Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
німнің өзіндік құнын төмендетудің негізгі факторларыСодержание книги
Поиск на нашем сайте Тау-кен өнеркәсібінде пайдалы қазбалардың өзіндік құнына нақты және затталған еңбекті пайдалану тиімділігі ғана емес, оған кенорнын қазудың кен-геологиялық жағдайлары да әсер етеді. Өнімнің өзіндік құнын төмендетудің маңызды факторы – еңбек өнімділігінің өсуі болып саналады. Жаңа техниканы, жоғары өнім қазу жүйесін енгізу, еңбек пен өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру арқасында, бір жұмыскерге шаққанда кен өндіру көлемі өсіп, өнімнің бір өлшеміне жұмсалған шығындар азаяды. Еңбек өнімділігінің өсуімен жұмысақы да өседі, бірақ өнім бірлігіне шаққанда оның мөлшері азаяды. Орташа жұмысақының өсуімен салыстырғанда өнімнің өзіндік құнын төмендету үшін, еңбек өнімділігінің басымырақ өсуін қамтамасыз ету керек. Еңбек өнімділігінің, жұмысақының өсуімен қатар, өнімнің өзіндік құнына әсері мына формуламен анықталады:
мұндағы DС - өнімнің өзіндік құнының өзгеруі; І3 - жұмысақы индексі; Іe – еңбек өнімділігінің индексі; d - өзіндік құнындағы жұмысақының үлес салмағы, теңге немесе %. Өнімнің өзіндік құнының төмендеу шамасын мына формула бойынша анықтауға болады:
мұндағы С - өнім бірлігінің өзіндік құны, теңге; Ф1 және Ф2 - факторлардың (мысалы, өндіріс көлемі, материалдар, кендегі металл мөлшері, т.б.) шаралар қолданар алдындағы және одан кейінгі мөлшері, шамасы. Мысалы, кеннің өзіндік құны 900 теңге/т, оның ішінде шартты-тұрақты шығындар шамасы 400 теңге/т. Жаңа қазу технологиясын енгізу нәтижесінде жылдық кен өндіру көлемі 500000 т-дан 600000 т-ға дейін өсті. Өнім өндіру көлемі өсуінен, оның өзіндік құны төмендеді:
Өндіріс шығындары мен кен өндіру көлемі арасындағы өзара қатынасты, 6.6-кестеде берілген деректер бойынша талдау жасаймыз. 6.6-кесте Өнім шығару мен өндіріс шығындары
Бұрынғы, өткен айда Есепті айда жоспар бойынша Есепті айда нақты Өнім бірлігінің өзіндік құны, теңге/т Пайдалы қазбалар шығару көлемі, т Өнім бірлігінің өзіндік құны, теңге/т Пайдалы қазбалар шығару көлемі, теңге Өнім бірлігінің өзіндік құны, теңге/т С0 QЖ Сж Q1 С1
Өнім бірлігінің өзіндік құнының цифрлық мәліметтерімен келесі салыстырма көрсеткіштерді есептеп шығаруға болады: а) өзіндік құнының өзгеруі бойынша жоспарлы тапсырма индексі мынаған тең: іж = Сж / С0 = 950 / 1000 = 0,95, яғни, жоспарлы өзіндік құн 5 %-ға азаяды. ә) өнім бірлігінің нақты өзіндік құнының индексі есепті аймен салыстырғанда: і1 = С1 / Сж = 1100 / 950 = 1,1579. Басқа сөзбен айтқанда, өнім бірлігінің нақты өзіндік құны 15,79 %-ға (115,79 – 100) өсті. б) есепті айдағы өнім бірлігінің өзіндік құнының индексі есепті аймен салыстырғанда: іН = С1 / С0 = 1100 / 1000 = 1,1. Сонымен, өнім бірлігінің нақты өзіндік құны есепті кезеңде базистік кезеңмен салыстырғанда 10 %ға (110-100) өсті.
Осы индекстердің арасында мынадай байланыс бар: ін = іж × і1 = 1,1579 ×0,95 = 1,1. Енді салыстырма көрсеткіштерге қоса, абсолюттік көрсеткіштерді есептеген жөн: а) өнім бірлігінің өзіндік құнының жоспарлы тапсырма бойынша үнемділігі: DСж = Сж – С0 = 950 – 1000 = -50 теңге/т ; ә) өнім бірлігінің нақты өзіндік құнының оның жоспарлы шамасымен салыстырғандағы шығындарының өсуі: DС1 = С1 – Сж = 1100 – 950 = +150 теңге/т, б) өнім бірлігінің нақты өзіндік құнының өткен аймен салыстырғандаға шығындарының өсуі: DСн = С1 – С0 = 1100 – 1000 = +100 теңге/т. Сонымен, өнім бірлігінің өзіндік құнының өсуі былай есептеледі: DСн = DСж +DС1 = -50 + 150 = +100 теңге/т. Өнім бірлігінің өзіндік құны мен өнім өндіру көлемі өзгеруінен пайда болған үнемділік немесе артық жұмсау, былай есептеледі: а) өнім бірлігінің өзіндік құнының өзгеруінен, жоспарлы үнемділігі мынаған тең: Эж = (Сж – С0) Qж = (950 –1000) 50000 = -2500 мың теңге; ә) өнім бірлігінің нақты өзіндік құнының жоспарлы шамасынан асуы нәтижесінде артық шығындар мынаған тең: Э1 = (С1 – Сж) Q1 = (1100 – 950) 45000 = +6750 мың теңге; б) өнім бірлігінің нақты өзіндік құнының, оның базистік шамасынан асу нәтижесінде болған артық жұмсау мөлшері: Эн = (С1 – С0) Q1 = (1100 –1000) 45000 = +4500 мың теңге. Артық жұмсау былай анықталады: Эж – Э1 = - 2500 + 6750 = +4250 мың теңге. Айырмашылықты (4500-4250) нақты және жоспарлы өнім өндіру мен өнім бірлігінің есепті және базистік өзіндік құн арасындағы ауытқумен түсіндіруге болады: (Сж –С0)) (Q1 - Qж) = (950-1000) (45000-50000) =+250 мың теңге.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 40; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.146 (0.007 с.) |