Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
ндіріс шығындарын жіктеуСодержание книги
Поиск на нашем сайте
Өндіріс шығындары - материалдық заттар (материалдар, отын, энергия, жабдықтың тозуы, т.б.) мен өнім өндіруге жұмсалған еңбек шығындарының жиынтығы және ол кәсіпорында өнімді өндіру мен өткізудің қаншаға түсетінін көрсетеді. Ақшалай нысанда ол өнімнің өзіндік құны – кәсіпорынның ағымдағы шығыны болып саналады. Өндіріс шығындары – пайдалы қазбаларды сатудың ең төмен бағасын білдіреді, оны – заласыздық баға дейді. Ал тауарлық өнімнің жоғары бағасы сұраныспен анықталады. Сонымен, тау-кен кәсіпорны өзінің өніміне оны өндіруге, өткізуге жұмсаған шығындарды, сондай-ақ жұмсалған күш-жігер мен тәуекелдік үшін, пайданың орынды нормасын толық жабатындай баға қоюға ұмтылады. Тау-кен кәсіпорнында өндірілген пайдалы қазбалардың өзіндік құнын талдау үшін, шығындардың әр түрінің ерекшеліктерін біліп, сол шығындардың өнім өндіру көлемімен өзара байланысын айқындау керек. Өндіріс шығындарын әбден талдап, зерделеу үшін оларды жіктеп, сипатты белгілермен әр түрлі топтарға бөлген жөн. Әдетте өндіріс шығындары экономикалық мазмұнына, өндіріс процесіндегі міндетіне, өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсіліне, шығындардың құрамына, өндіріс процесіндегі рөліне, өндіріс көлеміне, қатынасына қарай топтастырылады. Экономикалық мазмұны бойынша өндіріс шығындары былай бөлінеді: жанды (нақты) еңбек шығындары - қызметкерлердің жұмысақысы, әлеуметтік сақтандыру төлемдері; затталған еңбек шығындары – материалдарға, отынға, энергияға, негізгі қорлардың амортизациясына, т.б. матариалдық құндылықтарға жұмсалған шығындар. Өндірістік процеске қатысуына қарай шығындар: негізгі және үстеме шығындарға жатады. Негізгі шығындар – тікелей өндірістік процесті жүзеге асыруға байланысты. Оларға: – технологиялық процеске қажетті материалдар (бекітпе материалдары, жарылғыш заттар, қосалқы бөлшектер); – негізгі өндірістік жұмысшылардың негізгі және қосымша жұмысақысы, сондай-ақ әлеуметтік сақтандыруға төлемдер; – технологиялық отын; – технологияға қажетті энергия – электрэнергиясы, сығылған ауа, су; – негізгі өндірістік қорлардың өтелімі жатады. Үстеме шығындар - өндірісті ұйымдастырумен, басқарумен, оған қызмет көрсетуге байланысты шығындар. Оған мыналар жатады: – әкімшілік-шаруашылық шығындар – басшылар мен мамандардың, басқару аппаратының, басқа да қызметкерлердің негізгі және қосымша жалақысы, әлеуметтік сақтандыру аударымдарына – кеңсе керек-жарақтарына жұмсалған шығындар, пошта-телеграф, баспахана шығыны, іссапар шығындары; – қызметкерлерге қызмет көрсетуге арналған шығындар – негізгі өндірісте істейтін және машиналар мен жабдықтарды пайдаланумен және оларға қызмет көрсетумен айналысатын қызметкерлердің қосымша жалақысы, әлеуметтік сақтандыру аударымдары; – жұмысты ұйымдастыруға жұмсалатын шығындар – негізгі өндірістік қорларды күтіп ұстауға, жалгерлік төлемдер, құнсыз және тозғыш аспаптарды жөндеуге жұмсалатын шығындар, т. б. Өндірілген өнімге жатқызу әдісі бойынша өндіріс шығындары –тікелей және жанама болып ажыратылады. Тікелей шығындар - өнімді өндіруге, жұмысты орындауға, қызмет көрсетуге жұмсалған шығындар. Олар өнімнің өзіндік құнына тура және тікелей енгізіледі. Мысалы, тазартым забойларда істейтін жұмысшылардың еңбекақысы, забойларда пайдаланылатын бекітпе материалдар – тікелей шығындар болып, есептеледі де, тазартым забойлардан қазып алған кенбайлықтардың өзіндік құнына тұтасымен енгізіледі. Жанама шығындар – кәсіпорындардың өнім өндіруге және өткізуге, өндірісті ұйымдастыруға, басқаруға жұмсаған өнімнің өзіндік құнына тікелей жатқызылмайтын және олардың арасында жанама әдіспен бөлінетін шығындар. Бұл шығындарда мыналар қамтылады: жалпы цех пен жалпы кеніш шығындары, яғни жылуға, жарықтандыруға, өтелімге, көмекші жұмысшылардың және әкімшілік басқарушылық қызметкерлердің жалақысына жұмсалатын шығындар. Жанама шығындар өнімнің күні бұрын белгіленген негізге үйлесімді өзіндік құнына жатқызылады. Өнімнің өзіндік құнының калькуляциясын жасау кезінде шығындар экономикалық біртектігіне қарай – бір элементтен тұратын жай шығындарға және әртекті шығындардың бірнеше элементтері қамтылатын кешенді шығындарға бөлінеді. Жай шығындарға қосалқы матариалдары, отын, энергия, негізгі қорлардың амортизациясы, негізгі және қосымша жұмысақы, әлеуметтік сақтандыруға аударымдар жатады. Кешенді шығындарға жалпы цех шығындары, жабдықтарды пайдалану мен күтіп ұстау шығындары, яғни бірнеше жай шығындардан құрылған шығындар жатады. Мысал ретінде кен қазбаларды жөндеуге жұмсалған шығындарға – жұмысшыларға төленетін жалақы, бекітпе материалдар, жарылғыш заттар, жөндеу жұмыстарында қолданылатын жабдықтардың амортизациясы кіреді. Кәсіпорын шегінде барлық кешенді шығындарды жай шығындарға бөлуге болады. Шығындардың жұмсалу тиімділігінің деңгейіне байланысты өнімді (сапалы өнім шығарумен, жаңа технологияларды игерумен байланысты) және өнімсіз (ақаулы өнім шығарудан, бос тұрудан, айыппұлдар төлеуден болатын) шығындарға топтастырады. Шығындар – өндірістік және өндірістік емес, кәсіпорынның толық шығындарына ажыратылады. Өндірістік шығындардың, кәсіпорындардағы өндіріс процесіне тікелей қатысы бар. Өндірістік емес шығындар – пайдалы қазбаларды өткізумен, қоймадан теміржол станциясына тасымалдауға байланысты. Өндіріс шығындары өнім көлеміне байланыс жағынан екі түрде болады: тұрақты шығындар – олар өндіріс көлеміне тәуелді емес, оларды шартты-тұрақты шығындар дейді; өзгермелі шығындар – өндіріс көлеміне тікелей тәуелді, оларды – пропорционалдық немесе шартты-өзгермелі шығындар деп атайды. Тұрақты шығындарға – негізгі қорлардың пассив бөлігінің амортизациясы, электр жабдықтардың орнатылған қуат бойынша екі ставкалық тарифпен есептейтін электрэнергия құнының бөлігі, мерзімдік ақы төленетін қызметкерлердің жұмысақысының көбірек бөлігі, үстеме шығындардың көбірегі жатады. Өзгермелі шығындарға – материалдар, электрэнергия (электр санауышы бойынша алынған құны), кесімді жүйеде істейтін негізгі өндірістік жұмысшылардың жалақысы (негізгі, қосымша және аударымдар) кіреді. Тұрақты және өзгермелі шығындардың қосындысы әрбір нақты жағдайда жалпы шығын болып табылады:
TC = FC + VС, (6.2) мұндағы TC – жалпы шығындар (total costs); FC – тұрақты шығындар (fіxed costs); VC - өзгермелі шығындар (varіable costs). 6.1-суретте өнім шығару барлық көлеміне жұмсалған шартты-тұрақты, шартты-өзгермелі және жалпы шығындар көрсетілген. Егер өзгермелі шығындарды өнім өндіру көлемі мен өнім бірлігіне шаққан өзгермелі шығындар арқылы жазсақ, онда 6.2-формула мына түрде болады: TC = FC + v·Q , (6.3) мұндағы v - өнімнің бірлігіне шаққан өзгермелі шығындар. Бұрын айтқандай, өзгермелі шығындар, өндіріс көлеміне тікелей тәуелді болады. Өндіріс көлеміне шаққанда ол өзгермелі шығындар өзгеріссіз қалады, оның өзгермелі деп аталатын себебі, жалпы сомасы өнім өндіру көлеміне қарай өзгереді.
Өнім өндіру көлемі
6.1-сурет. Өндіріс шығындары мен өндіріс көлемі арасындағы тәуелділік
Өнімнің бір өлшеміне тиісті тұрақты шығындар өнім көлеміне кері пропорционал, пайдалы қазбалар өндіру көлемі өскен сайын, сондай шығындар азаяды. Айтқанымызды дәлелдеу үшін – формуланың екі жағын өнім көлеміне бөліп, былай жазамыз:
мұндағы TC / Q – орташа жалпы шығындар, АТС (average total costs), яғни өнімнің өзіндік құны, сонда:
Өнімнің өзіндік құны, өндіріс көлемі және тұрақты, өзгермелі шығындар арасында гипербола түрінде тәуелділік бар (6.2-сурет).
Өнім өндіру көлемі
6.2-сурет. Өнімнің өзіндік құны мен өндіріс көлемі арасындағы тәуелділік
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 46; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.01 с.) |