а! -Наина шошып артқа отырып қалды.
- а! -Наина шошып артқа отырып қалды.
- ммен...мен...
- міңгірлемей сөйле,-орнынан көтерілді. Жастығын арқасына қойып алды.
- мен...таңғы ас дайын екенін айтайын деген едім. Қайырлы таң...
- мен бүгін таңғы асты бөлмемде ішкім келеді, жан-жарым!
- iiii...иә, әрине. Сен жуынып ал, ал мен төменнен таңғы асты падноске салып алып келейін.
Азамат оған жауап қайтармастан төсектен тұрып, жуынатын бөлмеге кіріп кетті. Наина тезірек төменге түсіп, таңғы асты салды да, қайта баспалдақпен көтерілді. Азамат төсекте отыр екен.
- мінеки, таңғы асың! -Азаматтың алдына кішкентай үстел қойды да, оның үстіне таңғы асты қойды. Қаймақ жағылған пан-кейк және апельсин шырыны. Сонымен қатар салат және пісірілген жұмыртқа бар.
- ас болсын..
Азамат тағы да оған сөйлеген жоқ. Наина наннан бір кішкентай үзім алды да, көгершіндеріне барды. Ол нанды торға шашты. Екі көгершін оны жеп жатыр.
- жандарым..-Наина тіпті өз көгершіндеріне де қамқор.
- қап! -Азамат ашуланды. Наина қараса, Азаматтың үстіне қаймақ тамып кетіпті. Азамат сүртетін шүберекті алғалы жатқанда Наина:
- мен өзім тазалаймын!-төсекке отырды да, шүберекпен Азаматтың денесін сүртті. Азамат оған қарап қалған.
- кез келген мүмкіндікті пайдалануға тырысып жатырсың ба, Наина?
- олай емес. Мен бар болғаны саған қамқор болғым келеді...
- жалған қамқорлық.
- шын жүректен шыққан қамқорлық!
- көп сөйлеме!
Наина үндемей қалды. Азамат таңғы асын жеді. Наина жинап, алып кетіп қалды. Төменге барып ыдыстарын жуып қойды. Ал Азамат болса, әлі төменге түскен жоқ. Наина оны алаңдап, неге келмей жатқанын білу үшін бөлмеге қайта келді.
- Азамат, кірсем болады ма?-есікті қағып тұр. Азаматтың дауысы шыққан жоқ. Наина шыдай алмай есікті ашты. Азамат теріс қарап жатыр екен. Наина оған жақын барып қарады. Ол тағы ұйықтап қалыпты. Наина күлді. Жаңағыдай еденге отыра қала, оған назарын аударды. Ерніне қараған сәтте сүйіп алғысы келді. Тіпті өз-өзін ұстай алмай көтерілді де, Азаматтың ернінен сүйюге әрекеттенді. Сәл ғана...сәл ғана қалғанда өзін тоқтатты. Көзінен мөлдір, ащы жас ағып кетті. Дәті бармады. Бір жағынан Азаматтан сескенді.
- маған қалай қарасаңда, сені сүйемін..-сыбырлап айтты. Жылап бөлмеден шығып кетті. Азамат көзін ашты. Орнынан тұрып, бетін қатты басып, күрсінді.
|