Стандарт «Пальпация жүргізудің жалпы ережесі» 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Стандарт «Пальпация жүргізудің жалпы ережесі»

Поиск

  

Терапия стандарттар

1. Фельдшердің міндеттері:

- Науқастар мен зардап шегушілерге медициналық қызмет көрсету;

- медициналық жәшіктің құрамы мен дәрілік заттардың фармакодинамикасын білуі қажет;

- аппараттардың қолдану тәсілін білу қажет, таңғыштардың жасалу әдісін және байлаулардың техникасын;

- станциялық көмек көрсететін аудандарды білу қажет;

- көліктің санитарлық жағдайын қадағалау;

- науқасты зембілде дұрыс тасымалдауды ұйымдастыра білу;

- қажет жағдайларда қосылып көмек көрсетуді білуі қажет.

- шұғыл жағдай кезінде медициналық қызмет басшысының нұсқауымен көмек көрсетеді.

- науқасты тасымалдау барысында дәрігерге көмек көрсетуге және манипуляцияларда орындауға көмектесу, науқас жанында болуы қажет.

- жұқпалардың алдын алу және түрлі қорғаныш костюмдерін қолдануды білу;

- кезекшілік соңында аппараттардың, бұраулардың, жұмсақ инвентарлардың жағдайын тексеру;

- жұмыс барысында қолданылған оттегін қайта қалпына келтіру;

- берілген медициналық аппараттардың өзгертілмеген қалпында өткізу;

- медициналық құжаттарды уақытылы, дұрыс толтыру:

- әкімшілікпен өткізілетін конференцияларға, жиналыстарға қатысу;

өз білімділігі мен біліктілігін арттыру.

 

 

№1.Стандарт «Сұрастыру»

І. Танысу

1. Науқастың аты-жөні

2. Жасы

3. Жынысы

4. Ұлты

5. Тұрақты мекен-жайы

6. Жұмыс орны,қызметі

ІІ . Науқастың шағымы:

1. Негізгі шағым

2. Қосымша шағым

ІІІ. Ауру тарихы

      (anamesis morbi)- дерттің бастапқы дамуынан осы уақытқа дейінгі кезеңді қамтиды.

1. Қашан басталды?

2. Қалай басталды?

3. Қалай өтіп жатыр?

4. Қандай тексерулерден өтуі және оның нәтижесі?

5. Қандай емдер жүргізілді және оның нәтижесі?

ІV.Өмір баяны (аnamnesis vitae)- науқастың медициналық өмір баяны (сәбилік кезең, балалық шақ,жасөспірім,ересек кезеңі)

1. Жалпы өмірбаяны

2. Әлеуметтік – тұрмыстық жағдай

3. Жұмыс орнының жағдайы

4. Балалық шағынан осы күнге дейін ауырған дерттері

5. Жанұялық және тұқымқуалаушылық анамнез

6. Аллергиялық анамнез

№2 Стандарт « жалпы тексеру»

Тексеру ережелері:

1.Тексеру табиғи күн сәулесінің жарығымен немесе күндізгі лампа сәулесінің көмегімен жүргізіледі;

2. Науқасты реттілікпен шешіндіріп, күн сәулесінің тік және жанама сәулелелерінің түсу жарығымен қарайды;

3. Науқасты вертикальды жағдайда қараған тиімді

Жалпы қарау- науқастың жалпы симптомын анықтаудың мағынасы:

а)науқастың жалпы жағдайына бағалау:

· қанағаттанарлық;

· орташа;

· ауыр;

б) науқастың сана сезімін бағалау:

· анық;

· анық емес (ступор, сопор,кома);

в) науқастың іс-әрекетін бағалау:

· белсенді;

· енжар;

· мәжбүрлі;

г) науқастың дене бітімін бағалау:

· нормостеникалық;

· гипостеникалық (астеникалық);

· гиперстеникалық;

Жергілікті қарау-науқасты кезеңмен және жүйелеп қарау:

· басын қарау;

· бет әлпетін,көзін және қабағын,мұрнын,ауыз қуысын қарау;

· мойнын қарау;

· терісін және тырнағын;

· тері асты май қабатынының дамуын;

· лимфа бездерін қарау;

· бұлшық ет жүйесін қарау;

· буындарды қарау;

· төменгі бөлікті қарау.

 

1. Бөлме жарық және тыныш болу керек.   

2. Науқастың және тексерушінің жағдайы тексеру жүргізуге ыңғайлы болу қажет.

3. Тексерушінің қолы жылы және тырнағы қысқа болу керек

Тереңдік пальпация 4 кезеңді қамтиды:

І кезең- қолды орналастыру ережесі :

Оң қолдың саусақтарын сәл бүгіп науқастың іш пердесінің алдыңғы беткейіне мына тәсілмен орналастырады, бүгілген саусақтардың ұшы тексерілетін мүшенің төменгі шегіне параллель орналасуы қажет .

ІІ кезең- жиырылған тері қыртыстары сипалау кезінде қолдың қимылына және терінің созылуына кедергі жасамау қажет.

 ІІІ кезең- оң қолдың бүгілген саусақтары іш пердесінің тереңдігіне енгізу, науқастың терең дем шығару кезінде және іш пердесінің алдыңғы бұлшық еттерінің босаңсу кезеңінде жүргізіледі

IV кезең- бүгілген оң қолдың саусақ ұшы тексеру мүшесінің беткейінде, іш пердесінің артқы қабырғасына тақап жүргізіледі.Осы кезде саусақ ұштары тексеру мүшесінің үстімен жылжиды, сонымен қатар тексерілген мүшенің орналасу жерін, пішінін, диаметрін(см), тығыздығын (консистенция), (жұмсак, тығыз), беткейінің тегіс немесе бүдірлігі, жылжымалылығын, ауырсыну сезімталдылығын және құрылдау даусын анықтайды.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 66; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.156 (0.006 с.)