Ақпарат берген адам туралы ақпарат (егер ол пациент болмаса) 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Ақпарат берген адам туралы ақпарат (егер ол пациент болмаса)

Ақпарат берген адам туралы ақпарат (егер ол пациент болмаса)

1. Тегі ___________ Аты ____________ Әкесінің аты (бар болса) ____________

2. Туған күні (күні/айы/жылы)_______/__________/_______

3. Жынысы: 1- ер, 2- әйел

4. Жеке сәйкестендіру нөмірі _______________________________

5. Тұрғылықты жері (мекенжайы) ________________________________________________

6. Жұмыс орны, лауазымы ________________________________________________

7. Пациентке кім болады _________________________________________________

8. Ұялы телефон ________________


Қазақстан Республикасының

                                              Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

 2020 жылғы ___________

                                                              ___ қаулысына 3-қосымша

 

COVID-19 таралуының алдын алу мақсатында профилактикалық дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу жөніндегі нұсқаулық

     1. Дезинфекция (ошақтық дезинфекция) СОVID-19 ошақтарында ҰСО-ның филиалдарымен жүргізіледі. Профилактикалық дезинфекцияны дезинфекциялық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар оқытылған персоналы және қажетті жабдықтары болған кезде жеке қорғаныш құралдарын қолдана отырып жүргізеді.

2. Дезинфекциялау жүргізу үшін белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында тіркелген және қолдануға рұқсат етілген және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізіліміне енгізілген құралдар қолданылады.

3. Дезинфекциялау үшін вирусқа қарсы тиімділігі бар құралдар қолданылады.

4. Дезинфекциялау құралдары вирусты инфекциялар кезінде дезинфекциялау режимі көрсетілген оларға қоса берілген нұсқаулықтар қатаң сақталған кезде қолданылады.

5. Көшелерді, тротуарларды және жер учаскелерін дезинфекциялауды дезинфекциялау құралдарын себу және бүрку (себу/бүрку/ шашу/ аэрозилдеу) әдістерімен дезинфекциялау жүргізу үшін қуаттылығы үлкен және аз механикаландырылған дезинфекциялау жабдығы қолданыла отырып жүргізіледі.

6. Дезинфекциялау құралдарының жұмыс ерітінділерін дайындау сору шкафында немесе сору шатырының астында арнайы бөлінген орында жүзеге асырылады. Дезинфекциялау құралдары өнім берушінің ыдысында (қаптамасында) заттың атауы, оның мақсаты, заттаңбадағы жарамдылық мерзімі көрсетіле отырып сақталады. Ыдыс заттаңбасы дезинфекциялау құралын сақтаудың (пайдаланудың) барлық кезеңі ішінде сақталады.

7.  Дезинфекциялау құралдарын бөгде адамдарға беруге және оларды қараусыз қалдыруға жол берілмейді.

8. Дезинфекциялау құралдары мамандандырылған автокөлік құралдарымен немесе басқа да қауіпті жүктерді тасымалдауға бейімделген көлік құралдарымен тасымалданады.

9. Дезинфекцияны (өңдеуді) мынадай:

 * тері жамылғысының (қорғаныш халат, қолғап);

* тыныс алу ағзаларының («В» маркалы патроны бар РПГ-67 немесе РУ-60М типті әмбебап респираторлар»);

* көздің (герметикалық қорғаныш көзілдірік);

* аяқтың (бір рет қолданылатын құралдар немесе резеңке етіктер) жеке қорғаныш құралдарын пайдалана отырып жүргізу қажет.

10. Дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істеуге денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсеткіштері жоқ кәмелетке толған адамдар жіберіледі. Дезинфекциялау құралдарымен (дезинструктор, дезинфектор) жұмыс істеуге тартылатын мамандардың дезинфекциялау бойынша дарлығы және жұмысты қауіпсіз жүзеге асыру мәселелері бойынша нұсқамасы болуы тиіс.

 

 

                                                                        

 

                                                                    

 

 

                                                     Қазақстан Республикасының

                                              Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

 2020 жылғы ___________

                                                              ___ қаулысына 4-қосымша

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 35; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.009 с.)