Калькуляциялық баптар бойынша 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Калькуляциялық баптар бойынша

Поиск

6.7. Калькуляциялық баптар бойынша

шығындарды топтастыру

Өнімнің бір өлшемін өндіруге жұмсалған шығынның есебін – калькуляция дейді. Калькуляция – кәсіпорын дайындаған өнімнің жекелеген түрлері өлшемінің, өзіндік құнын анықтау үшін негіз болып саналады. Шығындарды баптар бойынша калькуляциялау – пайда мен залалды есептеуге, бағаны белгілеуге, өнімнің өзіндік құнын талдауға мүмкіндік береді.

Шығындар топтастырудың калькуляциялық принципі біздің елде және шетелдерде халық шаруашылығының барлық салаларының бухгалтерлік есепшоттарының жоспарын құруға негіз болады. Шығын баптары бойынша үлгі топтастыру мына түрде болады:

1) шикізат, негізгі материалдар, шала өнімдер, жиынтықтаушы бұйымдар (қайтарылатын қалдықтарды шегергенде);

2) қосалқы материалдар;

3) технологиялық мақсаттарға арналған отын;

4) технологиялық мақсаттарға арналған энергия;

5) өндірістік жұмысшылардың негізгі және қосымша жұмысақысы;

6) әлеуметтік сақтандыру төлемдері;

7) амортизация (өтелім);

8) өндірісті дайындау мен игеруге жұмсалған шығындар;

9) жабдықтарды күту мен пайдалану жөніндегі шығындар;

10) цехтық шығындар;

Өнімнің цехтық өзіндік құны:

11) жалпы өндіріс шығындары;

Өнімнің өндірістік өзіндік құны:

12) өндірістен тыс шығындар.

Өнімнің толық өзіндік құны.

Келтірілген жіктеуде шығындардың алғашқы жеті бабы жұмыс орнында тура жүзеге асырылып, өнімнің өзіндік құнына тікелей жатқызылады. Қалған баптары кешенді. Өндіріске қызмет ету және басқару жөніндегі шығындар үш түрлі кешенді баптарға бөлінеді: цехтық шығындары, жабдықтарды күту және пайдалану шығындары, жалпы өндіріс шығындары.

Цехтық шығындар – өндірісті ұйымдастыруға, басқаруға жұмсалған шығындар, олар:

– әлеуметтік сақтандыру төлемдермен қатар цех қыметкерлеріне жалақы төлеу;

– цехтың негізгі құралдарының амортизациясы, жөндеуі және күтуі;

– құнсыздау және құрал-саймандардың тозуы;

– еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы шығындары;

– осы баптарда қарастырылмаған басқа да шығындар, мысалы, материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі, әр түрлі ысыраптар себебінен шығындар, т.б.

Жалпы өндірістік шығындарға мыналар жатады: кәсіпорынның әкімшіл-басқару персоналды ұстауы, жалпы өндірістік негізгі қорларды күту, амортизациялау мен ағымдағы жөндеу жүргізу, іссапар, пошта-телеграф шығындары, т.б.

Өндірістен тыс шығындар – негізінде өнім өткізуге байланысты шығындар мен әр түрлі төлемдерді қамтиды.

Жабдықтарды күту мен пайдалану шығындарына – жабдықтар мен көлік құралдарының амортизациясы, ағымдағы жөндеу, қызметкерлердің жұмысақысы жатады.

Цехтық шығындар мен жабдықтарды күту мен пайдалану жөніндегі шығындардың құрамында өндіріс көлемінің ұлғаюына байланыссыз және байланысты да болып келетін шартты-тұрақты және шартты-өзгермелі шығын элементтері бар. Өндіріске қызмет ету мен басқару жөніндегі шығындардың, өнімнің өзіндік құнындағы үлес салмағы жоғары болғандықтан, олардың шығындарын кемітудің  маңызы зор.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 43; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.146 (0.006 с.)