Коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуының алдын алу жағдайына блокпостттардың қызметінің алгоритмі 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуының алдын алу жағдайына блокпостттардың қызметінің алгоритмі

1. Блокпосттар карантин аймағына кіру және шығу пункттерінде орнатылады.

2. Тартылған ведомстволардың басшылары блокпост қызметкерлерін жеке қорғаныш құралдарымен (маскалар, қолғаптар) және антисептиктермен қамтамасыз етуі тиіс;

3. Тартылған ведомстволардың басшылары жұмыс кестесін бекітеді және блокпосттың қызметкерлері үшін ыстық тамақтануды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

4. Блокпост қызметкерлері жеке қауіпсіздік шараларын сақтауға міндетті.

5. Сұрастыру кезінде сұралатын адам мен блокпост қызметкерінің арасындағы қашықтықты кемінде 1 метр сақтауды қамтамасыз ету қажет.

6. СОVID-19-ке күдікті (респираторлық белгілердің болуы (жөтел, температура (сұралушының сөзінен), демікпе), сондай-ақ эпидемиологиялық анамнезінде СОVID-19 расталған жағдаймен байланысының болуы немесе 1а, 1б санаттағы елдерге бару) немесе соңғы келген сәттен бастап 14 күннен аз уақыт өткен адамдар анықталған кезде 2-қосымшаға сәйкес103 телефоны бойынша жедел жәрдем шақыру қажет.

7. СОVID-19 симптоматикасы жоқққа шығарылмайтын адам анықталған жағдайда санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің маманы  карантиндік стационарға тасымалдау үшін жедел медициналық көмек шақырады.

8. Жедел жәрдем машинасы келгенге дейін науқасқа медициналық маска беру және 1 метрден кем емес қашықтықты сақтау қажет.

9. Карантин аймағына кіру жергілікті атқарушы органдар берген арнайы рұқсаттама бойынша жүзеге асырылады.

10. Автокөлік құралдарының жүргізушілері қозғалысты маршруттық параққа сәйкес жүзеге асыруға міндетті.

11. Блокпосттарда санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары бір рет қолданылатын маскаларды, қолғаптар мен халаттарды пайдаланады. Маскаларды ауыстыру әрбір 2 сағат сайын жүзеге асырылады.

 

 

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2020 жылғы ___________

___ қаулысына 5-қосымша

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 32; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.008 с.)