тұр! -аяғымен әлсіз-әлсіз тепті. Наина оянған жоқ. Тіпті қимылдамады.
- тұр! -аяғымен әлсіз-әлсіз тепті. Наина оянған жоқ. Тіпті қимылдамады.
- эй, Наина! Оян дедім саған!
-......-қолынан одан сайын қан ағып жатыр.
- Наина! Наина! -Азамат енді ғана шошып жерге отырды да, Наинаны жұлқылай бастады. Ол есін жимады. Азамат қатты қорқып, оны көтеріп алды.
Аурухана. Азамат ішке жүгіріп кірді. Оны байқап қызметкерлер жүгірді. Наинаны алып кетті. Азамат дәлізде күтіп тұрды. Дәрігер оған ем көрсетіп жатыр. Азамат оған терезеден алаңдай қарап тұрды. Кішкене уақытта дәрігер шығып қалды.
- өз-өзіне қол жұмсамақшы болды ма?
- иә...
- сіз оған кім боласыз?
- күйеуі...Азамат Зенкаев боламын.
- сәл кешіккен кезіңізде одан айырылып қалуыңыз мүмкін еді. Жағдайы жақсы. Пышақ терең кеспеген. Бірақ айтарлықтай қан жоғалтқан. Ағзасы әлсіз секілді. Енді оған қамқор болыңыз. Мұндай жағдайға енді жол бермеңіз, мырза.
- рахмет дәрігер.
- сау болыңыз.
- сау болыңыз.
Азамат палатаға кірді. Наина есін жиған екен. Азаматқа қарап жатыр.
- мені құтқарып қалдың ба? Сене алар емеспін...Мен өлімге дайын едім.
- өлгің келсе, дәрі ішіп-ақ өлн аласың! Тек мені бұлай әбігерге салмаш! Сенсіз де мәселелерім жеткілікті! Сен қалай ойладың? Кешіреді деп пе? Жоқ! Өзіңді періште қылып көрсететін жалған қойылымдарың қажет емес! Жинал! Кетеміз! -шығып кетіп қалды. Наина жылап жіберді ...
14-бөлім
Олар үйге келді. Азамат оған қараған жоқ. Өз бөлмесіне кетіп қалды. Наина ас үйге келіп отырды. Жерде өзінің қаны жағылып жатыр. Наина ас үйдің еденіг сүртіп, толығымен жинап шықты. Азамат бөлмесінен шықпай отыра берді.
—---------------
Азамат жоғарғы қабаттың дәлізімен келе жатыр. Қолында телефоны. Бір кезде тоқтап қалды. Есік кішкене ашық тұр екен. Наина төсек үстінде отыр. Ауырсынып, қолын қысып ұстап отырды. Азамат анықтап қараған кезде, Наинаның білек тұсы қансырап тұрды. Азамат оны байқаған соң, бөлмеге кірді.
- не істеп отырсың?
|