Стандарт «Бауырға пальпация жасау техникасы»
15 Стандарт «Бауырға пальпация жасау техникасы»
1.Науқасты белге дейін шешіндіріп арқасымен жатқызып, сонымен қатар аяқты кішкене тізе және жамбас буынында бүгіп , қолды көкірек қуысының үстіне қою.
2.Сол қолды оң қабырға доғасы аймағына қойып басу: төрт саусақты оң бел аймағына,ал бас бармақты оң қабырға доғасының алдында орналастыру.
3.Оң алақанды саусақтарды кішкене бүгіп алдыңғы құрсақ қабырғасына ортаңғы бұғана сызығынан төмен оң қабырға доғасының тұсына, бауырдың төменгі шетіне перпендикуляр тығыз орналастыру.
4.Тері қабатын жиырып, теріні төмен қарай сипалап жылжыту.
5.Дем шығару кезеңінде қолды жайлап құрсақ қуысына енгізу.
6.Науқасқа терең дем алуын сұранып, осы уақытта бауыр шетімен төмен терең енгізіп және саусақ ұшатарымен бауыр астынан сипалап шығады.
7.Осы тәсілді бірнеше рет қайталап, осы мезетте қолқимылсыз бір орнында тұрады. Өзгермеген бауырдың шеті терең дем алғанда қабырға доғасынан 1-2 см төмен сипаланады, шеті жұмсақ үшкір, ауырсынбайды .
Стандарт «Бауырға перкуссия жасау техникасы»
Стандарт «Бауырдың абсолюттік тұйықтығының жоғары шекарасын анықтау»
1.Науқасты беліне дейін шешіндіру науқасқа ыңғайлы жағдай жасау, тұрғызу немесе арқасымен жатқызу.
2.Плессиметр саусағын ІІ-ІІІ-ші қабырға арасына оң төс сүйегі сызығы бойымен орналастырып және жоғарыдан төмен, ашық өкпе дыбысы (перкуторлы) тұйықталғанға дейін( бауыр тұйықтығы) баяу перкуссия жасау.
3.Табылған шекараны плессиметр саусағының жоғары шетімен теріге белгілеу.
4.Осындай тәсілмен оң ортаңғы бұғана сызығымен және оң алдыңғы қолтық асты сызық бойынша перкуссия жүргізу.
Қалыпты жағдайда бауырдың абсолюттік тұйықтығының жоғарығы шекарасының орналасауы:
· Оң төс жаны сызығы- VI қабырғаның жоғарғы шеті
· Оң ортаңғы бұғана сызығы- VI қабырға
· Оң алдыңғы қолтық асты сызығы-VII қабырға
|