Нарық жағдайындағы шығындар 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Нарық жағдайындағы шығындар

Поиск

6.10. Нарық жағдайындағы шығындар

есебінің ерекшеліктері

 

Шығындар теориясында олардың: тұрақты, өзгермелі, жалпы, орташа және шектеулі болып жіктелуі өте маңызды.

Тұрақты және өзгермелі шығындардың қосындысы – жалпы шығындарға тең екені сіздерге мәлім, яғни (6.2):

 

ТС = FC + VC.

 

Енді осы өрнектің екі жағын өнім өндіру көлеміне бөлсек, онда орта шығындарды табамыз:

 

TC / Q = FC / Q + VC /Q немесе               (6.6)

 

ATC = AFC + AVC,                                   (6.7)

мұндағы ATC – орташа жалпы шығындар (average total costs);

  AFC – орташа тұрақты шығындар (average fіxed costs);

    AVC – орташа өзгермелі шығындар (average varіable costs).

Тұрақты шығындар – қысқа мерзімді кезеңде фирма, кәсіпорын шығаратын өнім көлеміне байланысты емес. Олар өндірістің тұрақты факторларының шығындары болып саналады.

Қысқа мерзімді кезең - бұл мезгілде фирма кейбір жұмсалған ресурстарын өзгерте алмайтын кезең. Қысқа мерзімді кезеңде еңбек факторы өзгермелі болып саналады.

Ұзақ мерзімді кезең деп – өнім өндірушінің пайдаланатын ресурстарының барлық мөлшерін өзгертуге жеткілікті уақыт кезеңін айтады. Кәсіпорын ұзақ мерзімді кезеңде өзінің технологиясын өзгертіп, жабдықтарды сатып алады да, рынок өзгерістеріне бейімделе алады. Осы кезеңде өндіріс факторларының барлығы өзгермелі болады.

Жалпы, шектеулі шығындарды қарастыру үшін, қысқа мерзімді кезеңде пайдалы қазбалардың қосымша 1 т (он, жүз) өндіруге керекті еңбек шығындарының өзгеруі 6.5-кестеде көрсетілген.

Мұнда 1 т артық шығару үшін 1,7 адам жалдау керектігін, ал енді екінші т шығару үшін 2,8 адам керек. FC- тұрақты шығындар, қысқа мерзімді кезеңде өзгермейтін негізгі капитал құны, өзгермелі шығынның құны – 200.

 

6.5- кесте

Жалпы, орташа және шектеулі шығындар

                                                                                                                     

Өнім

өндіру

Еңбек шығында-ры, адам

 

FC

 

VC

 

TC

 

AFC

 

AVC

 

ATC

MC,

TCі-TCі-1

-

-

-

1,7

2,8

3,6

4,5

5,6

7,0

8,9

 

Қысқа мерзімді кезеңде өнім көлемі өскен сайын, тек қана өзгермелі шығындар шамасы ұлғаяды. Ал енді өнімнің қосымша тағы бір өлшемін шығарудың тиімді болғандығын білу үшін, содан алынатын табыс пен өндірістің шектеулі шығындарын салыстыру қажет.

Шектеулі шығындар (MC-margіnal costs) - өнімнің бір өлшеміне шаққанда, өндіріс көлемін ұлғайту немесе азайту кезінде жұмсалатын толық шығынның көбеюі не азаюы.

Басқа сөзбен айтқанда, шектеулі шығындар – өнімнің қосымша бір өлшемін өндіру шығыны және жалпы шығындардың өсуі не азаюы. Мысалы, төртінші т шығарудың шектеулі шығыны былай есептеледі:

 

МС4 = ТС4  - ТС3 = 1400-1220 = 180.

 

Шектеулі шығындар – кестенің соңғы бағанасында көрсетілген, оның шамасы басында өсіп, сонан соң төмендеп, ақырында ұлғая түседі. Ал орташа шығындарды не үшін есептейді және осы өнімді шығару керек пе? деген сұрақтар болуы мүмкін.

Егер өнім бағасы (Р)

Р< AVC,

онда кәсіпорын қысқа мерзімді кезеңде өз шығындарын өнім өндіру қызметін тоқтату арқылы азайта алады.

Егер P < ATC, сонда фирма теріс экономикалық нәтижеге ие болады, сонымен оны банкрот деп жариялауы мүмкін.

6.3-суретте өнім өндіру көлемінің шектеулі шығындармен байланыс кестесі (графигі) көрсетілген.

 

 Өнім өндіру көлемі

 

6.3-сурет. Өнім өндіру көлемі мен орташа және шектеулі

шығындар арасындағы тәуелділік

     

Осы кесте арқылы мынадай қорытынды жасауға болады:

1) АТС қисығы қашанда болсын AVC қисығынан жоғары болады.

2) АТС мен AVC арасындағы тік сызықпен өлшеген қашықтығы, AFC шамасын көрсетеді.

3) AFC шамасы өнім көлемі жоғарыласа, азаяды.

4) АТС және AVC тік қашықтығы өнім көлемі жоғарыласа,           қысқартылады.

5) МС қисығы АТС және AVC қисықтарын ең төменгі шамаларда қиып өтеді.

Егер еңбек өзгермелі фактор болса, онда:

 

                 AVC = W / AP,                                    (6.8)

мұндағы W – жұмысшының жалақысы (Wage);

 AP – жұмысшының өнімділігі (Average product).

Ұзақ мерзімді кезеңде барлық факторлар өзгермелі болып саналады. Сонда ұзақ мерзімді орташа шығындардың қисығы (LAC – long run average costs) өнімнің әр берілген көлеміне, өндірістің барынша аз шығындарын көрсетеді. Осы жерде шығындары ең аз болу үшін, оңтайлы жағдай мен барлық өндіріс факторларының өзгеру мүмкіншілігіне жол береді.

Кәсіпорынның LAC қисығы 6.4-суретте көрсетілген

 

 


Өнім өндіру көлемі

 

6.4-сурет. Ұзақ мерзімді орташа шығындардың қисығы

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 39; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.007 с.)