Номинативті және етістікті сөйлемдер 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Номинативті және етістікті сөйлемдер

Сөйлемдер бастауышының зат есім немесе етістік (есімше) болуына қарай біріне-бірі әрі грамматикалық сипаты жағынан, әрі функциясы жағынан ерекшеленеді: Жел соқты – Соққан жел. Жай сөйлемдерді осы белгісіне қарай топтап, даралауға негіз болатын олардың функция жағынан әрі қарама-қарсы келуі, әрі ұштас, сабақтас болуы.

Мен газет қарап шықтым – Газет қарап шыққан мен. Менің қарап шыққаным – газет.

Номинативті сөйлемдер ойдың құрылысымен, мазмұнымен тығыз байланысты. Жоғарыда көрсетілген мысалдардың өзара қатынасына қарағанда номинативті сөйлемдерді әр уақыт трансформацияға түсіріп етістік-бастауышты сөйлемге айналдыруға болады. Бұл сөйлеу талабына байланысты. Бастауышы етістікті сөйлем объектіні актуализациялау (айырықша көрсету) үшін керек болғанда пайдаланады.

Актуализациялау жұмысы сөзді баяндауыш позициясына шығару арқылы ойға асады.

Ол үшін бастапқы номинативті сөйлем аталғандай трансформацияға түседі. Бұрынғы баяндауыш қызметіндегі етістік есімшелік форма алып бастауыш болады да, актуализацияланатын сөз (субъект, объект) баяндауыш қызметіне ауысады.

Бұларды өткенде жедел поезд жеткізді. – Бұларды жеткізген өткендегі жедел поезд. – Жедел поездың бұларды жеткізгені өткенде.

Баяндауыш мүше позициясының актуализия үшін пайдалануының себебі бар. Сөйлемдегі мүшелердің айтылатын информацияға қатысы жағынан арасалмағы мынадай болып келеді. Бастауыш мүше пікірдің кім, не туралы екенін атайды, яғни информацияның негізгі мазмұнын (ремасын) білдіреді. Баяндауыштың осы салмағына сүйеніп, тіл оның позициясын ілгері амалмен актуализация үшін пайдаланады.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 41; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.005 с.)