Науқастың бойын өлшеу
20.2 Науқастың бойын өлшеу
Мақсаты: науқастың физикалық дамуын бақылау.
Қолдану көрсетілімдері:науқасты алғашқы рет қарау, динамикалық бақылау, науқасты ауруханаға қабылдау.
Дайындаңыз:бой өлшегішті, таза зарарсыздандырылған 30х30см клеенканы, клеенканы сүртетін шүберекті, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.
2. Бой өлшегіштің алаңына клеенканы төсеңіз.
3. Бой өлшегіштің жанында тұрыңыз және қозғамалы планканы науқастың болжамалы бойынан жоғары деңгейге көтеріңіз.
4. Науқастан бой өлшегіш алаңына тік планкаға арқасымен тұруын, өкшесін, бөксесін, жауырының, желкесін тигізуін өтініңіз.
5. Бой өлшегіштің жылжымалы планкасын науқастың төбесіне дейін түсіріңіз.
6. Науқастан бой өлшегіштің алаңынан түсуін өтініңіз.
7. Бой өлшегіштің шкаласы бойынша жылжымалы планканың төмен жағынан науқастың бойын анықтаңыз.
8. Науқасқа өлшеудің нәтижесі туралы айтыңыз.
9. Өлшеуден алынған мәліметтерді белгілеңіз.
10. Бой өлшегішті және клеенканы зарарсындандыру ерітіндісінде 2 рет ылғалдатылған шүберекпен арасында 15 минут өткізіп сүртіңіз.
11. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
12. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту: бой өлшеу аяқ және бас киімдерін шешкеннен соң жасалатынын науқасқа түсіндіріңіз.
21.НАУҚАСТЫ ТАСЫМАЛДАУ
Науқастың хал-жағдайына байланысты қабылдау бөлімшесіне мамандандырылған бөлімшеге зембілмен немесе каталкамен, отырғыш- каталкамен, қолмен, жаяу тасымалдау әдісін дәрігер анықтайды.
Халі ауыр жағдайдағы науқасты каталкамен (қол арбамен)
тасымалдау
Іс-әрекет алгоритмі:
- Каталканы кушеткаға перпендикулярлы (тік) қояды, оның бас жағы кушетканың аяқ жағында болу керек
- Үш адам науқастың жанында бір қыр жағынан тұрады; біреуі науқастың басы және жауырын астына, екінші- жамбас және санның жоғарғы бөлігі астынан, үшіншісі- санның ортаңғы бөлігі және балтыр астынан қолын жақындатып ұстайды.
- Науқасты көтеріп, онымен бірге каталка жаққа 900 С бұрылады.
- Науқасты каталкаға жатқызады және оны жабады.
- Халі ауыр жағдайдағы науқас бөлімшеге жіберілді деп хабар береді.
- Бөлімшеге науқаспен бірге медициналық картасын жібереді.
|