Стандарт «Бауыр абсолюттік тұйықтығының төменгі шекарасын анықтау »
2.16.2.Стандарт «Бауыр абсолюттік тұйықтығының төменгі шекарасын анықтау »
1. Науқасты беліне дейін шешіндіру науқасқа ыңғайлы жағдай жасау, тұрғызу немесе арқасымен жатқызу.
2.Плессиметр саусағын алдыңғы құрсақ қуысының кіндік деңгейіне немесе алдыңғы оң қолтықасты сызығы бойымен горизонтальды орналастырып, тимпаникалық дыбыстың абсолютті тұйықталғанға дейін жоғары қарай қаққылаймыз
3.Табылған шекараны плессиметр саусағының төменгі шетінен теріге белгілейміз.
4.Осындай тәсілмен перкуссияны оң ортаңғы бұғана сызығы ,төс жаны сызығы , алдыңғы қолтық сызықтары бойымен перкуссия жүргізуді жалғастырамыз.
Қалыпты жағдайда бауыр абсолюттік тұйықтығының төменгі шекарасы орналасады:
· Оң алдыңғы қолтық асты сызығы- Х қабырға тұсы
· Оң ортағы бұғана сызығы- оң қабырға доғасының төменгі шетіне
· Оң төс жаны сызығы- оң қабырға доғасынан 2 см төмен
· Алдыңғы ортаңғы сызық- төстің сессер тәрізді өсіндісінен 3-6 см төмен
.Стандарт «Бауыр абсолюттік тұйықтығының сол шекарасын анықтау »
1. Науқасты беліне дейін шешіндіру науқасқа ыңғайлы жағдай жасау, тұрғызу немесе арқасымен жатқызу.
2.Плессиметр саусағын сол қабырға доғасының шетіне перпендикуляр VІІІ-ІХ қабырға доғасының тұсына қоямыз.
3. Оң қабырға доғасының шетімен тимпаникалық дыбыс тұйық дыбыс пайда болғанға дейін қаққылаймыз.
Стандарт «Көкбауырға пальпация жүргізу техникасы »
1.Науқасты оң бүйірімен жатқызамыз, басы кеуде қуысына қарай еңкейтілген,сол қолы шынтақ буынында бүгіліп, ал оң қолы кеуде қуысының беткейінде еркін жатады, оң аяғы созылған, ал сол аяғы жамбас және тізе буынында бүгілген.
2.Сол қолды науқастың сол кеуде қуысының қолтық асты сызық бойыменен VІІ-Х қабырға аралық тұсына қойып, қысыңқырап орналастырып және демалу қимылын шектейміз.
3.Оң қолдың саусақ ұштарын құрсақ қуысының алдыңғы бүйір бетіне, Х қабырға доғасына және Х қабырғаның төс сүйегіне біріккен жеріне бүгіп орналастырады.
4.Содан соң науқас дем шығару кезеңінде оң қолымен құрсақ қуысын жайлап басады(қалталануы тиіс).
5.Науқастың терең демалу кезеңінде ақырын жайлап сипалап шығып кетеді.
Қалыпты жағдайда көкбауыр сипаланбайды.
|