Стандарт «Өкпенің төменгі шекарасын анықтау».
№14. Стандарт «Өкпенің төменгі шекарасын анықтау».
Оң өкпе:
1.Плессиметр саусағын 2 қабырға аралығына қабырғаға параллель оң төс жаны сызығы бойынша жүргізіледі.
2.Перкуссияны жоғарыдан төмен қарай,бірқалыпты қаққылау арқылы жүргізіледі,анық өкпе дыбысы тұйықталғанға дейін (өкпе,бауыр,шекарасы)
3.Сондай тәсілмен перкуссия келесі топографиялық сызықтар бойымен жүргізіледі: ортаңғы бұғана сызығы,алдыңғы қолтықасты,ортаңғы қолтықасты,артқы қолтықасты, жауырын сызығы, омыртқа жаны сызығы (перкуссия бүйірден қолтықасты шұңқырдан, артынан жауырынның ұшынан басталады).
Сол өкпе:
Сол өкпенің төменгі шегі бүйір жағынан 3 қолтық асты топографиялық сызықтармен және артынан 2 жауырын және омыртқа жаны сызықтары бойымен жүргізіледі.
Өкпенің төменгі шекаралары орналасуы:
Топографиялық сызықтар
Оң өкпе
Сол өкпе
Кеуде жаны
V қабырға аралық
Ортаңғы бұғанақ
VI қабырға
Алдыңғы қолтықасты
VII қабырға
VII қабырға
Ортаңғы қолтықасты
VIII қабырға
VIII қабырға
Артқы қолтықасты
IX қабырға
IX қабырға
Жауырын
X қабырға
X қабырға
Омыртқа жаны
XI қабырғаның үштық ұшы
XI қабырғаның үштық ұшы
№15.Стандарт «Өкпенің төменгі жағының жылжымалылығын анықтау»
Өкпенің төменгі жағының жылжымалылығын анықтау максимальды терең демалғанда және максимальды терең дем шығарғанда ,оң жағынан 3 сызық бойымен; ортаңғы бұғана , алдыңғы қолтық асты , жауырын сызығы ; сол жағынан 2 ортаңғы қолтық , жауырын сызықтары бойымен жүргізіледі.
1. Өкпенің төменгі шекарасын анықтау қалыпты физиологиялық дем алу кезінде және теріде бірінші белгіні салу .
2. Плессиметр саусағын бірінші белгіге горизонтальды орналастыру,науқасқа максимальды дем алып, дем шығармауын өтінеміз.
3. Перкуссияны жоғарыдан төмен қарай анық өкпе дыбыстан,тұйық дыбысқа дейін жүргізіп,екінші белгіні салу.
4. Плессиметр саусағын бірінші белгіге қоямыз.
5. Науқасқа максимальды дем шығарып , демін ұстауын өтінеміз.
6. Перкуссия жоғарыдан тұйық дыбыстан анық өкпе дыбысына дейін,саусақтың төменгі шетінен үшінші белгіні қоямыз
7. Екінші және үшінші белгілердің арақашықтығын өлшеу,бұл көрсеткіш өкпенің төменгі шегінің максимальды жылжымалылығына сәйкес келеді.
|