ІІ. Байланыста болған адамдарды тасымалдау тәртібі 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

ІІ. Байланыста болған адамдарды тасымалдау тәртібі

COVID-19 жұқтыру тәуекелі жоғары болған адамдар үшін карантин түрін тағайындау және байланыста болған адамдарды тасымалдау тәртібі

 

І. COVID-19 жұқтыру тәуекелі жоғары болған адамдар үшін карантин түрін тағайындау тәртібі

COVID-19 короновирустық инфекциясын жұқтыру тәуекелі жоғары болған адамдар тәуекел дәрежесіне байланысты жақын және ықтимал байланыс болып бөлінеді. COVID-19 расталған жағдайының жақын байланысы:

- COVID-19 жағдайымен бір тұрғын үйде бірге тұратын адам;

- COVID-19 жағдайымен тікелей дене байланысы болған адам (мысалы, жөтелу, қол алысу және т.б.);

- COVID-19 жағдайымен 15 минуттан артық және одан да астам уақыт жабық үй-жайда бірге болған адам (мысалы, сынып, кеңес өткізуге арналған бөлме, ауруханадағы күту бөлмесі және т.б.);

- COVID-19 жағдайына тікелей күтімді қамтамасыз ететін медицина қызметкері немесе басқа да адам немесе ұсынылған ЖҚҚ-сыз не ЖҚҚ-ны қолдануды бұзу мүмкіндігімен COVID-19 жағдайының биоүлгілерімен жұмыс істеген зертхана мамандары;

- ұшақта, қалааралық қатынастағы автобуста, поезда, COVID-19 жағдайынан кез келген бағытта екі орындық арақашықтықта не бір купеде (поезда) болған байланыста болған адам, сондай-ақ COVID-19 жағдайы ұшқан ұшақта секцияға қызмет көрсеткен экипаж мүшелері айқындалады.

Эпидемиологиялық байланыстың болуы COVID-19 жағдайы ауруы (симптомдарының пайда болуы немесе) басталғанға дейін 7 күн бойы қаралады.

Ықтимал байланыс:

- бұл 1а немесе 1б санатына жатқызылған елдерден/аумақтардан келген адам;

- ұшақта, поезда, автобуста COVID-19 жағдайымен бірге болған, бірақ онымен жақын байланыста болмаған адамдар.

Жақын және ықтимал байланыста болған адамдар карантинге жатқызылады:

1. COVID-19 жағдайымен жақын байланыста болған адамдар бір тұрғын үйде бірге тұратын бір отбасының мүшелерін қоспағанда, карантиндік стационарға (изолятор) орналастырылады.

2. Бір отбасы мүшелері болып табылатын COVID-19 жағдайының жақын байланыста болған бірге тұратын адамдары үйдегі карантинде болады.

3. 1а санатындағы елдерден келген ықтимал байланыста болған адамдар карантиндік стационарға (изоляторға) орналастырылады.

4. 1бсанатындағы елдерден келген ықтимал байланыста болған адамдар үйдегі карантинде болады.

5. Халықаралық қатынастағы ұшақта, поезда, автобуста COVID-19 жағдайымен бірге ықтимал байланыста болған, бірақ олармен жақын байланыста болмаған адамдар үйдегі карантинде болады. 

6. Байланыс түрі (жақын, ықтимал) көрсетілген байланыста болған адамдардың тізімін осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жауапты тұлға бұлтқа орналастырылады.

        

 

1. Клиникалық белгілері бар ықтимал байланыста болған адамдар провизорлық стационарға (бөлімшеге) жедел медициналық жәрдем машинасымен жіберіледі.

2. Ықтимал байланыста болған адамдар тұрғылықты, орналасқан жері бойынша өзін-өзі оқшаулауға жағдай болмаған жағдайда карантиндік стационарға тасымалдануы тиіс.

3. Байланыста болған адамдарды оқшаулауға арналған карантиндік стационарға қойылатын ең аз талаптар осы қаулыға 2-қосымшада белгіленген.

4. Байланыста болған адамдарды карантинге тасымалдау арнайы көлікпен (автобус, шағын автобус), мүмкіндігінше жүргізуші кабинасын салоннан оқшаулай отырып, жүзеге асырылады, бүріккішпен, дезинфекциялауға арналған мүкәммалмен және құралдармен, байланыста болған адамдар үшін қорғаныш маскаларының қорымен, медициналық қалдықтарды жинауға арналған бір рет қолданылатын құралдармен жабдықталады.

5. Медицина қызметкерлері, арнайы көлік құралының жүргізушісі жиынтығында көзілдірік, N95 үлгідегі респиратор-маскалар бар жеке қорғаныш құралдарымен (ЖҚҚ) жұмыс істейді, жеке антисептиктермен қамтамасыз етіледі.

6. Байланыста болған адамдарды тасымалдау жеке қорғаныш құралдарымен эпидемияға қарсы режимді сақтай отырып жүзеге асырылады.

7. Карантиндік стационарларда арнайы көлік құралдары әр тасымалдағанға дейін және одан кейін жуылуы және дезинфекциялануы тиіс, қызметкерлердің қорғаныш және жұмыс киімдері тасымалдау аяқталғаннан кейін вирустық режим бойынша дезинфекцияланады.

8. Медициналық ұйымдарда дезинфекциялауды олардың персоналы жүргізеді. Сондай-ақ науқасты қарап-тексеру жүргізген персоналдың киімі және медициналық құрал-саймандар зарарсыздандырылуы тиіс. 

9. Карантиндік стационарды байланыста болған адамдардың, келушілердің, көліктің кіруін/шығуын, заттардың, өнімдердің және т.б. әкелінуін/шығарылуын қатаң бақылау үшін полиция жасақтары тәулік бойы күзетуді қамтамасыз етеді. Полиция жасақтары жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етіледі және жұмыс істейді.

 

 

Қазақстан Республикасының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2020 жылғы ___________

___ қаулысына 6-қосымша



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 32; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.008 с.)