Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
ыстырынды құрылымдарПоиск на нашем сайте Қыстырма сөйлемдер Сөйлем арқылы берілетін ойға сөйлемнің бес мүшесі қатысады. Сөйлем белгілі бір ойды білдіріп қана қоймайды. Сөйлем сөйлеушінің ойын, сол ойға қатысын, қалай қарайтынын да қоса білдіреді. Қыстырма құрылымдар сөйлемнің коммуникативтік мағынасымен бірге эмоциялық-экспрессивтік түрлерін анықтайды. Бұл функция адамдардың түрлі ой-сезімін, оның өзгеруін білдіреді. Сөйлеушінің айтылған ойды, жағдайды қолдайтын, қолдамайтыны, оған қуаныш-ренішпен қарайтыны т.б. қыстырмалар арқылы беріледі. Қыстырма құрылымдар сөйлем мүшелерімен синтаксистік баяланысқа түспейді, сондықтан сөйлем мүшесі бола алмайды. Қыстырма сөздер мен сөз тіркестерін мағыналарына қарай мынадай негізгі топтарға бөлуге болады: 1) Кісінің көңіл күйін, сезімін білдіретін қыстырмалар: бақытымызға қарай, біздің бағымызға, өкінішке қарай, обалы не керек, бір ғажабы т.б.. Мысалы, Өкінішке қарай, Жұмаханның естіп келген хабарлары расқа шықты. (Қ.Ж.) 2) Айтылған ойға нануды, жорамалдауды білдіретін қыстырмалар: әрине, шынында, шынын айту керек, рас, сөз, сірә, мүмкін, кім біледі т.б. Мысалы, Кім біледі, бұдан кетсе, Әбдірахман Шұғаны көре алмас. (Б.М.) Шынымды айтайын, осы адамға деген менде ерекше құрмет сақталған. (С.С.) Әрине, Ақылбай жылқының іріктеу билігіне араласқан жоқ. (Қ.Ж.) 3) Ойдың айтылу амалын, тәсілін білдіретін қыстырмалар: қысқасы, демек, дегенмен, айтпақшы, қорыта келгенде т.б. Дегенмен, ол осы сәтте өзінің де екі тарау жол айрығына келіп тұрғанын ішкі бір сезім сәулесімен түйсінгендей болды. (Қ.Ж.) – Айтпақшы, ұмытып бара жатыр екем-ау, - деді ол есіктен шыға бере, артына бұрылып. (Қ.Ж.) 4) Айтылған ойға басқаның пікірі тұрғысынан қарағандықты білдіретін қыстырмалар: сіздіңше, біздіңше, біреудің сөзіне қарағанда т.б. Қарттардың айтуына қарағанда, Арал осы Жарқабақтан желініп, батыс жағына ілгері қарай қусырылып, жыл сайын тарылып келе жатыр. (С.М.) 5) Айтылған ойлардың өзара қатынасын білдіретін қыстырмалар: сөйтіп, не дегенмен, сонымен, біріншіден, екіншіден, бір жағынан т.б. Сонымен, айналасы төрт-бес айдың ішінде елде, бала-шаға, үй-іштер де Жұманнан түгел безініп, тез жатсырап кетіп еді. (Ғ.М.) Сөйтіп, Батырхан араға екі күн салып, ойламаған жерден басқа бір кеңсенің қызметкері болып шыға келді. (Қ.Ж.) Қыстырма сөздердің мағыналық қызметін кейде сөйлемдер де атқарады. Мұндай сөйлемдер айтылған ойға сөйлеушінің алуан түрлі қатынасын білдіреді. Мысалы: Иә, ұмытып барады екенмін, саған бір телеграмма бар. (С.Шайм.) Шынын айтайын қорқақтық еткем жоқ, бірақ еріндім. (М.Ә.) Неге екенін кім білсін, Баймағамбет ақсақал қызын бергісі келмепті, әлде дәулетті Нұржақыпқа бергісі келді ме? (С.Көбеев) Олар сөйлем басында келсе, одан соң үтір, ортасында келсе, екі жағынан, ал соңында келсе, қыстырма сөздердің алдынан үтір қойылады. Құрылымдық жағына қыстырма, қаратпа бірліктер сөйлемдегі басқа сөздердің оқшауланып, айрықша интонациямен айтылады. Бұл бірліктер интонациясы өте бай болады. Олардың интонациялық көріністері бір-біріне сәйкес келмейді, себебі контекст пен сөйлеу ситуациясы интонацияға әсер етеді. Бұл арқылы семантика мен интонацияның тығыз байланысты екендігін байқаймыз. Қысқасы, қыстырма құрылымдар негізгі сөйлеммен мағыналық бірлікте айтылып, негізгі ойды әр түрлі модальдық реңкте толықтырып отыруда ерекше қызмет атқарады. Грамматикалық жүйеден оқшауланғанымен бұл компоненттер сөйлемнің коммуникативтік мақсатымен, мазмұнынымен тығыз байланыста болады.
Күрделенген жай сөйлемнің бірі – қыстырынды құрылымдар. Қыстырынды құрылымдар сөйлемдегі айтылған ойды, сондай-ақ белгілі бір мүшесін толықтырып, әр түрлі қосымша хабарлар беріп тұрады. Олар негізгі сөйлемге жай қыстырыла айтылмайды, автор тарапынан белгілі бір мақсатпен қолданылады. Қыстырынды құрылымдар қосымша мәлімет бере отырып, тілдік құрылымның мазмұнын кеңейтеді. Олар мынадай функционалды-семантикалық топтарға бөлінеді: 1) түсіндірмелі; 2) нақтылаушы; 3) сілтемелік; 4) толықтырушы. Түсіндірмелі қыстырынды құрылымдар негізгі айтылатын ойға қосымша түсініктеме беріп тұрады. Мысалы:…әдеби тілге көптеген лексикалық жаңалықтар еніп жатыр. 80-90 жылдарда жаңа қолданыстардың бумы (қауырт көбеюі, тасқындауы) басталды. (Р.Сыздық) Нақтылаушы қыстырынды құрылымдар негізгі сөйлемді нақтылай түседі. Мысалы: оның негізгі нормалары шешендік сөз өнерінде, фольклор мен ауыз әдебиеті, публицистикалық сөз, ісқағаз тілі мен ғылыми әдебиет (оқулық, энциклопедия, монография, ғылыми-көпшілік басылымдар), әсіресе, аса биік профессионалдық деңгейге көтерілген көркем әдебиет үлгілері арқылы қалыптасты. (Сонда) Қыстырынды құрылымдардың сілтемелік түріне еңбектің авторын, оның атын, шыққан жылын т.б. көрсететін құрылымдар жатады. Мысалы, күн деген сөздің негізгі лексикалық (оны ғылым тілінде денотатив мағынасы деп атайды) «әлемге жарық, қызу беруші планета» («Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі», 5-том, 311 бет). Толықтырушы қыстырынды құрылымдар негізгі сөйлемге қосымша хабарлама береді. Ол кезде Хакима ауылды жалшы атасына көмектесіп (әке-шешеден қаршадайынан айрылған), байдың қозысын бағатын. (М.М.) Қолданылу жағынан қыстырынды сөздер газет тілінде жиі кездеседі, ал қыстырынды сөйлемдер көркем әдебиетте көп қолданылады. Олар сөз, сөз тіркестері, жай және құрмалас сөйлемдер, тіпті синтаксистік тұтастық түрінде де берілуі мүмкін. Бірақ солардың ішінде ең көп кездесетіні – хабарлы сөйлемдер. Көркем шығармаларда сұраулы және лепті сөйлемдер де ұшырасады. Сөйтіп, қыстырынды құрылымдар жай сөйлемді күрделендіруші компонент ретінде сөйлем құрылымын құрауға қатысқанымен, жалпы сөйлем мазмұнын мағыналық тұрғыдан жан-жақты толықтырып отырады.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 40; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.008 с.) |