Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
COVID-19-бен ауыратын науқастармен байланыста болған адамдарды оқшаулауға арналған карантиндік стационарға қойылатын талаптарПоиск на нашем сайте
1. Объекті оқшауланған үй-жайларда (санаторий, оңалту орталығы, жатақхана, қонақ үй, балалар және спорт лагерлері және т.б.), қажет болған жағдайда ықтимал байланыста болған адамдарды оқшаулау және бақылау үшін арнайы бейімделген үй-жайларда орналастырылуы тиіс. 2. Объект жеке тұрған ғимаратта, қала шегінде және тұрғын үй алабы мен стратегиялық ғимараттардан алшақ орналасады. 3. Ғимараттың түрі – эстетикалық сыртқы түрі қалыпты болуы тиіс, іші – санитариялық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес болуы тиіс, қоршауы, жеке кіреберіс жолдары мен өткізу пункті болуы тиіс. 4. Кіретін/шығатын жерде дезинфекциялық кедергі, аумақта көлікті жуу және дезинфекциялау пункті ұйымдастырылады. 5. Объекті ғимаратының табиғи желдеткіші болуы тиіс. 6. Автомашиналардың кіруі бағытын, ғимарат ішінде маршруттауды, пациенттерді қарсы алуды және палаталарға орналастыруды пысықтау, күн тәртібі мен болу шарттары (ақпараттық парақтың нысаны қоса беріледі) туралы ақпараттандыру қажет. 7. Ғимаратқа кіреберісте үстелдер, орындықтар, кушеткалар, сканерімен компьютерлік ұйымдастыру техникасы бар, міндетті түрде интернет пен телефон байланысы қосылған, КВИ-ға күдікті адамдарды қабылдауға арналған жеке кабинет (холл) болуы тиіс. 8. Палаталар жарықтандырылған, жақсы желдетілетін, жылы, 1-2 пациентке есептелген, жеткілікті жайлы жатын орны бар болуы тиіс, бұл ретте балаларға арналған ұйықтайтын орындар (төсектегі ернеулер), сондай-ақ отбасылық жұптарға арналған жеке палаталар қарастырылуы тиіс. 9. Тиіс: 1) келушілердің заттарын санитариялық өңдеуге арналған жеке бөлме және зарарсыздандырылған заттарды сақтауға арналған жеке бөлменің болуы; 2) консультативтік сипаттағы қоңырауларды қабылдау үшін байланыс құралдарымен жабдықталған Call-орталықтың болуы; 3) санитарлық тораптардың, сондай-ақ ыстық және салқын суы бар себезгі кабиналарының жеткілікті саны юолуы; 4) тарату асүйі бар асхана болуы және тамақтануды палаталарда ұйымдастырылуы; 5) қызметкерлердің – бейінді дәрігерлердің, мейіргерлердің, зертханашалардың, эпидемиологтардың, тіркеушілердің, психологтардың, әлеуметтік қызметкерлердің, кіші медицина персоналының (50-ге дейінгі обервациялық – 1 дәрігер, 1 мейіргер, 2 санитар) қажетті санын айқындауы; 6) медицина қызметкерлерін жиынтығында көзілдірік, N95 үлгідегі респиратор-маскалар бар жеке қорғаныш құралдарымен, дезинфекциялау құралдарымен, жеке гигиена құралдарымен (сабын, қағаз сүлгілер), бір рет қолданылатын маскалармен, төсек-орын жиынтықтарымен, келушілерге арналған ауысымдық іш киімдермен (ерлер, әйелдер, балалар) жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етуі; 7) дәрілік заттар мен ММБ-ның (спирттік қалта антисептиктері, градусниктер және т.б.) қажетті қорымен қамтамасыз етуі; 8) келушілердің сауалнамалық деректерін толтыруға арналған нысандардың болуы; 10. Санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді, гигиенаны, құпиялылықты, этиканы және деонтологияны сақтау бойынша әр қызметкермен нұсқаулық жүргізу. Диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес COVID-19 күдікті адамдарды қадағалау және жүргізу ерекшеліктері бойынша қызметкерлерге нұсқама беруді қамтамасыз ету. 11. Келушілерді тексеруді жүргізуге, олардың санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді сақтауына, смартфондар мен жеке заттарын санитарлық және гигиеналық өңдеуге уақытша алуға келісім беретін ақпараттық парақпен қамтамасыз ету. 12. Келушілердің жеке заттарын және өңдеуін қамтамасыз ету бойынша жауапты қызметкерді анықтау. 13. Келушілерді емдеуге жатқызу кезінде тұрғылықты жері бойынша одан әрі амбулаториялық бақылау үшін БХТ бойынша сәйкестендірілуі қажет.
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы ___________ ___ қаулысына 7-қосымша
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 35; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.006 с.) |