Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
СӨЙЛЕМНІҢ ТҰРЛАУЛЫ МҮШЕЛЕРІПоиск на нашем сайте Атаулы сөйлемдер Бір негізді сөйлемдердің бір түрі – атаулы сөйлемдер. Бұл сөйлемдердің құрамында бастауыш, баяндауыш болып өзара қатынасқа түсетін мүшелер болмайды. Сөйлемнің құрамында атау ретінде жұмсалған негізгі, тірек мүше болады: Атау сөз сөйлемде негізгі, тірек мүше болады. Осы негізгі мүше құбылыстың, заттың атауын білдіріп, сөйлемге тірек болады. Негізгі мүше ретінде зат есім, сын есім, есімше (-ған, -ген, -қан, -кен, -тын, -тін) формалары, тұйық рай тұлғалы етістік жұмсалады. Сөйлем құрамына осы негізгі мүшеге бағыныңқылық қатынаста тұратын басқа мүшелер де кіреді: Атау сөйлемдерде предикативтілік қатынас болмағанмен, предикативтіктің өзі болады. Бұл сөйлем де тиянақты пікірді білдіреді, ойды, оқиғаны болмысқа шақ, жақ тұрғысынан қатыстырып білдіреді. Атаулы сөйлемдерге сөйлемге тән синтаксистік форма беретін – интонация, контекст: Қыстың ұзақ түні. Үлкен таудың ішінде жел гуілдеп соғып, ақ боран ұйытқып ойнап тұр. (М.Ә.) Жұмсалуына қарай атаулы сөйлемдерді үш топқа бөлуге болады: 1) бейнелеу мағынасындағы атаулы сөйлемдер: Майдың күні. Көк жетіліп, гүл-жапырақ молайған. (М.Ә.) 2) эмоциялы атаулы сөйлемдер. – Жарықтықтың исі-ай! – деді кемпір үнді шайының жұпарын сезіп. – Танауымды жарып бара жатқаннын қарашы!.. (Ж.М) 3) сөгіс, тілек мағыналы атаулы сөйлемдер. – Ә, зәнталақ! Сен маған сәлем бере келген шығарсың! – деп Жұман атпен бастырмалатып келді де, жаурын ортадан ала қамшы сілтеді. (Ғ.М.) Атау сөйлемдерді негізгі мүшенің грамматикалық түр-тұрпатына қарай: - Негізгі мүшесі атау тұлғалы зат есімнен болған атаулы сөйлемдер оқиғаны, бейнені қысқа етіп хабарлау үшін жұмсалады: Айсыз ашық аспан. Жұлдыздар сайрап тұр. Үркер төбеден ауып кетті. Тымырсық аяздағы тымық әуені сіміре, Жақып күндегі әдетімен колхоз ауылын аралап келеді. (Ғ.Мұст.)
- Негізгі мүше сын есімнен болған атаулы сөйлемдер субъектіге тән сын, сапаны білдіру үшін жұмсалады. – Қайран менің, ақ жеңешем-ай! (Қ.Ж.)
- Негізгі мүшесі -ғыр, -гір, -қыр, -кір жұрнағы арқылы жасалған сын сөйлемнен болған атаулы сөйлемдер тілеу, сөгіс білдіру амалы болып жұмсалады: Ол бүгін де бір арқа отынды есік алдына жыға салып: «Үһ, қара байланғырдың арқаны иығымды қиып кетті ғой», - деді. (Ә.Н.)
- Негізгі мүшесі -ған, -ген, -қан, -кен, - тын, -тін тұлғалы есімшеден болған атаулы сөйлемдер іс-әрекет туралы пікірді эмоциямен білдіру үшін жұмсалады. Тоба-ай, сенің түсінбейтінің-ай. (Б.М.)
5-тапсырма.Текстен атаулы сөйлемдерді тауып, өзіндік мағыналық, грамматикалық белгілері мен стильдік мәнін айтыңдар; Тұрлаулы мүшелері (не бірі) нақтылы айтылмаған толымсыз сөйлем түрлерін тауып, олардың атаулы сөйлемге ұқсастығы бары-жоғын айқындаңдар.
…Түн. Көзге түртсе көрінбейтін қараңғы. (С.М.) Көш келді. Босқын көш. Үш-төрт ауыл. Көш еру боп, жайғасқан соң Қазыбек енді жай-жапсарды қайта сұрады. (С.См.) Күй күңіреніп кетті. Ақ сақалға кесек-кесек жас тамшылайды. Қос тамшы жас, қасірет жасы. Ер жасы… (С.С.) Түн. Тастай қараңғы. Қар сабалап жауып, жел ышқынып соғып тұр екен. (Ә.Н.) Жат жер. Қылшылдаған қыс. Қатпар-қатпар қарлы таулар. Қалың түскен қар астында таңқылдап қатып жатқан жерге күрек жүзі батпайды-ау, батпайды-ау. (Ә.Н.) 2. Анадан туғалы теңізге иек асып келеді. Өзіне даярлап қойған үйге барды. Жуынды. Киімін алмастырып киді. (Ә.Н.) Түнімен үлкен үйде Қазыбек бидің әңгімесін тыңдап еді. (С.С.) Жұлдызы самсаған түнді жамылып сар желіп келеді. (С.С.) Қара жерге маңдайын ұрғылай берді. Бір кезде тау құлағандай үстінен езіп, бара жатқан ауыр салмақты сезді. (С.С.) Түн ұйқысы қатты. Демалуға жатқан қол шырт ұйқыда. Жұлдызы бүркек даланың көзге түртсе көргісіз қараңғылығы қатты қымтап жапқан көрпедей. (С.С.) Бейқам қос беймарал ұйқы үстінде. (С.С.)
ҮІ МОДУЛЬ Үйiрлi мүшелерi Сөйлемнiң тұрлаусыз мүшелерi Айқындауыш
Сөйлемнiң бiрыңғай мүшелерi Сөйлемнiң тұрлаулы мүшелерi Сөйлем мүшелерi
ҮІ МОДУЛЬ СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІ Сөйлем мүшелері – құрылымдық семантикалық жағынан сөйлемнің дербес бөлшектерін құрайтын толық мағыналы сөздер мен сөз тіркестері. Сөйлем мүшелері бірталай уақыттан бері арнайы зерттеу нысанына айналып келе жатыр. Олар жөнінде мектептерге және жоғарғы оқу орындарына арналған оқулықтардан, сондай-ақ арнайы зерттелген әдістемелік ғылыми еңбектерден бірталай толық мәліметтер алуға болады. Синтаксистің ең негізгі обьектісінің бірі- сөйлем екендігі белгілі. Сөйлем, әдетте, синтаксистік бірлік болып есептеледі. Ол - күнделікті тұрмыста пікір алысу, байланыс, қатынастың ең негізгі көзі болуымен қатар коммуникативті міндет атқарады. Жай сөйлем синтаксисінде, ондағы ең басты элемент – сөйлем мүшелерін еске алмау, оған соқпай өту мүмкін емес нәрсе. Демек, сөйлем аясында сөйлем мүшелерінің қызметі ерекше екені осыдан-ақ көрініп тұр. Егер сөйлем деген ұғымнан сөйлемнің өн бойындағы ой туралы түсінік туатын болса, ал сөйлем мүшелері – сол ойдың мәнді бөлігі ретінде танылатын синтаксистік топ. Белгілі ғалым Р.Әмірдің сөзімен айтқанда: “Сонымен, пікірдің құрамына сай сөйлемнің құрылысында да тиісті единицалар болады. Олар – сөйлем мүшелері. Сөйлем мүшелері – сөздің сөйлем құрамындағы негізгі қызметін функциялық қатынасы тұрғысынан зерттеудің нәтижесі” ( 10 ,110). Сөйлем мүшелері деп аталған синтаксистік категория өзінің грамматикалық мағынасымен және морфологиялық табиғатымен анықталады. Сөйлемге негізгі материал болатын сөз және сөз тіркесі сөйлем құрамына енгенде жаңа сипатқа ие болады. Ондағы әрбір сөз морфологиялық тұлғаға еніп, грамматиканың қарамағына түскенде, оның тілдегі атқаратын қызметі айқындала түседі, яғни сөйлем құрамында сөйлем мүшелерінің өзіне тиесілі атқаратын жүгі, синтаксистік қызметі бар. Синтаксистік белгілі бір міндетті атқарумен қатар сөз синтаксистік қатынастарды да қалыптастырады. Сөздің синтаксистік қызметі көп жағдайда өзі тіркесетін сөздің лексика-грамматикалық ерекшелігіне байланысты болады да, көбіне сөз тіркесі құрамында айқындалады. Бұған Т.Сайрамбаевтың:”Сөйлем мүшелері сөйлемде қаралады дедік. Бірақ сөз тіркесі сияқты сөйлем мүшелерін сөйлемнен жеке алып, өз алдына қарай алмаймыз.Олардың өмірі тек сөйлемде тұрғанда ғана айқындалса керек. Сөйлем мүшелері сөйлемнің ішінде бастауыштың не баяндауыштың немесе соларға қатыстылығымен ерекшеленеді. Сөйлем мүшелері бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш деп жеке-жеке алынып, талданғанымен, бәрібір екінші бір сөзге қатыстылығы айқын байқалып отырады”,- деген пікірі нақты дәлел ( 48,66). Сөйлем мүшесі міндетін лексикалық толық мағынасы бар жеке сөздер де, еркін сөз тіркестері де, тұрақты тіркестер де атқаруы мүмкін. Бұлар сөйлем мүшелерінің міндетін атқарғанда айналасындағы басқа сөздермен грамматикалық байланыста және ішкі қатынастарда тұруы, сондай-ақ белгілі бір грамматикалық формаға ие болса ғана сөйлем мүшесі міндетін атқарады. Сөйлем мүшелері жайында орыс ғалымы В.В.Виноградов былай анықтама береді: “Члены предложения – это синтаксические категории, возникающие в предложении и на основе форм слов и форм словосочетания и отражающие отношения между струтурными элементами предложения” ( 19,412). Ал А.А.Потебняның пікірі бойынша, әрбір сөйлем мүшесі белгілі бір сөз табына қатысты дейді. Сөйтіп, сөйлем мүшелері мен сөз таптарын параллельдік тұрғыда алып қарастырады. Осы көзқарасты Д.Н.Овсянико-Куликовский, А.М.Пешковскийлер де қолдайды. Қазақ тіл білімінде сөйлем мүшелері жайлы нақты, оң әрі дәл тұжырым жасаған – А.Байтұрсынов. Барлық сөйлем мүшелерін өте ыңғайлы терминдермен атап, қысқаша сипаттап беріп кеткен ( 14,282). С.Аманжолов та сөйлем мүшелерін анықтауда мынандай пікір айтады: “Сөйлем мүшелерін біз тек мағынасына байланыстырып қана айырамыз. Әр сөзге сұрау қойып, сол арқылы сөздің мағынасын және тұлғасын ашып аламыз” ( 2 ,94). Сондай-ақ Қ.Жұбанов, Н.Сауранбаев т.б. ғалымдар да сөйлем мүшелері жайлы көзқарастарды дамытуға өзіндік үлес қосты. Сөйлем мүшелері туралы елеулі еңбек жазған бірден-бір ғалым – М.Балақаев. Автор сөйлем мүшелерінің теориялық мәселелерін айқындауда ең алдымен бірнеше мақала жазды. Сонымен бірге сөйлем мүшелері туралы практикалық көзқарасын 1949 жылғы мектеп грамматикасында нақты көрсете келіп, солардың негізінде сөйлем мүшелерінің теориялық мәселесі туралы бірінші рет жан-жақты түрде 1954 жылы шыққан академиялық грамматикада сөз етті. Сөйлем мүшелері жөнінде көзқарасын батыл білдіріп, синтаксис саласында салмақты еңбек еткен ғалым – Р.Әмір. Ғалым: “Синтаксистік единицаларды дұрыс тану үшін біз оларды білдіретін мағыналарымен ұштастыра отырып тануымыз керек. Осы ретте синтаксистік форма мен единицалар білдіретін мағыналар синтаксистік мағына деп бөлек аталатынын ескертіп кетпекпіз. Синтаксистік мағына – грамматикалық абстракция саласындағы мағына. Ол сөз бен сөздің, синтаксистік единицалардың арасындағы абстрактылы, жалпылық сипаттағы қатынасты білдіреді” (10,8), - дей отырып, сөйлем мүшелерінің семантикалық жағына баса назар аударды. Осы мәселе төңірегінде соны пікір бере білді. Сөйлем мүшелері жасалу құрылысына қарай дара және күрделі болып келіп, белгілі бір сұраққа жауап береді. Сөйлем мүшелері мүшесінің қатысуымен жасалған жай сөйлемдер жалаң және жайылма болып жіктеледі. Осыған орай да сөйлем мүшелерінің түрлері келіп сараланады. Жалаң сөйлем мүшелері бастауыш пен баяндауыштың қатынасы арқылы жасалып, тұрлаулы мүшелерден тұрады.. Ал сөйлем мүшелерінің құрамында тұрлаулы мүшелерден басқа мүшелерді тұрлаусыз мүшелер деп атайды. Сонда жалпы екі үлкен топқа жіктелетін болады: тұрлаулы мүшелер және тұрлаусыз мүшелер. Тұрлаулы мүшелер бәрімізге белгілі бастауыш және баяндауыш деп аталған. Тұрлаусыз мүшелерді анықтауыш мүше, толықтауыш мүше, пысықтауыш мүше деп жіктеген. Қазірде қазақ тілі білімінде сөйлем мүшелерінің жіктелуі осы негізде қалыптасты. Сөйлемнің негізін тұрлаулы мүшелер (бас мүшелер) құрайды. Ал тұрлаусыз мүшелер бастауыш пен баяндауыштың төңірегіне топтасып, соларды айқындап, толықтырып тұрады. Сөйлемнің бас мүшелері предикаттық қатынастың негізінде құралады. Тіл білімінде сөз топтары бұрын қалыптасты ма, әлде сөйлем мүшелері бұрын пайда болды ма, бұл әлі шешілмеген мәселе. Алайда, көпшілік ғалымдардың мойындауынша, сөйлем мүшесі тарихи тұрғыдан сөз таптарының негізінде қалыптасқандығы айтылады. Бұл тұжырымның дұрыс болуы да мүмкін. Өйткені қай тілдегі сөздер болмасын, олар әуел бастан-ақ белгілі бір ұғымның әр дәрежедегі қасиетіне (атауын сандық, сапалық, қимыл т.б.) байланысты туындап жатады. Сөйлем мүшелерінде бір сөз тұрған орнына, басқа бір сөздермен тіркесу қабілетіне байланысты әр түрлі сөйлем мүшесі бола береді. Сөз таптары мен сөйлем мүшелерінің арасындағы басты бір айырмашылықтың негізі де осында жатыр. Мысалы, «Жақсы бала жақсы оқиды» дегенде жақсы сөзі қандай қолданыста болса да сөз табы болып қала береді. Ал сөйлем мүшесінің бойында осы турасында басқаша заңдылық байқалады. Атау қалпындағы сөздер көбінесе бастауыш, ілік жалғаулы сөз анықтауыш болса, өзге септікте тұрған сөздер толықтауыш (кейде пысықтауыш, баяндауыш) қызметінде жұмсалады. Демек, белгілі бір сөз топтарының әр түрлі септік жалғауында тұруы олардың сөйлем ішіндегі синтаксистік қызметіне де әсер етеді. Мұндай заңдылық жалғамалы тілдердің табиғатымен үйлесіп жатады. Сонымен, жалпы алғанда, белгілі бір таптары әуел бастан-ақ белгілі бір сөйлем мүшесі болуға икем тұрады. Мысалы: зат есім негізінен бастауыш, толықтауыш қызметтерінен басқа қызметте де жұмсала береді. Етістіктің сөйлемдегі негізгі қызметі баяндауыш болса, өзге функцияда жұмсалуы оның екінші қызметімен байланысты болады. І БЛОК
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 42; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.236 (0.009 с.) |