Рмалас сӨйлемніҢ Қалыптасу, даму жолдары 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Рмалас сӨйлемніҢ Қалыптасу, даму жолдары

СООЖ

 

1. Күрделенген жай сөйлемнің тілдік табиғаты.

2. Жанаспалы оралымдардың ерекшелігі.

3. Шартты рай тұлғалы оралым.

4. Қимыл есімді оралым.

 

СӨЖ

 

1. Қабыспалы оралымдар.

2. Бірыңғай мүшелі сөйлемдер.

3. Қыстырынды сөйлемдер.

4. Оңашаланған айқындауышты сөйлемдер.

 

1-тапсырма. Күрделенген сөйлемдерді түрлеріне қарай ажыратып, топтап жазыңдар.

І. Түнерген түн, уілдеген жел, сабалап тұрған қарлы жаңбыр күдік туғызды. (Ғ.М.) Жалғыз ғана құрсақ көтерген Айгүл жас баланың жылылығын әлі ұмытқан жоқ. (Ғ.М.) Осы кеште Тәкежан ауылының шеткі лашығы – Иіс кемпірдің үйінде сары уайым еді. (М.Ә.) Әсіресе, Рай қасындағы бір жігіттің қолын қысып қатып қапты. (Ә.Н.) Өзіне шақ күн көрісі, өзіне шақ қуанышы бар, әйелі бар жылы үйге Бұланбай ұзақ тұрақтай алмады. (Ғ.М.) Тозығы жеткен құрама көрпе мен қызыл шұбар жастықтар онша таза да емес. (Ғ.М.) Құрдастық қалжыңдар күлдірсе де, Жомартты жадырата алмады. (Ғ.Мұст.) Абай Дәркембайдың құшағынан шығысымен, өзге екеуді ғана таныды. (М.Ә.)

 

2-тапсырма. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. (А.Байтұрсынов) Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды. Жасы үлкен кісілер ер-азаматы жоқ үйге бас сұға қоймайтын әдет бар. (Ә.Н.)

Ақбала әкелген асты аузына да алмады. (Ә.Н.) Есейген сайын Бөбек өзінен басқа қорғанышы жоқ қарт ата-анасын аяды. (Ә.Н.) Қызыл-қоңыр сақалы бар Сабырбай Абайға аса бір келісті кісі көрінді. (М.Ә.) Сұлтанмахмұт ертеңгі шайын ішіп болысымен, қарағашты жағалап отырып Ыдырыс қожанікіне келді. (Д.Әбілев) Сүйеу жиен немересін жылағанына қарамай, тас қылып бауырына қысып алды. (Ә.Н.) Абайдың қасына келгенде, Ербол жаңағы көргенін жасырған жоқ. (М.Ә.) Жасағанберген бұл жолы да сылқ-сылқ күліп, деректесетін жерде тайқып шықты. (Ә.Н.)

3-тапсырма. Жетімсіреген елсіз далада жалғыз келе жатқан жаяу – зұлымдық, зорлықтан қашқан жас келіншек – Рәбиға. (М.Ә.) Шыңғырып тебіскен, үйірін іздеп кісінеген дауыстары кешкі ауадан қатты жаңғырып көтеріліп еді. (М.Ә.) Әсіресе, малшы-жалшы, қоңсы-қолаңшы біткеннің әбігер-машақаты, әуре-сарсаңы бітер емес. Тек жетіскен үйлерден шыққан қолы бос, еріккен қыз-келіншек екі-екіден үштен қосылып қалжыңдасып, күлісіп-сыңқылдасып, су жаққа барып, біресе топтанып ойнап, дөң асып барады. (М.Ә.) Тобықты ішіне ең алғаш келген арбаны осы Зеренің, Құнанбайдың кәрі шешесінің, көк арбасы десе де болады. (М.Ә.) Сонымен түн ортасы ауғанша барлығының жалғыз ермегі осы Мұхаметжан әкелген, Абай жіберген Татьяна сәлемі болды. (М.Ә.)

 

.

 

8-модуль

 

 


ҮІІІ МОДУЛЬ

 

І БЛОК

 

ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ СИНТАКСИСІ

 

Сөйлем синтаксисі өз ішінде 2 үлкен салаға, яғни жай сөйлем синтаксисі және құрмалас сөйлем синтаксисі болып бөлінеді. Олардың әрқайсысының өз зерттеу нысаны бар. Әдетте, жай сөйлем синтаксисінің негізгі зерттеу нысаны - жай сөйлемдер, оның құралу тәсілдері, негізгі мағыналық-құрылымдық белгілері, жай сөйлемдердің таптастырылу принципі мен жүйесі, сөйлемнің әр қилы мағыналық-грамматикалық, құрылымдық типтері, сөйлем мүшелерінің қызметі мен жасалуы болса, құрмалас сөйлем синтаксисінің негізгі нысаны жеке ойды білдіретін жай сөйлемдердің өзара тіркесіп, бір бүтінге айналып, сол арқылы күрделі ойды білдіруі болып табылады. Яғни құрмалас сөйлем синтаксисі жеке ұғымдарды білдіретін жай сөйлемдердің өзара тіркесіп, құрмалас сөйлем болуын және құрмалас сөйлемнің түрлерін, жасалу жолдарын тексереді.

     Қызметі жағынан жай сөйлем де, құрмалас сөйлем де - ойды жарыққа шығарудың, пікір білдірудің, яғни қарым-қатынас құралы болғанмен, құрамы мен құрылымы, мағыналық қатынасы жағынан бір-бірінен өзгеше категориялар.

     Құрмалас сөйлемдер құрамындағы предикатив сыңарларына қарай екі құрамды және көп құрамды болып жіктеледі. Екі құрамды құрмаластар салалас және сабақтас болып бөлінсе, көп құрамды құрмаластарды көп компонентті салалас, аралас және көп бағыныңқылы сабақтас деп бөлу дәстүрі бар.

     Құрмалас сөйлемдер жай сөйлемдерге қарағанда күрделі ойды білдіретіндіктен, екі предикативтік орталыққа негізделеді. Бұл сөйлемдерде жай сөйлемдердегі сияқты тиянақталған интонация болмайды.

     Құрмалас сөйлемдер кез келген жай сөйлемдердің тіркесе салуынан емес, бір-бірімен мағыналық, әрі құрылымдық тығыз байланыстағы жай сөйлемдердің бір-біріне үйлесе, бағына немесе тең дәрежеде байланысуынан құралады. Сондықтан олар бір бүтін тұлға ретінде саналады.

     Бұл жөнінде Т.Қордабаев: “Егер әдеттегі жай сөйлемдер интонациялық жағынан тиянақты, белгілі шамада болса да, аяқталған ойды білдіретін, өз алдарына бір бүтін болып саналатын болса, құрмалас сөйлем компоненттері интонациялық жағынан тиянақсыз, аяқталған ойды білдіре алмайтын, бүтіннің бір бөлшегі болып табылады. Ол бөлшек өзі сияқты басқа бір бөлшектермен байланыста тұрғанда ғана бір бүтін бола алады. Егер бұл бірліктері бұзылса-ақ, олар өздерінің алғашқы мәндерін жояды, құрмалас сөйлем құрамында тұрғанда ғана бір бүтін бола алады”, -дейді ( 11,195).

     Сонымен құрмалас сөйлем деп мағыналық жағынан бір-біріне байланысты екі немесе одан көп жай сөйлемдерден құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемді айтамыз.

 

      

 

     Құрмалас сөйлемдердің қалыптасып, дамуы бірнеше ғасырлар нәтижесі екені хақ. Бұл жөнінде Н.Сауранбаев «Қазақ тіл білімінің проблемалары» атты еңбегінде былай дейді: «Жеке сөздердің бір-бірімен байланысуы түркі тілдерінің ескі дәуірінде басталған, яғни сөздердің бір-бірімен байланысуы сияқты жеке сөйлемдер де өзара байланысатын болған. Мағына жағынан бір-біріне байланысты сөйлемдер бір-бірімен ешбір жалғаушы формасыз іргелесіп байланысатын болған, я болмаса алдыңғы сөйлемнің баяндауыш формасы арқылы байланысқан. Кейде өте аз болса да, сөйлемдердің арасы көмекші сөздер арқылы байланысатын болған (мыс. учун), ешқандай жалғауышсыз байланысқан сөйлемдердің арасындағы құрмаластық қатынас Орхон дәуірінде екі сөйлемнің не іркес-тіркес іргелесіп айтылуынан білінген, я бір мүшенің екі сөйлемге ортақ екендігінен білінген. Бұл соңғы екі түрлі тәсіл ескі дәуірдегі түркі тілдерінде жеке сөйлемнің арасындағы байланыстың негізгі басымы ең алғашқы жолы болып саналады» (58 ,89).

 Жеке сөйлемдердің жалғаулықсыз байланысқан түрін жалпы лингвистикада паратаксис деп атайды. Яғни олар - бүгінгі салалас сөйлемдер. Құрмалас сөйлемнің бастапқы көне түрі болып табылатын паратаксистен кейін, тіл дамуының барысында жай сөйлемдердің өзара сабақтаса байланысқан түрі гипотаксис деп аталатын түрі пайда болды. Тіл дамуы үрдісінде сөздерді, жеке сөйлемдерді бір-бірімен жалғастыратын дәнекерлер алдымен пайда болған жоқ, керісінше, сол дәнекер сөздерді керек ететін қажеттіліктер келіп шықты. Соның нәтижесінде сөйлемдер арасын жалғастырушы көмекші сөздер дүниеге келді.

     Содан әрбіреуі жеке дербес мағыналарын берік сақтап, құрамындағы компоненттері бір-бірімен нашар байланысатын құрмалас сөйлемнің алғашқы көне формасының орнына компоненттері бір-бірімен тығыз бірлікте қалыптасқан жаңа конструкциялар дамыған. Мұны қазақ тілі жазба ескерткіштері фактілері де дәлелдейді.

Салалас құрмалас сөйлемдер түрлерінің бірсыпырасы да – ертеден қолданылып келе жатқан категориялар. Ғалым Г.А.Абдурахманов «Қазіргі өзбек әдеби тіліндегі құрмалас сөйлем синтаксисі негіздері» атты еңбегінде ХҮ ғасырдың соңғы жылдарында жазылған «Жамиғ-ат Тауарих» шежіресінің тілінде құрмаластың түрлері кездесетіндігін айтады ( 1 ,18).

     Қорыта айтқанда, құрмалас сөйлемнің өзара іргелес, бірақ әлсіз байланысқан алғашқы түрі, бүгінгі салалас деп аталатын түрінің, сондай-ақ сәл кейінірек келе сол салаластың негізінде құрамындағы әр сөйлемі өзара бір-біріне бағына әрі жалғастырушы дәнекерлер арқылы байланысқан сабақтас сөйлемдердің қалыптасуы, даму тарихы көне ескерткіштерден басталады.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 34; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.006 с.)