неге!?-шошып орнынан тұрды. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

неге!?-шошып орнынан тұрды.

Поиск

Бір кезде оның басы айналып кетті. Наина расымен де ауырып тұрған болатын. Ыдысты толық жуа алмады. Орындыққа отырып қалды. Басын үстел үстіне қойды да, біраз демалып жатты. Тіпті қалай ұйықтап кеткенін де білмей қалды. Бір кезде ол бетіне шашылған салқын судан оянды.

- неге!?-шошып орнынан тұрды.

- саған мен ұйықтауға рұқсат берген жоқпын,-стаканды орнына қойды.

- кешір, мен басым ауырып мұнда отырған едім. Ұйықтап кетіппін.

- түскі ас дайын ба?

- жоқ, қазір күте тұр, -жылдам түскі асты әзірлеуге кірісе бастады. Бірақ бәрібір шыдай алмай талып қалды. Азамат су ішіп тұрған болатын. Наина жерге құлап кетті. Азамат барып қарап тұрды. Тезірек көтеріп алмақ болды. Бірақ...қолы бармады..Үнсіз ессіз жатқан әйеліне қарап тұрды.

- менің көмегіме лайықты емес!-кетіп қалды.

          #"#"#"#"#"#"#"#"#"#"#"#

Наина оянды. Ас үйдің еденінде жатыр екен. Сол талып қалған бойда Азамат оны басқа бөлмеге апармаған.

- ай..басым..-орнынан тұра бастады. Азамат үйде жоқ екен. Сағат 16:57. Наина 2-3 сағат бойы талып жатқан. Далада қалың бар жауып жатыр. Наина киімін ауыстырып алды. Күрте мен баскиім киіп алды да, баққа шықты. Аппақ қарды қырт-қырт басып жүрді. Екі қолын қалтасына салып алып, бақшаны айнала жүріп шықты. Жерге отырды да, қолмен қарға сурет сала бастады. Жүрек салып отыр. Бір кезде ойланып қалды. Бір сәтке бәрін ұмытуға бел байлады. Салған жүрегін аяғымен таптап тастады да, аспанға қарап тұрды. Аппақ қар бетіне, мұрнына жауып жатыр. Күліп жіберді. Тілін шығарып, қарды тосып тұрды. Өз-өзінен күліп, қармен ойнады. Жердегі қарды алып, аспанға шашып ойнап жүр.

Азамат үйге келді. Терезеден қарап қалғанда ойнап жүрген Наинаны көрді. Ол өз-өзімен күліп, жерге құлап, қар жеп жүр. Азамат бақшаға ашылатын есікке қарай жақын тұрды. Наинаны көріп күліп жіберді. Әлі де болса махаббатпен қарап тұрған болатын. Наина оны байқап қалды. Бір орында тұрып, оған қарап тұрды. Азамат лезде күлкісін жойып, қаһармен қарады. Наина мұңайып қалды да, ақырын келіп, ішке кірді.

- қарным аш. Тамақ жаса.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 48; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.009 с.)