Көсемше оралымды сөйлемдер 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Көсемше оралымды сөйлемдер

Көсемше оралымды сөйлемдер

Көсемшелі оралым көбінесе өзі күрделендірген сөйлемнің басында тұрып, өз алдына бір синтагма болып, сөйлемнің басқа мүшелерінен пауза арқылы бөлініп тұрады.

Көсемшелі оралым негізгі сөйлемдегі бастауышқа ортақ болып, соның (бастауыштың) іс-қимылының түрлі сипатын амалын, себеп-салдарын, мақсатын т.б. көрсетіп тұрады.

Оралым құралымындағы көсемше екі түрлі қызмет атқарады. Біріншіден, ұйымдастырушы тірек сөз ретінде, екіншіден, оралымды негізгі бөлімге бағындырып, байланыстырушы болып тұрады.

Көсемше оралым – айтылатын ойды кеңейтіп, қосалқы әрекеттерден негізгісін бөліп, айқындай түсу үшін қолданылады.

Қазақ тілінде көсемше оралымды сөйлемді жасауда –n тұлғалы түрі жиі қолданылады.

Көсемше оралымды сөйлемдер әр түрлі мағынада жұмсалады. Мысалы, Кемпір жүгіріп барып, Еламанның қолынан баланы жұлып алды. (Ә.Н.) Қарт шекпенін асықпай шешіп, бір бұрышқа қойды. (Сонда) Жас жігіт ақсия күліп, жақындап келеді. (Қ.Ж.)

-й тұлғалы көсемше болымсыз –ма жұрнағы арқылы жұмсалып, оралымды сөйлемдерді жасауға қатысады.

Артық отыра алмай, жас баласын сылтау ғып сыртқа шығып кетті. (Ә.Н.) Сонан әрі Мөңкенің келісімін күтпей, тысқа шығып кетті. (Ә.Н.)

 

-а, -е тұлғалы көсемше оралымдар. Оралымды жинақтаушы осындай тұлғалы көсемшелі сөздер әр түрлі мағыналық қатынаста жұмсала береді. Көсемше оралымның осы түрі, негізінен, амал және мезгіл мәндерде жұмсалады: Шоқан әкесіне іштей наразы бола жүре, олар тез көнді. (С.М.)

 

Есімше оралымды сөйлемдер

Күрделенген сөйлемдердің қазақ тілінде ең жиі кездесетін түрі есімше оралымдармен күрделенген сөйлемдер.

Сөйлемдегі негізгі ой бір бас мүшенің (бастауыштың) төңірегіне жинақталса, есімше сөздері оралымды құрылымдарды ұйымдастыруда орталық байланыстырушы дәнекер болады. Есімшелі оралым негізгі сөйлемнің мазмұнын толықтыра отырып, күрделенген сөйлемдерді жасауға қатысады. Мысалы, ауылға тақай бергенде, алдынан Рай шықты. (Ә.Н.)

Есімше оралым негізгі сөйлеммен байланысу тәсіліне қарай екі түрлі амалмен жасалады: 1) септік жалғаулы есімше оралымдар. Мысалы, Ауру баланы көргенде, Ақбала есіне түсті. (Ә.Н.)

Қозыны қолына ала бергенде, Айгүл аз ғана әлсіреу де сезініп еді. (Ғ.М.)

2) Көмекші сөзді есімше оралымдар: -ған соң түрінде келген есімшелі оралым сөйлем ішінде қолданылу ыңғайына қарай әр түрлі мағыналық қатынастарда жұмсалып отырады. Солардың ішінен ең көп кездесетіні – себептік мәніндегілер. Мысалы, Шұжықтан көбірек жеген соң, Байсейіт азырақ көңілденіп алды. (С.Сейфуллин).

-ғаннан кейін. Есімге оралымның осы түрі мезгілдік мәнде жұмсалып негізгі сөйлемдей оқиға, әрекеттің орындалуына мүмкіндікер туғызады: Жылқыдан босанып келгеннен кейін, мен тағы да белгілі Жаманшұбарда жүре бастадым. (С.Мұқанов)

 

-ғаннан бері. Бұлар да есімше оралымды жасауға қатынасып, мезгілдік мәнде жұмсалады: Әйгерім, Мақұлбайдың өлгенін естігеннен бері, үнсіз жылауда еді. (М.Әуезов)



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 48; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.196 (0.007 с.)