Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Модаль сөздердің мағынасы мен қолданылуыПоиск на нашем сайте Модаль сөздер лексика-грамматикалық белгілеріне қарай семантикалық сипаты жағынан сөйлеушінің пікірін білдіруде әр түрлі сөз таптарынан грамматикалану арқылы жасалынған сөздер болғандықтан, біразы сөйлемдегі синтаксистік қызметі мен байланысы жағынан қыстырма сөз ретінде келіп, мағына жағынан айтылған хабар жөнінде сөйлеушінің пікірін білдіреді. Лингвистикалық әдебиеттерде сөйлеуші адамның айтылған хабар жөніндегі пікірін білдіретін сөздерді модаль сөздер қатарына жатқызылуына, біріншіден, оның семантикалық белгісі - грамматикалану сипаты, екіншіден, олардың түрлену жүйесінің болмауы, үшіншіден, синтаксистік сипаты жағынан айтушының ойға деген өзіндік көзқарасын білдіре алуы негізге алынған. Қазақ тіліндегі модаль сөздер қатарына Е. Жанпейісов мына сөздерді жатқызады: сияқты, сықылды, секілді, сиқатты, сияқатты, әлпетті, сыңайлы, сынды, тәрізді, рәуішті, ләзімді, тақылетті, іспетті, мүмкін, ықтимал, кәдік, шек, шамасы, сиқы, тәрізі, аңғары, әлпеті, нәті, туасы, нәяті, зады, асылы, түрі, жобасы, қисыны, сыңайы, зайыры, анығында, шынында, шындығында,, асылында, расында, рас, шын, расы, әрине, әлбетте, білкі, бәлки, бәлкім, керек, қажет, тиіс, лазым (ләзім), шығар, болар, зайыр, тайлас, меңзес, зәліттес, көрінеді, білем, дейді, сыңайы бар, тәрізі бар, түрі бар (жоқ), -са (-се) деймін, -сам (-сем) дейім, -са (-се) керек, -у (-уға) керек, -уы (-уі) керек, -уы (-уі) тиіс, -у қажет,, -ға (-ге) ұқсайды, (ұсайды) т.т. (32. 577). Бұлардың біразы жергілікті ерекшеліктерге байланысты қолданылатын сөздер. Модаль сөздер семантикалық сипаты жағынан болжал мәнді модаль сөздер, міндеттілік мағына білдіретін модаль сөздер, біреудің сөзі не бір дерек негізінде айтылатын модаль сөздер, қостау (растау) мағынасында қолданылатын модаль сөздер және күмән (күдік) ұғымын білдіретін модаль сөздер деген топтарға бөлінеді. «Болжал мәндi» модаль сөздерге сияқты, сыңайлы, сынды, әлпеттi, мүмкiн, шамасы, аңғары, әлпетi, жобасы, қисыны тәрiзi, сиқы, нәтi, бәлки,бәлкiм, бәлкi, ықтималы, кәдiк, болар, шығар, бiлем, -ды бiлем, -қан,-кен бiлем, -са,-се керек,-у керек, -ға,-ге ұқсайды, -уы мүмкiн, тәрiзi,түрi, бар т. б. осыларға ұқсас лексемалар жатады. «Мiндеттiлiк» мағына негiзiнен керек, тиiс, қажет,лазым сөздерiнiң қатысуымен жасалатын –у керек, -у қажет, -у лазым; -мақ керек, -маққа керек, -уға тиiс, -уы(-уi) тиiс сияқты аналитикалық форманттар арқылы беріледi. Сөйлеушiнiң сөйлемде айтылған «хабардың ақиқаттығына әбден көзi жеткендiк» модальдық мағынасы қазақ тiлiнде көрiнедi, екен формалары арқылы берiледi. «Бiр нақты дерек негiзiнде бiлдiрiлетiн» модальдық мағына қызметін қазақтiлiнде «де» формасы атқарады. Бұл көбiне «дейдi» түрiнде, ара-тұра тiптi «деп айтады, деп естимiз, деген сөз бар» сияқты құрамда да қолданылады. «Айтылған ойды өз тарапынан қостау» мағынасында рас, анығында, шынында модаль сөздері қолданылады. Сөйлеушiнiң сөйлемде «айтылған ой жөнiндегi нық сенiмiн» бiлдiру әрине, әлбетте сөздерi арқылы берiледi. «Тiлек, қалау, ниет-пиғыл мәндi» модальдiлiктi қазақ тiлiнде – са/-се екен, -са/-се дейм, деймiн аналитикалық формалары арқылы бiлдiрiледi. Модальдiлiк мағынаның сөйлеушiнiң сөйлемде «айтылған хабар жөнiндегi күдiк-күмәнiмен байланысты түрiн» тiлiмiзде –ар ма екен, -са неғылсын, кiм бiледi аналитикалық конструкциялары бiлдiредi. Модаль сөздер қолданылу ерекшеліктеріне қарай үш топқа бөлінеді. Олар: сөйлемде тек синтаксистiк қыстырма мүше қызметiнде қолданылатын модаль сөздер, үнемi тек баяндауыштың шылауында көмекшi мүше қызметiнде ғана жұмсалатын модаль сөздер; сөйлемде әрі синтаксистік қыстырма сөз ретінде, әрі қимыл есімді баяндауыштың шылауында көмекші қызметінде қолданылатын «мүмкін» модаль сөзі тұрғысында қаралады. Айтылған ойдың немесе пікірдің анықтығын көрсету үшін сөйлемде «әлбетте, әрине, рас, шынында, сөзсіз» модаль сөздері қолданылатын болса, айтылған пікірдің анық екендігіне көз жетпегенде, күмән келтіргенде, шамалағанда модаль сөздердің «мүмкін, шамасы, тәрізді, сияқты, бәлкім, шығар» сияқты түрлері қолданылады. Бұлардың ішінде «шамасы, мүмкін, сияқты, әрине, бәлки» модаль сөздерінің мағынасында модальділік мән анық, өйткені олардың лексикалық мағынасының өзі модальді. Ал «білем, көрінеді» сөздерінің мағынасынан ондай нақтылық жоқ, оның сыртында мағына күрделігі байқалады. Бұлар негізгі лексикалық мағынасынан өзге қолданыста тағы да қосымша басқа мағыналарды білдіре алады. Яғни олар негізгі лексикалық мағынаны білдірумен бірге, басқа сөздермен тіркесте келгенде, күрделі мүшенің құрамында көмекшілік қызметте жұмсалатындықтан, мұндайда негізгі мағынаның сыртында қосымша модальділік мағынаға ие болады.
СООЖ
1. Модаль сөздерге қатысты тақырыптар бойынша ғылыми еңбектердің библиографиясын жасау. 2. Тарихи тұрғыда модаль сөздердің қалыптасуына талдау жасау.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 41; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.008 с.) |