Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
ткізуге байланысты шығындарСодержание книги
Поиск на нашем сайте Өткізуге байланысты шығындар
Өнімді сатуда туындаған шығыстар қосылады: – өткізу бөлімі (сауда) жұмысшылардың еңбекақысы, өткізу бөлімі (сауда) жұмысшылардың еңбекақысынан аударымдар, жекеменшікті қамсыздандыру шығындары, іссапар шығындары, қор және басқа шығындарды пайдалану, негізгі қорды ұстауға және амортизацияға ақша аударуға кететін шығындар; – жіберілген жерден жүктерді апару, тиеу-түсіру жұмыстары; – сату рыногін зерттеуге және рынокке дейін тауарды апаруға (маркетингке шығындарды қоса), жарнама шығаруға әзірлеуге, көрмелерге қатысуға, жәрмеңкелерге, тауарлардың үлгілерін жасауға, контрактілерге сәйкес немесе басқа құжаттар мен келісімдерге тұтынушылар мен тікелей немесе аралық ұйымдар мен тегін және қайтаруға жатпайтын осы сияқты басқа да шығындар.
Пайыз бойынша шығыстар Мұндай шығыстарға мыналар жатады: – банктерден алған несиелердің пайыздарын төлеу; – жеткізушілердің несиелері бойынша пайыздарын төлеу; – мүлікті жалға алу және басқалар бойынша пайыз шығындарын төлеу.
6.4. Кәсіпорынның шығын түрлері Өндіріс шығындары мен өндіріске жұмсалған шығындардың мәні, теориялық және тәжірибелік жағынан өзара ұқсас емес. Кәсіпорын шығындары, олардың экономикалық міндеттеріне қарай ажыратылады. Шығындардың ұдайы өндіріс процесіндегі рөлін анықтап, айыру өте маңызды. Ұдайы өндірістік белгісі бойынша кәсіпорынның шығындарын үш түрге бөлуге болады: 1) өнімнің өзіндік құнын құрастыратын өндірістік және өнім өткізуге жұмсалатын шығындар. Бұл айналмалы капиталдың айнымалы арқылы өнім өткізуден түскен түсімінен өтелетін ағымдағы шығындар; 2) өндірісті ұлғайту мен жаңартуға жұмсалған шығындар. Бұл негізгі және айналмалы қорлардың көлемін ұлғайтуын, құрылымын жақсартуға жұмсалатын бір жолғы шығын сомасы; 3) әлеуметтік, мәдени, тұрғын үй - тұрмыстық жағдайларға жұмсалатын шығындар. Олар тікелей өндіріспен байланысты емес және кәсіпорынның арнаулы қорларынан қаржыланады. Өндіріске және өнім өткізуге жұмсалатын кәсіпорынның ақшалай түрде есептелетін шығындары – олар өндіріс процесінде материалдарды, отын мен энергияның барлық түрлерін, еңбекті, негізгі қорларды, бейматериалдық активтерді пайдалануға байланысты және шығарылатын өнімнің өзіндік құнына енгізіледі. Шетел оқулықтарында өндіріс шығындарын іске қосатын факторлар немесе экономикалық ресурстарға жұмсалған ресурстар деп анықтайды. Мұнда барлық ресурстар баламалы деп қабылданады, бұл мынаны көрсетеді: өнім өндіру үшін таңдалған кез келген ресурстың баламалығы – оның құнына немесе пайдаланудың барлық ықтимал баламаларынан, ең таңдаулы ңұсқасындағы құндылыққа тең. Бұл – нарықтық экономиканың маңызды принциптерінің бірі. Өндіріс шығындары – экономикалық және бухгалтерлік болып ажыратылады. Экономикалық шығындар – жеткізушілерге пайдаланылатын ресурстар, оған кәсіпорын төлемдерінің барлық түрлерін атауға болады. Олар екі түрден тұрады: сыртқы (көрінетін немесе ақшалай) және ішкі (көрінбейтін немесе имплициттік) шығындар. Сыртқы шығындар – ресурс жеткізушілерге ақшалай төлемдер: материалдарға, отынға, жұмысақы төлеуге, тозуды есептеуге арналған төлеулер. Осы шығындар тобы, бұхгалтерлік шығындарды құрастырады. Ішкі шығындар – кәсіпкердің өзінің қосымша пайдаланылатын ресурсын алуға болатын табыс пен қалыпты пайданы қамтиды. Мысалы, кәсіпкер өз капиталын жалгерлікке берсе немесе банкке салса, қосымша табыс алуы мүмкін. Ал басқа кәсіпорында жұмыс істесе, жалақы алуы мүмкін. Сонымен:
Экономикалық - Имплициттік = Бухгалтерлік шығындар шығындар шығындар Бухгалтерлік шығындар негізінде, шығындардың нақты сомасы белгіленеді. Өнімнің өзіндік құны есептеліп, салық салынатын табыстың мөлшері анықталады.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 42; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.006 с.) |