Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
І. Айқындауыштық қосалқы сөйлемдер.Поиск на нашем сайте І. Айқындауыштық қосалқы сөйлемдер. ІІ. Синтаксистік оралымды сөйлемдер [23,170].
Айқындауыштық қосалқы оралымдарға оңашаланған айқындауышты, қыстырма, қыстырынды және бірыңғай мүшелі сөйлемдер жатады. Бұлардың қайсысы болса да сөйлем аумағын кеңейтіп, мазмұнын толықтырып, қосалқы бөлшек қызметін атқарады. Қосалқы бөлшек сөйлемге жай ғана қосақтала айтылмай, оның мазмұнын айқындай түсу мақсатында арнайы қолданылады. Күрделенген сөйлемнің екінші тармағы – синаксистік оралымдар. Мұның өзі қабыспалы оралым және жанаспалы оралымдар болып екі салаға бөлінеді. Қабыспалы оралым негізгі сөйлемнен қабыса, жымдаса айтылады. Сондықтан да қабыспалы оралымдар негізгі сөйлеммен үтір арқылы ажыратылмай, тұтасқан түнде оған кіріге жұмсалады. Қабыспалы оралымдар өз ішінде есім және есімше сөздерінің қатынасуы арқылы жасалады. Осыған орай есім қабыспалы оралым және есімше қабыспалы оралым деп екі түрге бөлінеді. Әдеби тілімізде есімше қабыспалы түрі жиі кездеседі. Жанаспалы оралымдар негізгі сөйлеммен алшақ, жанамалай түрде келеді. Олар (жанаспалы оралымдар) керісінше өз алдына бөлектеніп, үтірмен қайырылып тұрады. Жанаспалы оралымдар есімше, көсемше, шартты рай және қимыл есім сөздерінің қатынасуларымен құралады. Осындай жасалу жолдарына қарай жанаспалы оралымдар көсемшелі оралым, есімшелі оралым, шартты рай тұлғалы оралым және қимыл есімді оралым болып төрт топқа ажыратылады.
Айқындауышты сөйлемдер Сөйлем адам ойын білдірудің негізгі құралы бола отырып, сөйлеушінің негізгі ойға түрлі көзқарасын да қоса білдіреді. Мұндай қасиет көп жағдайларда сөйлемнің негізі болып саналатын бас мүшелер мен тұрлаусыз мұшелердің бойынан табыла бермейді. Осындай жағдайда жай сөйлемнің құрамына қыстырма ретінде кірігіп жұмсалатын компоненттер болады. Бұлар негізгі ойдың мазмұнын әр түрлі жақтардан толықтырып, сөйлемнің құрылысын да күрделендіреді. Айқындауыш – қазіргі қазақ әдеби тілінде жиі қолданатын, анықтауыштың ерекше түрі. Айқындауыш өзі анықтайтын сөзінен кейін тұрып, оны толықтырып, дәлелдеп тұрады, өзінің анықтайтын сөзімен тек грамматикалық байланыста тұратын, сөйлемнің шартты мүшесі. Айқындауыштар құрылысына қарай үшке бөлінеді: 1) Қосалқы айқындауыш; 2) Қосарлы айқындауыш; 3) Оңашаланған айқындауыш. 1. Қосалқы айқындауыш сөйлемде анықтауыш – анықталушы сөз үлгісінде біртұтас күрделі мүше болып жұмсалады: Есбол мерген, Асан әнші, Алпамыс батыр. Сүйеу қарт үйінде екен. (Ә.Н.) Қасына Ербол қария келіп отырды. (Ә.Н.) Шұбар ақынның тілегі бойынша ел жұрт ән-күйге ауды. (Ғ.М.) Болып-толып тұрған кезде Ақан сері кісінің мәселесін қайтарып көрмеген. (Т.Ә.) 2. Қосарлы айқындауыштың табиғаты мүлде бөлек. Бұлар – екі жалпы есімнің тіркесі, мағыналас, мәндес-синоним сөздер болып келеді: корреспондент-мүше, телефон-автомат, отан-ана, жер-ана, ғалым-ұстаз, академик-жазушы, инженер-технолог т.б. Сөйтіп өзара мәндес жалпы есімдердің бірі зат атауы, екіншісі оның сапасы ретінде тіркесіп, күрделі бір атау жасайтын сөздерді қосарлы айқындауыш дейміз. Қосарланған айқындауыштар қазақ тілінде көп кездеспейді. Бұлар – орыс тілінің тікелей әсерінен жасанды түрде алынған үлгілер Игіліктің жаңа үйін жасап берген Сандыбай-үйші әлі осында жүр. (Ғ.М.) Сай-саймен түлкі-сұмдар зытып барады. (Ғ.М.) Десятник Жәнібек біресе раскосқа, біресе күрекке салады. (Ғ.Мұст.) Тақтай-стандарт үйдің бір бөлмесі – қызыл мүйіс. Трибунада трест инженері Әшірбек сөйлем тұр. (Ғ.Мұст.) 3. Оңашаланған айқындауыштар – белгілі бір сөзді күшейту, ерекшелеп, соған көңіл бөлу мақсатында қолданылатын айқындауыштық қатынастағы сөздер тіркесі. Оңашаланған айқындауыш деп өзі қатысты сөзінен соң тұрып, анықтайтын сөзінің заттық, шақтық т.б. мағынасын дәлдеп көрсететін айқындауышты айтамыз. Жауынбай ауылының дәл ортасындағы үлкен ақ ордаға – әке үйіне кеп ат басын тіреді. (С.С.) Өзіне салса, жаңағы көңілді үйге, шешесінің қасына, қазір жетер еді. (М.Ә.) Туғаннан бергі барлық көресі осыдан – екі аяқтыдан дегендей, жығылып домалап жатқан балаға тап берді. (М.Ә.)
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 57; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.196 (0.008 с.) |