Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
COVID-19-ке тестілеу алгоритміПоиск на нашем сайте COVID-19-ке тестілеу алгоритмі
I. Экспресс-тестілеу 1. ДСҰО жедел тестілеуге жататын тұлғаларды тіркеу үшін ақпараттық жүйені (АЖ) әзірлеуі тиіс. 2. Экспресс-тесттер адамның қанында IgM және IgG антиденелерін анықтауға бағытталған. 3. Биоматериал ретінде тестілеу үшін капиллярлы қан пайдаланылады. Биоматериалдарды алуды оқытылған зертханашы-мамандар жүргізуі тиіс. 4. Экспресс-тестілердің артықшылықтары-пайдаланудың қарапайымдылығы, нәтижелерді алу жылдамдығы (15 минутқа дейін). 5. COVID-19-ға экспресс-тестілеуге жататын тұлғалар: 1) COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары медицина қызметкерлері (карантиндік объектілер, жұқпалы аурулар стационарлары, ПТР диагностикасын жүзеге асыратын зертханалық мамандар). Тестілеу кезеңділігі - екі аптада бір рет; 2) диспансерлік есепте тұрған тыныс алу мүшелерінің аурулары бар науқастар; 3) 30 және одан жоғары жастағы пневмониямен ауыратын науқастар диагноз қойылған кезде бір рет; 4) стационарлық және үй карантинінен шығар алдында адамдар (жақын және ықтимал байланыстар); 5) респираторлық белгілері бар науқастар; 6) карантин кезеңінде COVID -19- ға зерттелмеген ықтимал байланыстар қатарындағы адамдар; 7) эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша тиісті аумақтың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес жүргізіледі . 6. Экспресс-тестілеу үшін пациенттер тіркеу жүйесіндегі денсаулық жағдайына шағымдарын, сәйкестендіру деректерін көрсете отырып, АЖ-да тіркеу рәсімінен өтеді. 7. ДСҰО АЖ- дан деректерді талдауды және өңдеуді жүргізеді және осы алгоритмнің 5- тармағын ескере отырып, кейіннен материалды алу пункттері бойынша бөліп, тестілеу өткізілетін орны, күні туралы ақпараттандыра отырып, жедел тестілеуге жататын адамдардың тізімін қалыптастырады. 8. Экспресс-тестілеуден өту үшін биоматериалды алу пункттері: 1) арнайы бөлінген және жабдықталған автомобильдер; 2) емшара кабинеттеріндегі тек осы зерттеуді орындайтын арнайы бөлінген және жабдықталған пункттер; 3) үйде тестілеуді өткізу үшін мобильді бригадалар; 9. Медицина персоналына дербес тестілеу жүргізуге жол беріледі. 10. Биоматериалдың сынамасын іріктеуді жеке қорғаныш құралдарын (маскалар, немесе жоғары дәрежелі қорғаныш респираторлары (кемінде 3 қорғау сыныбы немесе FPP3), қолғаптар, қажет болған жағдайда бетті қорғауға арналған экрандар, таза, стерильді емес, ұзын жеңді суға төзімді халат (немесе бір рет қолданылатын костюм суға төзімді немесе комбинезон суға төзімді), жоғары резеңкеленген бахилалар (бұдан әрі - ЖҚҚ) пайдалана отырып, биоматериалды алу пунктінің оқытылған мейіргері жүзеге асырады. 11. Биоматериал сынамасын алуға және тестілеуді өткізуге арналған құрал-саймандар мен материалдар: 1) капиллярлы қанды алуға арналған бір рет қолданылатын стерильді тамшуырды және буферлік ерітіндіні қамтитын экспресс-тест; 2) спиртті майлықтар; 3) бір рет қолдынылатын скарификатор; 4) экспресс-тестіні таңбалауға арналған жеке штрих-кодтар. 12. Ауысымда биоматериалды бірінші алу алдында ЖҚБ медперсоналы қолғаптардан басқа ЖҚҚ киеді, қолды мұқият жуады,таза қолғап киеді. 13. Медицина қызметкері биоматериал сынамаларын алу алдында қолды мұқият жуады, таза қолғап киеді, қан алу ЖҚҚ-да жүзеге асырылады. 14. Спиртті салфеткамен өңдегеннен кейін және дистальды фаланганы тескеннен кейін 4 саусақты капиллярлы қан үлгісі стерильді бір рет қолданылатын тамшуырдың (жиынтыққа кіретін) көмегімен алынады және экспресс-тест ұяшығына орналастырылады. Содан кейін осы ұяшыққа буферлік ерітіндінің 1 тамшысы қосылады. 15. 15 минуттан кейін оқу, фотофиксация және ЛИС-ке тестілеу нәтижесін енгізу жүргізіледі. 16. Материалды алғаннан кейін және экспресс-тест жүргізілгеннен кейін медперсонал пайдаланылған скарификаторды және тесті «В» класты қалдықтарға арналған ыдысқа салады, қолғапты шешеді, таза қолғап киеді және «вирустық инфекциялар кезінде» ерітіндіні еріту режимімен қоса берілген нұсқаулыққа сәйкес дезинфекциялау режимін сақтай отырып, дайын дезинфекциялық ерітінділермен орындықтың немесе кушетканың бетін өңдейді. 17. Күніне кемінде 2 рет «вирустық инфекциялар кезінде» ерітіндіні еріту режиміндегі нұсқаулыққа сәйкес дезинфекциялау ерітіндісі қолданыла отырып, ТҚҚБ ылғалды жинау (үйге шығудан басқа) және кейіннен үй-жайды кемінде 15 минут желдете отырып, белгіленген тәртіпке сәйкес кварцтау жүргізіледі. 18. Жұмыс аяқталғаннан кейін медперсонал ЖҚҚ шешеді және ЖҚҚ-ны «В» класты қалдықтарға арналған сыйымдылыққа орналастырады. 19. Қорғаныш костюмін шешкеннен кейін медперсонал қолды жылы сумен сабынмен мұқият жуады және антисептикпен өңдейді. 20. Ауысым аяқталғаннан кейін үй-жайды «вирустық инфекциялар кезінде» дезинфекциялық ерітіндіні еріту режимімен күрделі жинау типі бойынша өңдеу және белгіленген тәртіпке сәйкес кварцтау жүргізіледі, кейіннен үй-жайды кемінде 15 минут желдетеді. 21. Биоматериал сынамасын жинау кезінде медицина қызметкерлері мен пациенттердің жұқтырылуының алдын алу үшін: 1) биоматериал сынамасының материалды жинайтын медицина қызметкерінің қолымен тікелей байланысын барынша азайту; 2) стерильді бір рет қолданылатын немесе осы мақсаттар үшін қолдануға рұқсат етілген, «В» класының қалдықтарына арналған сыйымдылыққа әрбір пациенттен кейін кәдеге жаратылатын шығыс материалдарын белгіленген тәртіппен пайдалануға міндетті. 22. Барлық медициналық қалдықтар «В» сыныбы – төтенше эпидемиологиялық қауіпті медициналық қалдықтар ретінде жіктеледі.
3.Нәтижені алу кезіндегі түсіндіру және әрекеттер
IgM оң IgG оң. IgMтеріс IgG оң IgM оң IgG теріс
IgM теріс IgG теріс
23. Зерттеу нәтижесін түсіндіру: 1) оң IgM – антиденелердің болуы, инфекцияның жедел кезеңі 2) оң IgG-антиденелердің болуы, ауырыпсауыққан ауру 3) оң IgM және IgG - жіті сатыдан жұқтырылған инфекция жағдайына ауысу 4) оң C (бақылау) – реакцияның болу индикаторы, теріс нәтиже 5) С (бақылау) теріс– үлгінің жеткіліксіз көлемі немесе тестілеу техникасының бұзылуы. Нәтиже есепке алынбайды. 24. IgM экспресс-тестінің оң нәтижесін алған кезде зерттеу жүргізген маман: 1) тестіленуші адамды ағымдағы COVID-19 күдігі туралы хабардар етеді және қайтадан экспресс-тестілеу өткізеді; 2) IgM қайта оң нәтиже алған кезде медицина қызметкері жедел-тест жүргізген медициналық ұйымның басшысы мен эпидемиолог дәрігеріне науқас үй-жайдан шықпай анықталғаны туралы хабарлайды. Науқасты бір рет қолданылатын маскамен қамтамасыз етеді және оның айналасындағылармен байланысын шектейді, оны жеке кабинетке немесе қауіпсіз орынға ауыстырады; 3) дәрігер-эпидемиолог, ол болмаған жағдайда медициналық ұйымның басшысы оң нәтиже алған сәттен бастап 2 сағат ішінде ҚР ДСМ ТКҚСҚБД аумақтық басқармасын хабардар ету схемасына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген № 90\е нысанына сәйкес шұғыл хабарлама беру арқылы хабардар етеді. 4) COVID-19-ға күдіктіні жатқызуды ұйымдастыру үшін медициналық ұйым басшысының өкімі бойынша жедел медициналық көмек қызметін шақыру– 103 тел. «Коронавирустық инфекцияға күдікті пациент анықталды» нысаны бойынша (симптомдары мен экспресс-тест нәтижесі қысқаша баяндалады) жүзеге асырылады. 5) науқасты тасымалдағаннан кейін үй-жайды күрделі дезинфекция типі бойынша дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып, кіші персоналдың немесе осы үй-жайға қызмет көрсететін персоналдың күшімен дезинфекциялау жүргізіледі. Барлық қызметкерлер ЖҚҚ ауыстыруды жүргізуі тиіс. 25. IgG экспресс-тестінің оң нәтижесін алған кезде: 1) экспресс-тестінің оң нәтижесін алған кезде зертханалық қызметкер тестілеу үшін биоматериал тапсырған тексерілген адамға жұқтырылған инфекцияны көрсететін антиденелердің бар-жоғына күдік бар екендігі туралы хабарлайды; 2) медициналық ұйымның басшысы немесе дәрігер-эпидемиолог, пациенттің бекітілген орны бойынша ТКҚСҚБД -де және медициналық ұйымға зерттеу нәтижесі туралы хабарлайды; 3) медициналық ұйымның учаскелік дәрігері тіркелген жері бойынша балаға үйде оқшаулау қажеттілігі туралы түсіндіреді және 7 күн ішінде бақылауды қамтамасыз етеді; 4) теріс нәтиже алған кезде (IgM және IgG анықталмаған) тексерілген адамға антиденелер шығарылғанға дейін бастапқы симптомдық фазада инфекция мүмкіндігін жоққа шығармайтын, COVID-19 болмауы ықтималдығы жоғары екендігі туралы хабарланады.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 38; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.01 с.) |