бұл-Наина. Менің әйелім.
- бұл-Наина. Менің әйелім.
- рас па?! Сіз үйленіп қойдыңыз ба?
- иә. Бір ай болып қалды.
- құттықтаймын. Әйеліңіз сұлу екен.
- әрине. Менің әйелім-ханшайым.
- бақытты болыңыздар.
- рахмет.
- рахмет, -Наина жымия қарады.
Сауық-кеш керемет өтуде. Бір кезде Азамат ортаға шықты. Бәрінің назары Азаматта. Ол микрофонды қолына алды:
- Наина! Жаным...ортаға шықшы..
Наина оған қарап тұрды. Алдыға шығып, оның не айтатынын күтіп тұр.
- екеуміз бір ай бұрын неке құрдық. Бәрі қалай басталғанын өзің бе білесің. Мен...бүгін...дәл қазір..Саған сезім айтқым келіп тұр.
Наина шок болды. Әрине, қуанып тұрды. Ол Азаматты сүйеді ғой. Ата-анасы қатты қуанып тұрды. Бұл кеште екеуінің де ата-аналары бар еді.
- менің...қайтадан менің әйелім боласың ба, жаным? -тізерлеп отырып, қолына сақина алды.
- и-иә...-қуаныштан жылап жіберді. Азамат оның саусағындағы неке сақинасының жанына тағы сақинаны қосты.
- жаным менің...-құшақтап алды.
- Азамат...сені сүйемін...
- мен де..
Бәрі оларға шапалақ соғып жатты. Бүгін Наина үшін ең керемет күн. Үлкен арманы, ойына маза бермеген қиялы шындық болды. Екеуі сондай бақытты. Азамат оған сезімін білдіргеніне қуанышты. Ары қарай жасырып жүре алмас еді.
Екеуі үйге келді. Наина киімін ауыстырып келді де, көгершіндеріне келді:
- жандарым...сендерге көп қарамай кеттім. Кешіріңдерші мені, иә? Міне, мынау сендерге, -арнайы сатып алған дәндерін берді. Ақ көгершіндері сондай сүйкімді.
- ұйықтайық))-Азамат келді.
- жарайды.
Азамат Наинаға бүгін жолаған жоқ. Жәй ғана құшағына басып жатты. Бірақ Азаматтың қатты әке болғысы келетін. Сонда да білдірген жоқ.
#Автор:Осылай бақытты өмірдің 2 аптасы өтіп кетті. Бұл күндер Азамат үшін де, Наина үшін де, жаңа өмір бастауы болды. Азамат күн өткен сайын Наинаға ғашық бола түсті. Наина болса оған тым қамқор болды. Әрдайім жанынан табыла білді. Жігіттер мен Наина және Азамат бірге көңіл көтерді. Олар да Наина мен Азаматтың бақытына ортақтасты. Бірақ...бір мәселе бар...Наина Азаматқа өзі туралы шындықты айта алмай жүр. Соңғы күндері Азаматтың бетіне тіке қарай алмай жүр. Азамат әлі ештеңе білмейді. Наинаның оған айтатын күші жоқ. Алдағы өмірін ойлап жақ ашпады. Бірақ қашанға дейін бұлай бола бермек? Қашанғы ащы шындықты жанына бүркеп жүре береді? Бұлай бола берсе ішқұса болады ғой....
Кеш батты. Сағат тіпті 22:00 болды. Бүгін 20 желтоқсан. Наина кішкентай жасанды шырша сатып алған болатын. Соны сәндеп отырды. Түрлі түсті шарлар мен ойыншықтар ілді.
|