жәй, ештеңе! -қолын артына тығып. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

жәй, ештеңе! -қолын артына тығып.

Поиск

- жәй, ештеңе! -қолын артына тығып.

- не тығып отырсың?

- еш-ештеңе...

- көрсет қолыңды!

- кете бер...Мен қазір барамын.

Азамат ашуланып оның қолын қатты қысып ұстап алды. Наина жылап жібере жаздады

- ай..

- қолың қанап кеткен бе?! Неге дымқыл болып тұр?!

- жаңа...еден жуған кезде...қолымды суға салған едім. Содан болар, пышақ орны ашылып кеткен...сияқты...

Азамат оның білегіне қарады. Қан тіпті дәкенің сыртына шығып кеткен. Азамат кішкентай шкафтарды ақтарып жүріп ақ дәке тапты. Наинаның қолындағы дәкені шешіп тастады.

- ааа...ауырып кетті....

- саған кім кес деді? Ешкім! Өзің кестің! Ал енді ауырып тұр дейсің! Сенің кесілген қолың маған бір жұмыс болды ғой! Құдды сенің қолыңды кесіп қойған мен сияқты! Ақымақ! Ауырған қолды салқын суға салады ма екен!? Мисыз! Жүрген жеріңе шөп шықпайды! Адамдарға жақсылықтан гөрі мәселені үйесің!-Азамат оған ұрысып отырып орап берді. Басын көтере сала Наинаға қараған кезде тоқтап қалды. Наина оған күліп қарап отыр еді.

- жарайды, сенің айтқаның дұрыс.

- не бажыраясың маған?! Шөпжелке!

- Азамат.

- не!?

- ертең жаңа жыл..

- сен айтпасаң да білемін!-орнынан тұрып кетті. Дәкені орнына салып жатыр. Наина тұрды да, оның артынан барып, құшақтап алды. Азамат құдды қатып қалғандай тұрып қалды. Кеудесіндегі жүрегі өзіне бағынбай қатты соғып жатыр. Артынан тез бұрылды да, Наинаның ернінен дөрекі сүйе бастады. Камоттың үстіне отырғызып алды. Наина қарсы болған жоқ. Бір кезде күтпеген жерден Азамат оны итеріп жіберді. Наина басын төмен салып, ернін ұстап отырды.

- сені кешіре алмаймын...Қолымнан келер емес, түсінемісің!? Қиналып кеттім! Ойым екіге бөлінді! Сен мені қалай түсінбейсің, Наина!?

- Азамат...-Наина оның қолынан ұстады. Азамат оның қолын қағып жіберді. Есікті тарс жауып кетіп қалды.

- ууууф! -Наина бетін жауып жылап отырды.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 48; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.006 с.)