Стандарт «Кеуде қуысының серпімділігін анықтау»
№9 Стандарт «Кеуде қуысының серпімділігін анықтау»
- кеуде қуысының алдыңғы артқы және бүйір бағытында қысу арқылы жүргізіледі.
1.Науқасты беліне дейін шешінуді өтінеміз
2.Бір қолдың алақанын кеудеге , ал екінші қолдың алақанын екі жауырын ортасына қоямыз.
3.Қысу алақанның негізінде қажырлы және серпімді қысу арқылы жүргізіледі (1-2 рет)
4.Содан кейін, алақанды кеуде қуысының шетінің симметриялы аймақтарына,қабырғаға паралель орналастырып және бүйірден қысу жүргізіледі (дені сау адамның кеуде қуысы қысқан кезде серпімді және созылымды).
№10 Стандарт «Эпигастральді бұрыштың енін анықтау»
1.Науқасты беліне дейін шешінуді өтіну.
2.Үлкен саусақтың алақан жағын қабырға доғасына орналастырады ,ал саусақтың ұшын семсер өсіндісіне қарай орналастыру.
3.Эпигастральді бұрышы болуы мүмкін:
· нормостеникалық-90 градус
· гиперстеникалық- 90 градустан көп
· астеникалық-90 градустан аз
№11. Стандарт «Дауыс дірілін анықтау»
Кеуде қуысының беткейіндегі дауыс дірілінің күшін анықтау.
1.Науқасты беліне дейін шешінуді өтінеміз
2.Екі қол алақандарын кеуде қуысының симметриялы аймақтарына қоямыз: бұғана үсті аймағы,бұғана асты ,кеуде қуысының алдыңғы бөлігі,кеуде қуысының бүйірі,жауырын үсті, жауырын ортасы,жауырын асты аймақтары .
3.Науқасқа «р» әріпі бар сөзді қатты бірнеше рет дауыстап айтуын өтінеміз (трактор)
№12.Стандарт «Өкпенің салыстырмалы перкуссия жасау техникасы»
Салыстырмалы перкуссия өкпедегі патологиялық өзгерістерді және плевральді аймақты және бронхылық-өкпелік синдромдардарды анықтауда қолданылады.
1.Өкпенің салыстырмалы перкуссиясы :оң және сол кеуде қуысының алдынан, артынан,шетінен және симметриялы аймақтарда жүргізіледі.
2.Орташа перкуторлы қаққылайды немесе қатты перкуссияны қолданады.
3.Перкуссия қабырға аралыктарында жүргізіледі.
4.Кеуде қуысының симметриялы аймақтарында перкуторлы дыбыстарды салыстырмалы жүргізіледі.
І. Алдынан:
1.Науқасты беліне дейін шешінуді өтінеміз
2.Плессиметр саусағын кезекпен кеуде қуысының оң және сол бөлігіне бұғанаға параллель өкпенің жоғарғы жағына қойып бір қалыпты 2-3 рет қаққылаймыз. Перкуторлы дыбысты салыстырамыз.
3.Оң қолдың екінші саусағымен бұғананы қаққылаймыз.
4.Плессиметр саусағын бұғананың астына, қабырға аралықтарына, қабырғаға параллель, бұғана сызығының ортасына орналастырамыз. Сол жақ төртінші қабырғаға дейін қаққылаймыз, ал оң жақты тұйық дыбыс шыққанша соққылаймыз.
|