Күрделенген жай сөйлемдер 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Күрделенген жай сөйлемдер

ҮІІ МОДУЛЬ

Қазіргі әдеби тіліміздегі сөйлемдер жасалу құрылысы жағынан үлкен үш салаға жіктеледі: 1) Жай сөйлем 2) Күрделенген жай сөйлем 3) Құрмалас сөйлем. Бұлардың әрқайсысы өзара іштей жекелеген құрамдарға ажыратылады.

Жай сөйлемдердің бір предикаттық қатынастың төңірегінде ұйымдасып, сонымен қатар бұлардың құрамында түрліше айқындауыштық конструкциялар, оралымдар (обороты) орын алатын түрін жай сөйлемнің күрделенген жай сөйлем ретінде қарастырамыз.

Күрделенген жай сөйлемдерді ұсынушы ғалымдардың айтуынша, олардың жай сөйлемдерден айырмасы екі предикаттық единицадан тұратындығында, ал құрмаластан айырмасы сол екі предикативтілік қатынастың да бір бастауышқа телінуінде. Профессор Қ.Есенов қазақ тілінде бір бастауышқа телінген сөйлемдерді жай сөйлемнің күрделенген түрі деп таниды және осындағы баяндауыштарды пысықтауыш деңгейімен бірдей қарайды. Профессор Т.Қордабаев ондай құрылымдарды сабақтас деп танып, олардағы тиянақсыз формаларды баяндауыш деп таниды.

Бір суъектіге телінген, бірін-бірі толықтыратын немесе бір әрекетті бірігіп атайтын баяндауыштарды бірыңғай баяндауыштар деп есептеп, ондай құрылымдағы сөйлемдерді жай сөйлем деп таныған дұрыс. Бірақ ортақ бастауышқа телініп, баяндауыштары әр шақта келетін және әр сөз табынан жасалатын сөйлемдерді сабақтас бағыныңқылы сөйлемдер деп таныған дұрыс. Өйткені олардың сыңарларының арасы әр түрлі мағыналық қатынаста келеді. Мысалы: Қарағанды көмірін тапқалы, жүзге жуық жылдар өтті. (Ғ.М.) Бүгін бірер кітабын алып шықпақ болып, өзі жалғыз кіріп еді. (М.Ә.)

Ортақ бастауышты сөйлемдерді тек бастауыштың соңына қарай бөлу жеткіліксіз. Алдымен, бағыныңқы-басыңқы сөйлемдер арасындағы мағыналық қатынастарға қарау керек. Және құрмалас жасаушы бөліктер пысықтауыш дәрежесінде ме, әлде баяндауыш дәрежесінде ме – соны өлшеуіш етіп алған дұрыс. Егер көсемше, есімше тұлғалары арқылы жасалған баяндауыштарды қалыпты пысықтауыштар емес, баяндауыш деп танитын болсақ, онда есімше, көсемше тұлғалы бағыныңқылы баяндауыштары бар ортақ бастауышты сөйлемдерді сөз жоқ құрмаластар қатарына жатқызамыз [36;704].

Кез келген сөйлемнің белгілі бір құрылымы болады.

 

Қазақ тіліндегі күрделенген сөйлемдер екі үлкен топқа бөлінеді:



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 99; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.196 (0.005 с.)