Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
оның түрлері мен құрылымыСодержание книги
Поиск на нашем сайте
Пайдалы қазбаның бір өлшемінің өзіндік құны шығындарының белгіленген баптары, калькуляциялау арқылы жүзеге асырылады. Ол: жоспарлы, нормативтік, сметалық және нақты калькуляция түрлеріне ажыратылады. Жоспарлы калькуляция – келесі кезеңге өнім шығаруға арналған жоспарлы шығындарды көрсетеді. Нормативті калькуляция – белгіленген материалдық және еңбек шығындары нормалар мен өндіріске қызмет көрсетуге смета негізінде айқындалады. Сметалық калькуляция – жаңа өнімге жасалады. Нақты калькуляция, өнімді өндіруге және өткізуге пайдаланған нақты сомасын бейнелейді. Тікелей шығындардың белгіленген нормалары мен жоспарлы кешенді баптар негізінде дайындаған өзіндік құнының есебін – нормалар әдісі немесе тікелей есеп әдісі дейді. Осы әдіс көп еңбекті қажетсінетіндігіне қарамастан, кәсіпорындарда өнімнің өзіндік құнын жоспарлау әдісінің негізгісі болып саналады. Калькуляцияның таңдамалы әдісі – техника-экономикалық факторлар бойынша шығындарды есептеп, өнімнің ақша бірлігіне шаққан шығындардың деңгейін анықтайды. Болашақ бизнес-жоспарларды әзірлегенде, өнімнің өзіндік құнының калькуляциясының параметрлік әдіспен де жасалуы мүмкін. Осы әдіс – өнімнің өзіндік құны серпіні мен оның базалық сапалық сипаттарының өзгеруі арасындағы байланысты белгілейді. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын жоспарлы кезеңдерді, шығындар мен өзіндік құнды жоспарлау әдістері мен түрлерін дербес таңдайды. Соңғы кезде кәсіпорындар өзіндік құнды анықтаудың екі нұсқасын пайдаланады: бірі – бухгалтерлік есеп мақсаттары үшін, екіншісі – салық салу мақсаттары үшін. Өнімнің жекелеген түрлерін өндіру мен өткізуге жұмсалған шығынды топтастыру мен есептеу тәсілдерінің басқалары: бөлшектік, бөлшектік-операциялық, тапсырыстық, өңдемелік әдістер, жиірек қолданылады. Тау-кен кәсіпорындарында өндіріс шығындарын қалыптастыру орны, шығындарды есептеу толықтығы және олардың міндетіне байланысты өнімнің өзіндік құнының мына түрлеріне ажыратылады: учаскелік немесе цехтық, өндірістік (жалпы шахталық, карьерлік, кеніштік) және толық өзіндік құны. Пайдалы қазбаның цехтық, учаскелік құны цехта немесе телімде кен өндіруге жұмсалған шығындардың мөлшерін анықтайды. Өнімнің өндірістік өзіндік құны, кәсіпорында шығарылатын өнімге жұмсалған барлық шығындарды қамтиды. Осы шығындардың мөлшері, кеніштің барлық цехтары мен телімдердің шығындарын, жалпы өндірістік, әкімшілік-басқару шығындарын есепке алады. Түсті металлургияның тау-кен кәсіпорындарында калькуля-циялық баптары бойынша өнімнің өзіндік құны былай топтастырылады: 1) қосалқы материалдар; 2) технологиялық мақсаттарға арналған энергия; 3) өндіріс жұмысшыларының негізгі жұмысақысы; 4) өндіріс жұмысшыларының қосымша жұмысақысы; 5) әлеуметтік сақтандыру төлемдері; 6) амортизация; 7) бос кеңістікті толтыру шығындары (жерасты кеніштерде); 8) ішкі кеніш жүктерді басқа жерге орналастыру (ашық кен жұмыстарында); 9) өндірісті дайындау мен игеруге жұмсалған шығындар: соның ішінде: а) жаңа техниканы игеру қорына төлемдер; ә) кен-дайындау жұмыстарына арналған шығындарды өтеу; 10) жабдықтарды күту мен пайдалану жөніндегі шығындар; 11) цехтық шығындар; 12) аяқталмаған өндіріс: айдың басында (+); айдың аяғында (-); 13) кен-дайындау жұмыстары кезінде жолай кен өндіру; 14) жалпы кеніш шығындары; 15) басқа өндірістік шығындар; 16) өндірістен тыс шығындар.
Өнімнің өзіндік құнының құрылымы деп – өнім өндіруге жұмсалған жалпы шығынында жеке элементі мен бабының шығындарының пайызбен көрсетілген арақатынасын айтады. Тау-кен кәсіпорындарының құрылымы бірдей емес. Өнім өндірудің жалпы шығындарында осы немесе басқа шығындардың үлесі қаншалықты жоғарылығына орай өнеркәсіп салалары: көп еңбекті, материалдарды, қорларды және энергияны қажетсінетіндерге (сіңіретін) бөлінеді. Тау-кен өнеркәсібі еңбекті көп қажетсінетін өндіріс болмағандықтан, өнімнің өзіндік құнында еңбекақы үлесі жоғары, - 30-50 % құрайды. Мұнай өнеркәсіп, негізгі қорларды көп қажетсінетін өндіріс болып саналады. Кен өндіретін кәсіпорындарда жұмысақы үлесі 30-50 %, материалдар үлесі – 8-20 %, электрэнергиясы – 7-12 %, амортизация аударымдары – 14-28 % құрайды.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 45; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.146 (0.006 с.) |