Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Стандарт «ЭКГ жүргізу техникасы»Содержание книги
Поиск на нашем сайте 5.Стандарт «ЭКГ жүргізу техникасы» 1. Науқас беліне дейін шешініп, тобығын киімінен босатады. 2.Науқасты арқасымен кушеткаға жатқызамыз. 3.Кеуде қуысының жүрек аймағын және тобықтың төменгі үшінші бөлігін ылғалдатқыш гельмен сүртеміз. 4.Ылғалданған теріге электродтың метал пластинкаларын қысқыштар көмегімен орналастырамыз. 5.Электродтарды метал пластинкаларын мына ретпен орналастырамыз: · Оң қолға-қызыл электрод · Сол қолға-сары электрод · Сол аяққа-жасыл электрод · Оң аяққа- қара электрод 6. Кеуде қуысының электрод орналастырылатын жерлерін ылғалдатқыш гельмен сүртеміз. 7. Электродтарды нөмірленген резеңке алмұрт тәріздес сорғышпен науқастың кеуде қуысының 6 аймағына қоямыз: · Төстің оң шетіне ІV қабырға аралығына · Төстің сол шетіне ІV қабырға аралығына · Сол төс жаны сызығы бойымен ІV және V қабырға аралығына · V қабырға аралығына сол ортаңғы бұғана сызығы бойымен · V қабырға аралығына сол алдыңғы қолтық асты сызығы бойымен · V қабырға аралығына сол ортаңғы қолтық асты сызығы бойымен 8. ЭКГ аппаратын қосып, «бастау» пернесін басып, ЭКГ жазбасын жүргізу (әр тіркеуде кем дегенде 3 жүрек комплексі болуы тиіс). 9.12 тіркеу жүргізілгеннен соң ,ЭКГ аппаратын өшіру. Электродтарды науқастан шешу. 10.ЭКГ лентасына науқастың аты-жөнін, жасын, тіркеу күнін жазу.
6. Асқазанды зонд арқылы жуу, көрсеткіштері, қарсы көрсеткіштері. Мақсаты:диагностикалық, емдік, өңеш арқылы асқазан ішіндегі затты шығару. Қолдану көрсетілімдері: сапасы төмен тамақпен, дәрі-дәрмектермен, ішкілікпен, саңырауқұлақпен, иісті газбен уланғанда. Қарсы көрсетілімдері:асқазан-ішек жолдарынан қан кету; ауыз қуысы, жұтқыншақтың, өңештің, асқазанның қабыну аурулары; асқазан және өңеш күйігі, инфаркт миокардасы, ми қан айналысының бұзылуы, бронхиалды астма, өңештің тарылуы. Дайындаңыз:залалсыздандырылған: жуан асқазан сүңгісін және резеңке түтікті (ұзындығы 70 см), сүңгілерді жалғастыратын шыны түтікті, сыйымдылығы 0,5-1 л дейінгі шыны құйғыны, лотоктарды, шылапшынды, бөлме те мпературасындағы 10-12 л шелектегі таза суды (t-20-220С), резеңке қолғапты 2 клеенкалы алжапқышты, сыйымдылығы 1 л дейінгі құмыраны немесе крушканы, дәке салфеткаларын, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, құрғақ хлорлы әкті, сүлгіні немесе ақ жайманы, зерттеуге жіберетін бланк жолдамасын, қақпағы бар таза құрғақ банканы. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, оның рұқсатын алыңыз. 2. Науқасқа және өзіңізге клеенкалы алжапқышты байлаңыз. 3. Науқасты орындыққа арқасын орындықтың арқалығына тығыз тигізіп басын аз ғана алдына қарай еңкейтіп отырғызыңыз. 4. Алмалы-салмалы тіс протезін алыңыз (егер де олар болса). 5. Науқастың қолын орындықтың арқалығына кіргізіп, осы қалыпта сүлгімен немесе ақ жаймамен байлаңыз. 6. Науқастың тізелерін ажыратып, екі аяғының ортасына жуынды суға арналған шылапшынды немесе шелекті қойыңыз. 7. Науқастың артынан немесе оң жағынан тұрып, басты сәл артқа қарай бұрыңыз. 8. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартып, қолғапты киіңіз. 9. Қолыңызға залалсыздандырылған жуан асқазан сүңгісін алып, оның аралығын өлшеңіз: бірінші белгі – науқастың төменгі күрек тісінен (саңылаусыз ұшымен) кіндікке дейін және екінші белгі – оған науқастың бір алақанының жалпағын (4 саусақтың жалпағы) қосыңыз. 10. Шыны түтік арқылы сүңгілерді жалғастырыңыз. 11. Науқасқа сүңгіні енгізген уақытта оны тіспен қысуға, жұлып алуға болмайды, тек мұрынмен демалып, жұту қозғалысын жасауды түсіндіріңіз. 12. Сүңгінің саңылаусыз ұшын жылы сумен сулаңыз. 13. Науқастан аузын ашуды сұраңыз. Сүңгінің саңылаусыз ұшынан 10 см аралықтан, оң қолыңызбен ұстап оның ұшын тілдің түбіріне салыңыз. 14. Науқасты жұтыну қимылын жасауын сұрап, мұрын арқылы терең дем ал деп, ақырындап сүңгіні өңешке енгізіңіз. 15. Қажет белгіге дейін сүңгіні асқазанға енгізіп, сүңгіге құйғыны жалғастырып, оны науқастың тізе деңгейіне дейін аз ғана еңкейтіп түсіріңіз, асқазандағы зат ағу керек. 16. Құйғыға 1 л суды құйыңыз, оны құйғының шетіне дейін толтырыңыз. 17. Құйғыны ақырын көтеріңіз, су тек қана құйғыштың түбіне жеткенде, ол асқазан затымен толмағанша науқастың тізе деңгейінен төмен түсіріңіз. 18. Құйғының ішіндегі нәрсені (құсықты) шылапшынға құйыңыз. 19. Асқазанды жууды бірнеше рет таза жуынды су шыққанша қайталаңыз. 20. Салфетка көмегімен асқазаннан сүңгіні ептеп шығарыңыз. 21. Клеенкалы алжапқышты шешіңіз. 22. Сүңгіні, резеңке түтікті құйғыны зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз. 23. Науқастың аузын сумен шайғызып, ауыз айналасын салфеткамен сүртіңіз. 24. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, құрғатыңыз. Салфеткаларды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. 25. Науқасты палатаға апарып, жатуына көмектесіңіз. 26. Науқасты физикалық және психикалық тыныштықпен қамтамасыз етіңіз. 27. Жолдаманы толтырып, жуынды судың бірінші үлесін (200 мл маңында) бактериологиялық лабораторияға зерттеуге жіберіңіз. 28. Жуынды суға зарарсыздандыруды жүргізіңіз. Ескерту: - сүңгіні енгізгенде оның асқазанға ерікті өтуіне бақылау жүргізу қажет; - егер де жуынды суда қан көрінсе, онда емшараны тоқтатып, дәрігерді шақырыңыз; - шылапшындағы жуынды судың мөлшері құйғы арқылы енгізген сұйықтықтың көлемімен сәйкес болуы керек; - егер де науқас құсқысы келсе, онда сүңгіні енгізуді тоқтатады, одан бірнеше рет терең мұрынмен дем алуын сұраңыз, сосын енгізуді жалғастырыңыз; сүңгіні енгізгенде науқаста жөтел болса, тыныс алу қиындаса, беті көгеру пайда болса (сүңгі көмекейге немесе кеңірдекке түскен), онда сүңгіні кері тез шығарып алыңыз және қайтадан оны енгізіңіз.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 68; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.156 (0.006 с.) |