рмалас сөйлем түрлері 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

рмалас сөйлем түрлері

СООЖ

1. Құрмалас сөйлемнің қазақ тіл білімінде зерттелуі.

2. Т.Қордабаев және құрмалас сөйлем.

3. Құрмалас сөйлем компоненттерінің бір-бірімен байланысу жолдары.   

 

СӨЖ тақырыптары:

1. Құрмалас сөйлем жайындағы пікір қайшылықтары.

 

 

1-тапсырма. Берілген сөйлемдердің қайсысы жай, қайсысы құрмалас сөйлем екендігін ажыратыңыздар.

     Алғашқы кезде ауылға қайтқысы келіп, интернаттың тірлігіне үйрене алмай жүрді /Н.Ораз/. Бірақ боран да, жел де, аяз да бәсеңдемеді /Т.Жароков/. Ұяны мекиені адам аяғы бармайтын ескі шірік қамыс араларына салады /”Білім және еңбек” журн./. Бақытымызға қарай Жамалетдин де, тіпті Ыбырайдың өзі де келіпті /С.Көбеев/. Кешке интернатқа келгенде де сол бір қорабы қызыл, кабинасы сары, өзі батареймен жүретін машина Асанның ойынан кетпей қойды. Малақайын қолына ұстады да, үйден шығып жүре берді /Н.Ораз/.

2-тапсырма. Берілген мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, көшіріңіз, құрмалас сөйлем екенін дәлелдеңіз:

     1. Батырдың өмірі қысқа, ... . 2. Ақылды сөзге тоқтайды, ... 3.Кісі үйіне көсем болма,... . 4. Кеңескен іс оңалар, ... 5. Қураған ағаш иілмес, ...

    

ІХ МОДУЛЬ

 

 

 


І БЛОК

 

Лингвистикалық ғылымда құрмалас сөйлемдерді топтастыру принциптерінің бірнеше түрі пайдаланылып келеді. Олардың ең бастылары: дәстүрлік және құрылымдық –семантикалық.

     Дәстүрлік топтастыру бойынша құрмалас сөйлемдер салалас, сабақтас, аралас болып үшке бөлінеді. Ал құрылымдық-семантикалық топтастырғанда құрмалас сөйлемдер жалғаулықты және жалғаулықсыз болып сараланады.

     Салалас пен сабақтас құрмалас сөйлемдердің арасындағы айырмашылықтар – компоненттердің негізгі екі мүшесінің бір –бірімен синтаксистік қатынастарында, әсіресе, компоненттердің баяндауыш формасында, сондай-ақ олардың компоненттерінің құрмаласу тәсілінде, мағыналық байланыстарында және интонациялық құбылыстарында.

     Салалас құрмалас сөйлемнің баяндауыштары тиянақты болса, сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сөйлем баяндауышы басыңқы сөйлемге тәуелді, бағына байланысады.

     Әзімбай бұны сүйсіне қостады, әрі оның соңғы сөзін қайта-қайта еске алды /М.Әуезов/ - салалас;

     Абай бүгін әдейі бір үй ішті кеңесті оңаша сөйлесейін деп, Мағаш, Әбіштерді осында шақыртқан /М.Әуезов/ - сабақтас.

     Салалас пен сабақтастың арасында төмендегідей айырым белгілері бар:

1. Салалас құрмалас сөйлем компоненттерінің баяндауыштары тиянақты тұлғада тұрады да, ал сабақтас құрмалас компоненттерінің алдыңғы сөйлемінің баяндауышы тиянақсыз тұлғада болады.

2. Салалас құрмаластың баяндауыштары теңдік қатынаста тұрып, салаласа байланысса, сабақтас құрмаласта бағыныңқы компонент баяндауышы басыңқы компонент баяндауышына бағына байланысады.

3. Салалас құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдердің арасындағы интонациялық кідіріс біршама тиянақты болады да, сабақтас құрмаластың сөйлемдері арасындағы интонация елеусіз немесе тиянақсыз болып келеді.

4. Салалас құрмалас компоненттерінің баяндауыштары өз бастауыштарымен қиыса байланыса келеді де, сабақтас құрмалас сөйлем компоненттерінің баяндауышы өз бастауыштарымен қиыспайды.

5. Салалас құрмалас сөйлем компоненттерін бір-бірімен құрмаластыру үшін жалғаулықтар қолданылса, ал сабақтас құрмалас сөйлем компоненттерін құрмаластыруда септеулік шылаулар қолданылады.

6. Салалас құрмалас сөйлемнің бір компоненті екінші компонентке тәуелсіз, оның ішіндегі мүшелерге байланыссыз болып келсе, сабақтас құрмалас сөйлемнің бағынышты компоненттерінің көпшілігі өзі меңгеріліп тұрған компоненттің белгілі бір мүшесіне тәуелді болып, соны түрлі жағынан айқындап, тұрлаусыз мүше тәрізденіп кетеді.

    



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 40; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.196 (0.006 с.)