Медицина персоналының инфекциялық қауіпсіздігі 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Медицина персоналының инфекциялық қауіпсіздігі

1. Ауруханалардағы COVID-19 пациенттерін күтуді қамтамасыз ететін медицина қызметкерлері мен кіші медициналық персоналы медициналық ұйым басшысының бұйрығымен айқындалады.

2. Медицина қызметкерлері мен кіші медицина қызметкерлері COVID-19 ауыратын науқасты күту және емдеу кезінде инфекциялық бақылау мәселелері бойынша нұсқаулықтан өтеді.

3. Медицина қызметкерлеріне күн сайын сұрай отырып және дене қызуын күніне 2 рет өлшей отырып, бөлімшенің госпитальдық эпидемиологы немесе аға мейіргері бақылау журналына тіркей отырып, тұрақты медициналық бақылау белгіленеді.

4. Медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекцияның берілу қаупі жоғары болған жағдайда (жеке қорғаныш құралдарын пайдаланбау, мысалы, медперсоналда қорғаныш көзілдіріктерінің болмауы, науқастың немесе медицина қызметкерінің масканы пайдаланбауы, N95 респираторсыз тыныс алу органдарында инвазивті манипуляция (трахеостомия, интубация, бронхоскопия және т. б.) және тиісті ЖҚҚ (комбинезон, бетке арналған қалқан, қолғап) жүргізу мынадай шараларды қабылдау қажет: карантинге соңғы байланыста болған соң 14 күн жұмыстан шеттету, материалды зертханалық зерттеуге, ұйыммен медициналық бақылау, күнделікті тексерумен және термометрия жасау қажет.

5. СОVID-19 ауыратын науқасты күтуге тартылған медицина қызметкерлері барлық қорғаныш шараларын қолданғанда үнемі өзін-өзі бақылау жүргізеді. Респираторлық симптомдар пайда болған немесе температура жоғарылаған кезде медицина қызметкері немесе кіші медицина персоналы медициналық ұйымның басшысын хабардар етеді және дереу оқшауланады және карантинге орналастырылады.

6. Жеке қорғаудың барлық шараларын сақтау кезінде медицина қызметкерлері өндірістен қол үзбей жұмыс істеуді жалғастырады.

7. COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары медицина қызметкерлері (карантиндік объектілер, инфекциялық стационарлар, ПТР диагностикасын жүзеге асыратын зертханалық мамандар) COVID-19 тестілеуден өтуі тиіс. Тестілеу кезеңі - аптасына бір рет.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 37; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.009 с.)