Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
німнің өзіндік құнына енгізілетін шығындар құрамыСодержание книги
Поиск на нашем сайте Өнімнің (жұмыс, қызметтер) өзіндік құнына 1997 жылғы қаңтардың 1-нен күшіне енген Бухгалтерлік есептің стандарттары және әдістемелік ұсынымдарына сәйкес [21] мыналар қосылады: 1) өнімнің өндірілумен тікелей байланысты, өндіріс технологиясымен және ұйымдастырумен келісілген, жол берілген шығыстар үшін және өнімнің сапасына бақылау, өнімді жеткізу мен кепілді бақылау бойынша және оны пайдалану процесінде анықталатын кемшіліктерді жою шығыстары; Өндірісті дайындау мен жетілдіру шығыстарына өнімнің жаңа түрлерін, басқа да жаңа технологиялық процестерді жобалауға, құрастыруға, сондай-ақ жаңа бұйымдарды дайындауға, технологиялық процестерді әзірлеуге, жабдықтарды қайта орналастыруға және қайта қалпына келтіруге арналған, сондай-ақ үлгі түрінде қолданылатын бұйым құнының шығындары жатады. Өнімнің жаңа түрлерін жетілдіруге байланысты шығындар, алдағы кезеңдердегі шығыстарға жатады және осы уақыт кезеңінде шығарылатын осы шығындардың сметасы мен өнімнің санын қоспағанда, оның сериялық және жаппай шығарыла бастаған уақытынан белгіленген мерзім мөлшерінде, бөліктер бойынша, өнімнің өзіндік құнына кіреді. 2) табиғи шикізатты пайдалануға, жерді қайта өңдеу шығындарының бөліміне, сондай-ақ су шаруашылығы жүйелерінен ұйымдарға алынатын суға төленетін төлемдерге байланысты шығындар; 3) өндірісті дайындауға және жүзеге асыруға кеткен шығындар: өндіру салаларындағы дайындық жұмыстары бойынша шығындар; келесі кезекте жерді қайта өңдеуге қолданылатын кенорнының жерлерін барлауға дейін, ашық таулы аумақтардың аймақтарын, топырақтың өнімді қабатын сақтау үшін алаңдарды тазартуға, уақытша жерасты жолдарын және алынған шикізатты шығаруға арналған жолдарды салуға, жұмыстардың басқа да түрлеріне; жаңа ұйымдарды, өндірістерді, цехтарды, агрегаттарды (қосу шығындарын) игеруге жұмсалған шығындар; 4) өндірістің технологиясын және ұйымдастыруын жетілдірумен, сондай-ақ өнім сапасының жоғарылауымен, өндірістік процесс кезінде жүзеге асатын, ұзартылған және басқа да пайдалану қасиеттеріне байланысты капиталды емес, сипаттағы шығындар; 5) өндірістегі өнертапқыштық пен жаңалық ашуға байланысты шығындар: тәжірибелік-тексеру жұмыстарын жүргізу, өнертапқыштық пен жаңалық ашу бойынша модельдер мен үлгілерді дайындау және байқау, көрмелерді, байқауларды, конкурстарды, авторлық сыйақыларды, т.б. төлемдерді төлеу, өнертапқыштық пен жаңалық ашу бойынша шаралар өткізу; 6) өндірістік процестерді қамтамасыз ету: өндірісті материалдармен, отынмен, энергиямен, жабдықтармен, саймандармен,т.б. құралдарымен және еңбек құралдарымен; негізгі өндірістік қорларды жұмыс жасау қалпында ұстау бойынша (техникалық тексеруге және күтуге, ағымдағы, орта және күрделі жөндеу жүргізуге арналған шығыстар); санитарлық-гигиеналық талаптарды орындауды қамтамасыз ету бойынша шығындар; 7) өндірістік цехтарда еңбек және техника қауіпсіздігінің қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету бойынша шығындар: машиналардың жабдықтары мен оларды қозғалысқа келтіретін бөлшектері, люктері, саңылаулары, дыбыстық қондырғылары, техника қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күрделі емес сипаттағы басқа да қондырғы түрлері; арнайы қондырғылармен жұмыс орындарын жабдықтау (капиталды емес сипаттағы), арнайы киімдермен, арнайы аяқ киімдермен, қорғаныш заттармен, арнайы тағамдармен қамтамасыз ету; өндіріс орындарындағы дезинфекциялайтын камераларды, жуынатын орындарды, душтарды, моншаларды салу; арнайы талаптармен қарастырылған басқа да жағдайларды жасау; 8) табиғи сипаттағы қорларды ұстау мен пайдалануға; тазартатын құрылыстарға, сүзгіштерге және басқа да табиғи қорғау кешендеріне байланысты ағымдағы шығындар, экологиялық қауіпті қалдықтарды көмуге жұмсалатын шығыстар, т.б. табиғатты қорғауға жұмсалған ағымдағы шығындар; 9) вахталық әдістегі жұмыстарды жүзеге асыруға байланысты, жұмысшыларды ұйым орналасқан жерден жұмыс орнына дейін жеткізу және қайтып келу мен вахталық поселке тұрған жерден жұмыс орнына дейін жеткізу, қайта алып келуге жұмсалған қосымша шығындар; 10) өндірісте жұмыс істемеген (келмеген) уақытына еңбек туралы заңда қарастырылған төлемдер: кезекті және қосымша демалыстарға төленетін төлемақы мен төлемақылардың барлық басқа да түрлері; 11) зейнетақы қорына, әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорына және өндіріс жұмысшыларының еңбегіне төленетін шығындардан халықты қамтуға ықпал етудің мемлекеттік қорына аудару; 12) заңмен белгіленген норма шегінде сақтандыру қорын құруға, аппараттардың, өртеудің, әуе аппаратының, т.б. төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою бойынша шығыстарды қаржыландыру үшін, сондай-ақ үшінші бір тұлғаның қызығушылығымен мүлікке келген зияннан ұйымның мүлкін қорғайтын шығындар; 13) брокерлік, диллерлік, маркетингтік қызмет көрсетулермен қоса тауарлық, қорлық, валюталық биржалардың қызмет көрсету құны; 14) ақаулы өнім шығындары; 15) белгіленген мерзімде бұйымдарды кепілдікпен жөндеуге және қызмет көрсетуге кеткен шығындары; 16) ішкі өндірістік себептерге байланысты тұрып қалғандағы келген шығындар; 17) ұйымның қайта ұйымдастырылуына, жұмысшылар саны мен штаттың қысқартылуына байланысты жұмыстан босаған жұмысшыларға төлемдер; 18) әлеуметтік және басқа да салаға кеткен шығындар.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 41; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.006 с.) |