Несепті  Нечипоренко әдісімен талдауға жинау 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Несепті  Нечипоренко әдісімен талдауға жинау

Поиск

Мақсаты:диагностикалық: жасушалық элементтердің санын анықтау (эритроциттер, лейкоциттер, цилиндрлер).

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша (бүйрек ауруларында).

Дайындаңыз:қақпағы бар бір рет қолданылатынконтейнерді, жолдаманы контейнердің сыртқы бетіне жазып, желімдеп жапсырыңыз (бөлімше, палата №, науқастың аты- жөні, зерттеу мақсаты, айы-күні, мейірбикенің қолы), қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Зәрді зерттеуге жинау тәртібі туралы науқасқа нұсқау жүргізіңіз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

3. Науқастың сыртқы жыныс мүшесін жуыңыз (стандартты қараңыз).

4. Науқас зәрдің бірінші ағымы үлесін унитазға «1, 2» есебінде бөліп шығаруы тиіс және зәр шығаруды ұстап тұруы қажет.

5. Даярланған контейнерге 50 мл мөлшеріндей зәрдің ортаңғы бөлігі ағымы үлесін жинаңыз.

6. Жолдаманы толтырыңыз. Бөлімін, палатасының нөмерін, науқастың аты-жөнін, зерттеу мақсатын, зәрді алған күнін, мейірбикенің қолын көрсетіңіз

7. Жиналған зәрді лабораторияға апарыңыз.

8. Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту: тәуліктің кез-келген уақытында зәрге зерттеуді жүргізуге болады.

Нечипоренко тәсілі – бұл лейкоцит, эритроцит және цилиндр мөлшерлерін санап анықтайтын, несеп тұнбасынан  микроскоппен қарағаннан гөрі обьективті әдіс. Бұл әдіс диагностика үшін үлкен мағына береді, белгісіз жасырынды өтетін нефрит және пиелонефрит түрлерін, науқастарға динамикалық бақылау және жүргізілген емнің әсерлілігін бағалау.

Пішінді элементтердің қалыпты көрсетілімдері:

- лейкоциттер – 1 мл-де 4000-ға дейін;

- эритроциттер – 1 мл-де 1000-ға дейін;

- цилиндрлер – жоқ.

19. Несепті Зимницкий әдісімен талдауға жинау.

Мақсаты:диагностикалық: бүйректің несеп бөлу және концентрациялық қызметін зерттеу; тәуліктік (күндізгі және түнгі) диурездерді анықтау.

Қолдану көрсетілімдері:бүйрек аурулары.

Дайындаңыз: қақпағы бар бір рет қолданылатын8контейнерді, жолдаманы жазып әрбір контейнерге желімдеп жапсырыңыз (бөлімше, палатасының №, зерттеу мақсаты, үлестің №, жинау уақыты, айы-күні, мейірбикенің қолы).

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Зәрді зерттеуге жинау тәртібі туралы науқасқа нұсқау жүргізіңіз:

- зерттеуді жүргізу алдында зәр шығаратын препараттарды қабылдау тоқтатылады;

- бір тәулікте 1,5 литрге дейін сұйықтықты қолдануды науқас шектейді, өйткені диурездің көбейуін және зәрдің салыстырмалы тығыздығының біршама төмендеуін болдырмауын;

- зәр жинау кезінде бір тәулікте ішілген сұйықтық есепке алынады.

2. Таңертең сағат 6-да науқас қуығындағы зәрді унитазға босатуы керек.

3. Жеке нөмірленген контейнерлерге әрбір 3 сағат сайын зәрді жинаңыз.

№1 үлес – сағат 6-дан 9-ға дейін,

№2 үлес – сағат 9-дан 12-ге дейін,

№3 үлес – сағат 12-ден 15-ке дейін,

№4 үлес – сағат 15-тен 18-ге дейін,

№5 үлес – сағат 18-ден 21-ге дейін,

№6 үлес – сағат 21-ден 24-ке дейін,

№7 үлес – сағат 0-ден 3-ке дейін,

№8 үлес – сағат 3-тен 6-ға дейін.

4. 24 сағаттан таңертеңгі 6-ға дейінгі кезеңде зәрді жинау үшін мейірбике науқасты оятып отыруы керек.

5. Келесі күні таңертең зәрдің барлық 8 үлесті лабораторияға апарыңыз.

Ескерту:

- Егер де дайындалған контейнерге зәр сыймаса, онда қосымша ыдысқа жинап, оның сыртындағы этикеткаға белгіленеді «қосымша зәр үлес №»;

- үлестің біреуінде зәр болмаса анализге бос контейнер жіберіледі.

Зимницкий тәсілі – бұл бүйрек қызметінің функционалды байқауы, мөлшерін анықтауға және зәрдің салыстырмалы тығыздығын 3 сағат аралығындағы 8 үлесті бір тәулік бойы аныктауға негізделген. Бұл байқау бүйректің концентрациялық қызметін анықтайды және оны клиникалық жағдайда бүйрек ауруларымен азап шеккен адамдарға кеңінен қолданылады.

Әрбір үлестің меншікті салмағын анықтау, меншікті салмағының мөлшер тербелуін және алынған бір үлестегі зәрдің меншікті салмағының ең үлкен мөлшері.

Зәрдің жеке үлесінің мөлшерін салыстырып отыра және әрбір зәрдің жеке үлесінің мөлшерін, арақатынасын анықтайды.

Қалыптағы бүйрек кызметіне тән:

- Тәуліктік диурез шамамен 1,5 л болады.

- Барлық 1 тәулікте ішкен сүйықтықтың 60-80% зәрмен бөлінеді.

- Күндізгі диурез түнгі диурезден едәуір артық болуы.

- Бір үлестікке меншікті салмағы 1,020-1,025 төмен болмауы.

- Зәр мөлшері жеке үлесінде және меншікті салмағында бір тәулік ішінде едәуір өзгереді.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 73; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.156 (0.006 с.)