Жай сөйлемді құрмаластыруда интонацияның маңызы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Жай сөйлемді құрмаластыруда интонацияның маңызы

Жай сөйлемді құрмаластыруда интонацияның маңызы

 

     Интонация – кең ұғымды білдіретін термин. Интонация әр түрлі болады. Сөйлемнің айтылу сазы да, сөйлемдегі сөздерді түрлі әуенмен айту да, сөзге түсетін екпін де, сөйлемдегі сөздердің синтагмалық және шумақтық жігін айыра айтылатын ырғақты үн де, бірыңғай мүшелерді талдап, санап айту әуені де, тіпті құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің ара жігін ажырату мақсатымен болатын болмашы кідіріс те осы интонация деген ұғымға енеді.

     Жалпы құрмалас сөйлем интонациясы тиянақты, тиянақсыз болып екіге бөлінеді. Тиянақты интонация, әдетте, сөйлемнің соңында келіп, ойдың аяқталғандығын білдіреді. Интонацияның аталған түрінің қызметі сол – ол құрмалас сөйлем құрамындағы бөлшектердің (әр жай сөйлемнің) басын қосып, тұтас бір бүтін етіп отырады.

     Ал әр жай сөйлем арасында келетін интонация- тиянақсыз интонация. Ол құрмалас сөйлемнің әр компонентке бөлінгендігін білдіреді. Құрмаластың жай сөйлемдерінің арасындағы тиянақсыз интонация сөйлем жеке айтылғанда ойдың аяқталмағандығын, ой жалғасы барлығын байқатып тұрады. Тиянақсыз интонацияның құрмалас сөйлем компоненттерінің арасындағы тиянақсыздық деңгейі әр түрлі болады. Оның бірдей болмауы компонент баяндауышының формасына және оның шылау сөздерге тіркесу не тіркеспеуіне байланысты. Өйткені интонация сөйлемнің ең қажетті элементі болып табылғанымен, ол түгелдей сөйлем құрылысына, сөйлем мағынасына тәуелді болады. Соған қарамастан тиянақсыз интонация өзінің әр түрлі сипатқа ие болуымен бірге, жай сөйлемдердің бір-бірімен ұласуына септігін тигізеді және құрмалас сөйлем компоненттерінің ара жігін көрсетеді.

 

Құрмалас сөйлем компоненттерінің орналасу тәртібі.

 

     Қазақ тілінде құрмалас сөйлем компоненттерінің грамматикалық сипатына қарай орналасу тәртібі бар. Бұл заңдылық бұзыла қалса, онда жай сөйлемдердің бір-бірімен байланысуы, сөйлемнің құрмаластық қасиеті жойылуымен қатар, оның ұғымы ауырлап, сөйлемдік қасиеті кемиді.

     Қазақ тілінің синтаксистік құрылымында құрмалас сөйлем компоненттерінің орналасуы мынандай заңдылықтарға негізделеді:

1. Алдымен тиянақсыз компонент айтылып, сонан кейін тиянақты компоненттері келіп, ойды аяқтап тұрады. Жұмыскер дұрыс дем алса, ертеңіне өндіре қимылдайды /Ғ.Мүсірепов/.

2. Поэзиялық шығармаларда бағыныңқы, басыңқы сөйлемдердің орын тәртібі өзгеріп, алмасып келуі де-тілімізге тән құбылыс.

Күлімсіреп күміс күн бата ма екен,

Аппақ таудың артына жасырынып.

                                           /Ә.Қайранов/.

3. Кей жағдайда сабақтас құрмалас сөйлемнің тиянақсыз компоненттері тиянақты сөйлем ішінде де келе береді. Бірақ бұл жағдай өте сирек кездеседі. Қалаға ол, күн төбеге көтерілген соң, жетті.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 44; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.196 (0.005 с.)