арқылы берілетінін көрсетеді. Модальділік жалпы өзінің мазмұндық сипаты бойынша сөйлеуде ғана жүзеге асады. Ендеше, модальділік - сөйлем мазмұнындағы обьективтік байланыстарды және сөйлеуші көзқарасы тұрғысынан сөйлем мазмұнының айқындық дәрежесін білдіретін тілдік категория. Модальділік әрбір тілдің өзінің құрылымдылық ерекшелігіне, ішкі даму заңына сәйкес, рай, шақ түрлері, жеке сөздер, кейбір шылау, демеуліктер, сөздердің сөйлемдегі орын тәртібі, интонация, белгілі бір сөйлем типтері тәрізді әр түрлі лексика-грамматикалық тәсілдер арқылы беріледі. Түркі тілдерінде модальділікті толық мағыналы кейбір есім де, етістік те, кейде тіпті көмекші сөз де білдіреді. Бұларды тіл білімінде модальды сөздер деп атайды (36.80.). Модаль сөздер түркi тiлдерiнде сөйлеушi-субьектiнiң айтылған ойдың шындыққа сәйкестiгi жөнiндегi көзқарасын білдіруде қолданылатын сөз ретінде көмекшi сөздер тобына жатады. Модаль сөздердiң даму жолдары барлық тілдерде бiркелкi емес, сондықтан бұлардың сандық көлемi де, жалпы табиғаты да түркі тілдерінде әлі нақтыланбаған.
Модаль сөздердің саны тілде аса көп болмаса да, атқаратын қызметі зор, әрі маңызды. Модаль сөздер айтылатын пікірдің бағытына, ыңғайына қарай қолданылады да, сөйлемнің экспрессивтігін күшейтеді. Осыған байланысты модаль сөздердің құрамы мен мағынасы да түрліше болады. Қазақ тіліндегі модальділік мағынаның модаль сөздер арқылы берілуіне қатысты тақырыпта Е.Жанпейісов кандидаттық диссертация қорғаған (18.). Е.Н. Жанпейісов қазақ тілінде модальділік мағынаны білдіруде қолданылатын тілдік құралдарға етістіктің райлары, интонация, қыстырма сөздер, модаль сөздер және кейбір демеулік шылауларды жатқызады. Модаль сөздердің лексика-грамматикалық белгілері, қалыптасу көздері, семантикалық сипаты мен қолданылу ерекшеліктерін жаңадан шыққан грамматикада толық баяндайды (32. 567-580.). Модаль сөздерде тек грамматикаланған модальділік мағына болатындықтан, оның семантикасы әдетте модальділікті бiлдiретiн грамматикалық мағынамен ұласып жатады. Демек, осынысы үшiн де олар – көмекшi сөздер. Модаль сөздер көмекші сөз табына жататын морфологиялық категория ретінде, басқа көмекші сөздер сияқты, толық мағыналы дербес сөздерден өзінің ұзақ лексика-грамматикалық даму процесінде бастапқы мағынасынан біржола ажыраған сөздер болғандықтан, жеке тұрғанда модаль сөздер толық лексикалық мағынаны білдірмейді. Қазіргі түркі тілдердегі модаль сөздер әр түрлі жолдар арқылы жасалады. 1) Модаль сөздердің жасалуының өнімді жолына таза модальді және есiм модальдi сөздердiң тәуелдi формада әбден тұрақтап, қалыпты бiр орнықтылық алған, лексемалар қатарына изафеттiк тiркес арқылы көшкен, үшiншi жақтық тәуелдiк жалғауының жақсыздығы мен заттық мәнiнiң жалпылануы арқылы жасалынған сөздер (қысқасы, ыңғайы т.б.) жатады. 2) Модаль сөздер кейбір үстеулер мен үстеу мәнінде қолданылатын зат есімдердің заттық мәнінен және пысықтауыштық қызметінен айрылу нәтижесінде пайда болады. 3) Модаль сөздер өзінің предикаттық функциясынан айрылған бағыныңқы сөйлемнiң баяндауышынан да жасалады. Қазақ тiлiнде «дейдi, деседi, бiлем» тағы басқа сөздер осы жолмен жасалған. 4) Модаль сөз сондай-ақ кей жағдайда тiптi модаль тiркестiң бiр компонентiнiң түсiп қалуы арқылы да жасаллынуы мүмкін. 5) «Бет, бейне, пiшiн, порым, түр» мағынасын бiлдiретiн түбiрлерден сияқты, сықылды, секiлдi, тәрiздi, тақылеттi, рәуiштi, iспеттi, әлпеттi модаль сөздер қалыптасқан. 6) Тiлiмiздегi бәлки, бәлкi, бәлкiм, әлбетте, зайыры, нәтi (нәйәтi), лазым (ләзiм), ықтимал, мүмкiн, рас т.б. бiраз сөз «дайын күйiнде» араб, парсы сөздерiнен ауысқан (18. 571-572.). Модаль сөздер шығу, даму жолы жағынан алғанда негізінен толық мағыналы сөздердің грамматикалану құбылысы арқылы модальдік мағынаға біртіндеп ауысқан сөздер екені олардың сөздіктердегі морфологиялық құрылымын анықтаумен дәлелденеді. Қазіргі тілімізде қолданылып жүрген модаль сөздердің барлығы дерлік бөтен текті, тілдің даму барысында басқа сөз таптарынан ауысқан сөздер. Қазақ тіліндегі «сияқты» модаль сөзінің түп төркіні «Араб тілі сөздігінде» көрсетілген «форма, вид, формальность, формула» мағынасын беретін зат есім –сыйах /сиакь екеніне келіп тіреледі. Түрік тілдерінің біразында кездесетін «сияқты, сияқ, сиық, сиықты, сияқатты, сиқыл, сықылды, секілді модаль сөздері бір-бірімен синонимдік мағынада қолданылатын сөздер. Сықылды, секілді, сияқты, сиықты, сияқатты модаль сөздері «сиық / сияқ, сиқыл / секіл» түбірлеріне -ды жұрнағы жалғану арқылы жасалынғаны көрінеді. Мұндағы «сықылды мен секілді» сөздеріөзінің лексикалық мағынасынан мүлде ажыраған тек бірыңғай модаль сөз ретінде қолданылатын бір сөздің әр түрлі фонетикалық варианттары. Фольклорлық шығармаларда кездесетін «сынды» модаль сөзінің морфологиялық құрылымы «сын+ды». Қазір сирек қолданылатын бұл модаль сөз «Орыс тілінің сөздігінде» былай талданып берілген: «кир. сынды (сынлы+лы)= сындуу» екі мағынада «имеющий наружность» және «как подобный; каз. сынсыз (сын+сыз) без формы, безобразный. Модаль сөздер «тәрізді, тәрізі» -нің түбірі «тәрз» - вид, форма мағынасын беретін араб сөзі, «тәрізді» - подобный. Тілдегі «тақылетті» модаль сөзінің төркіні де «тақылет» -похожий мағынасын беретін деген араб сөзінен шыққан. Қазақ тілінде бұл сияқты модальділік болжал мағынасын білдіретін «іспетті, рәуішті сөздері де бар. Бұлар мағына жағынан сияқты, сықылды, тәрізді, секілді сынды сөздерімен синонимдес. Бұлардың қатарына қазақ тілінде сирек болса да қолданылатын «әлпетті» модаль сөзін, түбірі «ал және бет » - кир. наружность вид наружный вид» қосуға болады. Қазіргі тілімізде модальділік мағынада жиі қолданылатын «керек, қажет, тиіс» сөздерінің мағыналары да бір-біріне жақын, синонимдес сөздер. Қазақ тілінде болжалдық мағынаны білдіруде қолданылатын «бәлки, бәлкім, бәлкі» модаль сөздерінің түп төркіні арабтың «бәл» -но, однако» мағынасындағы сөзі, бұған «может быть, разве, авось» мағынасындағы «кі, кім» қосылу арқылы құранды шылау көмекші сөз жасалынған. Бұлардан басқа тілімізде тарихи-салыстырмалы зерттеу арқылы табиғатын ашуды қажет ететін, морфологиялық құрамы, шығу тегі, түп-төркіні, құрылымы жағынан күңгірт модаль сөздер әлі де кездеседі.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 45; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.196 (0.007 с.) |