не істеп отырсың?-Азамат күлімдеп қарап тұрды.
- не істеп отырсың?-Азамат күлімдеп қарап тұрды.
- шырша сәндеп отырмын. Жақында жаңа жыл...
- иә,-Наинаның жанына отырды да, -аааах...сені сағынып кеттім ғоой..,-құшақтап алды.
- келісім аяқталды ма?
- иә. Қала сыртындағы шаруалар шаршатып жіберді ғой..
- ұйықтаймыз ба?
- жарайды.
Азамат пен Наина құшақтасып жатты.
Таң. Сағат 11:00. Наина енді ғана ұйқысынан оянды. Сағатқа қарап өзі де шошып кетті:
- 11 ! Қап! Таңғы ас әзірлеу керек! Азамат кетіп қалған жоқ па екен! -үстіне қалың әрі ұзын жемпір кие сала төменге түсті. Баспалдақпен келе жатқанда кенеттен тоқтап қалды.
- келе жатқан жаңа жылыңмен...-Азамат күлімдеп қарап тұрды. Артында үлкен және биік шырша тұрды. Түбінде көптеген сыйлықтар бар. Шырша өте керемет безендірілген. Наина таң қалып күліп жіберді:
- жаныыыыым! -Азаматқа қарай жүгіріп құшақтап алды.
- жаным менің...-айналдыра құшақтады.
- Азамат, бүгін анама барып қайтсам болады ма?
- әрине.
Таңғы асты бүгін Азамат дайындады. Наинаға бұл таңғы ас-ең керемет ас болды. Азамат оған бүгін керемет тосынсыйлар жасады.
_-_-_-_-_-_-_-_-_-_-_-_-_-_-_
- сәлем анашым,-Наина келіп тұрды.
- қызым! Қалайсың!?-құшақтады.
-жақсы. Өзің? Әке қайда?
- ол жұмыста. Кір кір!
Анасы оған кофе дайындап берді. Екеуі отырып тәтті пончиктермен кофе ішті. Анасы екеуі туралы сұрап, өздері туралы да айта отырды.
- анашым...
- ау?
- біз қазір өте бақыттымыз.
- қуаныштымын ғой.
- бірақ...-мұңая тіл қатты.
- не болды?
- мен оған әлі өзім туралы шындықты айтқан жоқпын.
- қорқып жүрсің бе?
- иә. Саған осыны айтып, ақыл сұрау үшін келдім. Не істесем болады?
- ол сені сүйеді ме?
- иә...сүйемін деп айтады.
- онда айтсаңшы.
- не?...
- қашанғы жасыра бересің? Сенің кінәң жоқ қой. Ол сені кешіреді. Өйткені сені сүйеді. Жайып сал бәрін. Құтыл! Арқаңнан ауыр жүк түскендей болады!
- солай ойлайсың ба?
- иә. Әйтпесе өзің қиналып бітесің.
- бірақ...
|