I. ПТР әдісімен тестілеу 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

I. ПТР әдісімен тестілеу

I. ПТР әдісімен тестілеу

1.ПТР әдісімен тестілеуге жатады:

1) COVID-19 күдігі бар адамдар;

2) жақын байланыстар, симптомдар болмаған кезде байланыста болған соң үшінші күні;

3) 1а, 1б санаттағы елдерден келген, карантиндік стационарға орналастырылған адамдар;

4) респираторлық белгілері бар медицина қызметкерлері;

5) пневмониямен емдеуге жатқызылған науқастар;

6) COVID -19 жұқтыру қаупі жоғары медицина қызметкерлері, медицина қызметкерлері (карантиндік объектілер, инфекциялық стационарлар).

 

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2020 жылғы ___________

  ___ қаулысына 8-қосымша

COVID-19-ға эпидемиялық тәуекелі бар адамдарды үйде оқшаулау

(үй карантині) қағидалары

 

Негізгі талаптар

Үй карантині 1б санатындағы елден шыққан күннен бастап немесе COVID-19 ықтимал немесе расталған жағдайымен соңғы жақын байланыста болған сәттен бастап 14 күнге созылады.

Үй карантинінің мақсаты – аурудың ықтимал көзінен COVID-19-ды ықтимал жұқтырудың алдын алу және осылайша Қазақстанның аумағында коронавирустың таралуын болдырмау.

 

Үй карантинін ұйымдастыру үшін тұру жағдайларына қойылатын талаптар:

Үй карантині мынадай талаптар/жағдайлар сақталған кезде болуы мүмкін:

1. Байланыста болған адам(дар) басқа отбасы мүшелерінен (көршілерден) оқшаулана алатын, (жеке дәретханасы бар жеке бөлме) жеке пәтер бар.

2. Байланыста болған адам және отбасының/үй шаруашылығының басқа мүшелері жеке қорғаныш құралдарына (маскалар, қолғаптар) қол жеткізе алады және сақтық шараларын (қолды сабынмен жиі жуу, ылғалды жинау жүргізу, үй-жайды желдету) сақтауға қабілетті.

3. Үй шаруашылығында COVID-19 инфекциясынан кейін асқыну қаупі жоғары (65 жастан асқан адамдар, 5 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер, иммунитеті әлсіз немесе жүректің, өкпенің немесе бүйректің созылмалы аурулары бар адамдар) адамдар жоқ.

4. Стационарлық телефонға немесе мобильді байланысқа қолжетімділік бар.

5. Үй карантинін сақтау жағдайларын міндетті орындау туралы қол қойылған қолхаттың болуы.

6. Міндеттемені алуды келісу кезінде адам оны сақтау туралы қолхатқа өзінің қолымен растайды.   

7. Көрсетілген талаптарды сақтау мүмкін болмаған жағдайда карантин карантиндік стационарда жүзеге асырылады.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 33; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.009 с.)