жо-жоқ! Мен әрдайім айтуға тырысып келдім! Бірақ қатты қорықтым! Өтінемін...кешір мені... 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

жо-жоқ! Мен әрдайім айтуға тырысып келдім! Бірақ қатты қорықтым! Өтінемін...кешір мені...

Поиск

- жо-жоқ! Мен әрдайім айтуға тырысып келдім! Бірақ қатты қорықтым! Өтінемін...кешір мені...

Азамат оның бетінен ұрып жіберді. Наина жерге қайта құлады.

- кешір? Кешір деуге қалай арың барады сенің! Өтірікші!

- Азамат...олай демеші...

Азамат жерге отырды да, оның шашынан қатты тартты да:

- Енді күнің қараң! Мұныңды ешқашан кешірмеймін асыл жарым!-деп, жібере салды да, ашуланып кетіп қалды. Есікті тарс жапты. Наина қатты жылады. Жерде тізесін құшақтап жатыр:

- Азамат...Азамат...кешір мені...Осындай болғаным үшін...кешір мені...Иә....мен оңбағанмын. Иә....

    02:34. Наина тарс-тұрс еткен есік дауысынан оянды. Үйге Азамат келді. Наина атып тұрып, оған қарай жүгірді:

- Азамат!

- не керек...тағы? Не керек!?-мас болатын.

- сөйлесейікші. Өтінемін.

- не айтасың? Не айтасың маған тағы? Мүмкін сен одан жүкті болған шығарсың? Сосын түсік жасаттың ба? Әлде анау психологыңмен 6 жылда 60 рет төсектес болған шығарсың? Қандай құпия бар тағы? А? Қандай сөз бар? Мүмкін Дулатпен түн өткізген шығарсың?

- олай деме...

- сенен тағы не күтейін? А? Сен недеген қызсың өзің?! Сен лассың! Лас! Саған үйленгеніме өкінемін! Саған ғашық болып...жейіркенемін. Жек көремін! Сорлы! Сенен су таза! Су! Менің мейірімім саған жатпайды екен. Енді көреміз, алда не болатынын! Мені алдағандарды мен ешқашан аямағанмын! Енді сенің кезегің, сүйіктім менің!-итеріп жіберіп кетіп барады.

- мені сүйемін дегенің қайда?! Сүйемін деп айттың ғой!-жылап қарап тұрды. Азамат артына қарады да, оған қарай құмыра лақтырды. Наина айқайлап жіберді.

- сандырақтама!-кетіп қалды. Жатын бөлменің есігін қатты жапты. Наина оған қарай жүгірді:

- Азамат!-аяғына құмыра сынығы кіріп кетті.- ай!-жерге құлап кетті. Аяғын ұстап жылап отырды. Қан қатты ағып жатыр.- Азамат...-жылап жерде жата берді. Ал Азамат жалғыз ұйықтады. Наина бүгін еденде ұйықтады...

Азамат бөлмеде жатыр. Жанындағы Наинаның жастығын сипап жатты. Көзінен мөлдір жас ақты.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 44; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.004 с.)