Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
й карантиніндегі адамға арналған нұсқаулықтарПоиск на нашем сайте Үй карантиніндегі адамға арналған нұсқаулықтар 1. Үйден шықпау. 2. Пәтерде отбасының басқа мүшелері тұратын жағдайда есігі жабылатын, жақсы желдетілетін жеке бөлмеде болу қажет. Тек қажетті шаралар үшін және қысқа уақытқа ғана бөлмеден шығуға рұқсат етіледі, бұл ретте ауыз бен мұрын маскамен жабылуы тиіс. 3. Вирустың таралуын болдырмау үшін түшкіргенде немесе жөтелгенде ауыз бен мұрынды бір рет қолданылатын қол орамалымен жабу. Осыдан кейін қолды сабынмен жуу немесе оны спирт негізіндегі антисептикпен өңдеу. 4. Қолды сабынмен жуу немесе тамақтану алдында, сондай-ақ дәретханаға барғаннан кейін спирт негізіндегі антисептикпен өңдеу. Қолды сүрту үшін бір рет қолданылатын сулықтарды пайдаланған дұрыс. 5. Мүмкіндігінше жеке дәретхананы пайдалану. 6. Температура немесе әлсіздену белгілері пайда болған кезде карантин туралы хабарлап және жүгіну себебін көрсете отырып, COVID-19 бойынша колл-орталыққа жүгіну немесе жедел жәрдемге қоңырау шалу.
Үй карантині қамтамасыз етілетін үй шаруашылығы мүшелеріне арналған нұсқаулықтар Карантин бөлмесіне кіре алатын үй шаруашылығы мүшелерінің санын қысқарту ұсынылады, артықшылық созылмалы аурулардан зардап шекпейтін бір дені сау адамға берілуі тиіс. 1. Үйге келушілер болмауы тиіс. 2. Үй шаруашылығының барлық мүшелері қолдарын жиі жууы тиіс. 3. Карантин бөлмесіне кіру кезінде ауыз бен мұрынды тығыз жабатын медициналық маска кию қажет. Егер маска ылғалданған немесе ластанған болса, оны дереу жаңа маскамен ауыстыру қажет. Масканы тиісті техниканы пайдалана отырып, яғни оның алдыңғы бөлігін ұстамай шешу. 4. Карантиндегі адаммен және карантин бөлмесіндегі беткейлермен, киіммен, төсек-орын жабдығымен және ыдыс-аяқпен кез келген байланыста болған кезде бір рет қолданылатын қолғаптарды пайдалану. 5. Карантиндегі адамның бөлмесіндегі беткейлерді тазарту және дезинфекциялау. 6. Карантиндегі адамның барлық лас киім-кешегін жуғанға дейін оның бөлмесінде осы үшін бөлінген пакетте ұстау қажет. Жууды әдеттегі жуу құралымен жүргізу қажет. 7. Карантиндегі адамның заттарын бірлесіп пайдаланудан бас тарту керек.
Үй карантині кезінде отбасының/үй шаруашылығының барлық мүшелері үшін нұсқаулық: 1. Күн сайын күніне кемінде 2 рет отбасының әрбір мүшесіне дене температурасын өлшеуі керек. 2. Үй-жайларды күніне кемінде 2 рет желдету. 3. Күн сайын ылғалды тазалау. 4. Қолды сабынмен жиі жуу немесе спирт негізіндегі антисептикпен өңдеу. Қолды сүрту үшін бір рет қолданылатын сулықтарды пайдаланған дұрыс. 5. Отбасының/үй шаруашылығының әрбір мүшесі жеке ыдыс-аяқ, жеке гигиена құралдарын пайдалануы керек. 6. Бөгде адамдардың келуін болдырмау. 7. Вирустың таралуын болдырмау үшін түшкіргенде немесе жөтелгенде бір рет қолданылатын сулықпен ауыз бен мұрынды жабу. Осыдан кейін қолды сабынмен жуу немесе оны спирт негізіндегі антисептикпен өңдеу. 8. Отбасының/үй шаруашылығының кез келген мүшесінде температурасы немесе әлсіздік белгілері пайда болған кезде карантин туралы хабардар етіп және жүгіну себебін көрсете отырып, КВИ бойынша колл-орталыққа дереу жүгіну немесе жедел жәрдем шақыру керек.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 33; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.005 с.) |