Жек көремін. . . Наина, мен сені. . . Жек көремін. . . Жек көремін. . .
- жек көремін...Наина, мен сені...жек көремін...жек көремін...
Таң атты. Азамат тұрып, жуынып алды да, төменге түсті. Қонақ бөлменің еденінде жатқан әйелін көрді. Аяғы қан, сынық арасында жатты. Азамат оған жәй барып, қарап тұрды. Көзін қатты жұмды. Көз алдындағы Наинаның бейшара бейнесі...
- эй эй! Эй шүберек! -Наинаны тебе бастады.
- аа...Азамат? -оянып, орнынан тұрмақ болды. Бірақ аяғында әлі сынық бар.
- тұр!
- ай! Аяғым...-қан қатқан аяғын ұстады.
- тез тұрып маған тамақ дайында!
- иә...жарайды...-орнынан тұра бастады. Бір аяғын көтеріп тұр.
- сені ұзақ күтпеймін! Тез дайында!
- иә...Бірақ бірінші аяғымды...
- жоқ! Таңғы ас дайында дедім ғой саған! Қанша рет қайталау керек!? Кереңсің бе не!?
- иә...ұқтым...-ақсаңдай, жалаң аяқ жуынатын бөлмеге кіріп кетті. Аяғындағы сынықты жылап отырып тартып алды. Тоқтамай аққан қанды киімін жыртып басты. Тез-тез жуынып алды да, ас үйге келді. Азамат оны күтіп отырды.
- міне, таңғы ас дайын...-әрең жүріп, таңғы асты қойды.
- кішкентай нәрсені 1 сағат әзірледің ғой! Жартыми!-тамақ жеп отырды. Наина үндемей оған қарап отыр.
- не қарайсың маған?! Адам көрмегенсің бе не?! Әлде жабайы ма едің?!
Наина оған қараған жоқ. Ақырын отырып тамақ жеді. Азамат тұрып кетіп қалды.
- кешке келесің бе?
- шаруаң болмасын! -жұмысына кетіп қалды. Наина бір орында тұрды. Бір кезде телефоны шырылдады. Хабарласып жатқан анасы еді. Наина айқайлап телефонын қатты лақтырып жіберді. Телефон сынып кетті.
- бәрі бітті....-отырып қалды. Жерде жылап жата берді. Ештеңе істегісі келген жоқ. Жәй ғана жатқысы келді. Ойланып жатты да, әрең орнынан тұрды. Жатын бөлмеге келді. Есіктің тұтқасын ұстап тұрды.
- жоқ...енді кіре алмайм...-артқа шегінді. Кіруге дәті бармай кетіп қалды. Шырша тұрған жерге келді. Отырып шырша қарап отыра, өткен күндерді еске алды. Сыйлықтар астында жатқан кішкентай хатты алды. Ашып оқи бастады.
- "жаным, Наина, жаңа жылыңмен. Бүгін 31 желтоқсан. Ал мен бұл хатты 20 күн бұрын жазып қойдым. Жаңа жылды екеуміз керемет өткіземіз! Әке болғым келіп жүр. Қыз болса, Аяна, ал ұл болса-Аян. Жарайды ма? Сені сүйемін"-Наина мұны оқып жылап отырды.
|