Стандарт «Өкпеге аускультация жасау техникасы» 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Стандарт «Өкпеге аускультация жасау техникасы»

Поиск

 №16.Стандарт «Өкпеге аускультация жасау техникасы»

1.Науқасты беліне дейін шешініп,ыңғайлы жағдай жасауын өтінеміз. (тұрып, отырып, жатып)

2. Фонендоскопты кезекпен кезек кеуде қуысының бұғана тұстарынан ,өкпенің жоғарғы жағына қоямыз.

3.Дем сырылдарын әр түрлі фазада есітіп,оның ұзақтығын,дауысын бағалаймыз.

4.Аускультацияны бұғана асты аймағында жалғастырып,фонендоскопты жайлап оң және сол кеуде қуысының симметриялы аймақтарына жылжытамыз.

5.Кеуде қуысының аускультациясын бүйір және арт жағынан:жауырын асты,жауырын үсті,жауырын ортасы,қолтық асты аймақтарында жалғастырамыз.

 

№17.Стандарт «Жүрек қан айналым жүйесіне пальпация жасау техникасы»

1.Науқасты беліне дейін шешініп,ыңғайлы жағдай жасауын өтінеміз (тұрып,отырып,жатып).

2.Оң қолдың алақанын науқастың кеудесіне қойып,ал саусақтарын қолтық астына IV-

VII қабырға аралықтарына қоямыз.

3.Кеуде қуысының беткейіне перпендикулярлы қойылған 3 бүгілген саусақты сырттан ішке қарай ,қабырға аралықтырында жүрек ұшының соғысы сезілгенге дейін жылжытамыз.

Қалыпты жағдайда жүрек ұшының соғысы V қабырға аралығында, сол ортаңғы бұғана сызықтан ішке 1-1,5 см орналасқан.

 

№18.Стандарт « «Мысық пырылы» симптомын анықтау техникасы»

1.Науқасты беліне дейін шешініп,ыңғайлы жағдай жасауын өтінеміз. (тұрып,отырып,жатып)

2.Оң қолымызды кеуде қуысының дірілі және жүректі тыңдау нүктелеріне қояды.

«Мысық пырылы» симптомы жүрек ақауының диагностикасында маңызды рөл атқарады. Диастолдық жүрек дірілі жүрек ұшында сол жүрекше- қарынша қуыстың тарылуында( митралды тарылу) , ал төстің оң шетінен екінші қабырға аралығында аорта қуысының (аортаның тарылу) тарылуында пайда болады.

Стандарттар «Жүрекке перкуссия жасау техникасы»



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 66; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.156 (0.006 с.)