Кен өндіретін саладағы өнімнің 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Кен өндіретін саладағы өнімнің

Поиск

6.8. Кен өндіретін саладағы өнімнің

өзіндік құн калькуляциясының ерекшеліктері

Өнімнің өзіндік құн калькуляциясының ерекшеліктері – кен өндіру тәсілдерімен, қазу жүйесімен, қолданатын техникамен байланысты. Мысалы, кен өндіру үшін қазым кеңістікті толтырмалап қазу жүйесі пайдаланылатын болса, онда бірталай шығын толтырмалау жұмыстарына кетеді. Сонан соң кен өндіру үшін күрделі кен және кен-даярлау – қазбаларды жүргізу керек, оған жұмсалған шығындарды өнімнің өзіндік құнына енгізіп өтеу қажет.

Кен өндіретін салада "Өндірісті дайындау мен игеруге арналған шығындар" бабында, кен-даярлау жұмыстарының шығындары, кенорнын жете барлау, ашық кен жұмыстары аймағындағы жер көлемін тазалау жұмыстарының құнын өтеу шаралары ескерілген.

Негізгі қорлар амортизациясында, күрделі кен жұмыстарының үлес салмағы кейде 50 %-дан асып кетуі мүмкін. Ал өнімнің өзіндік құнында негізгі қорлар амортизациясының үлес салмағы 20-30 % болғандықтан, негізгі қордың амортизациясы бөлек бап ретінде шығарылған. Сонымен қатар, жерді қайта шұрайландыру шығындарын өтеу, осы бапта құрастырылады.

Тау-кен кәсіпорындарының негізгі өндірістік қорларын қалпына келтіруге амортизациялық аударым нормаларын анықтау үшін, сол қорлар екіге бөлінеді.

Негізгі корлардың бірінші бөлігіне – кенорынның немесе оның бір бөлігінің пайдалы қазбалар қорын ашу, дайындау және қазымдаумен тікелей байланысты күрделі кен қазбалары (ККҚ), сондай-ақ, арнаулы үймереттер, ғимараттар мен беріліс құрылғылары жатады. Олар тек осы кәсіпорынға қажетті кенорнының қорын қазып алғаннан кейін, басқа мақсаттарға пайдалануға болады.

Негізгі қорлардың екінші бөлігіне – қалған басқа негізгі қорлар жатады: жұмыс машиналары, жабдықтар, көлік, өндірістік аспаптар мен құрал-саймандар, т.б. қорлар.

Негізгі қорлардың бірінші бөлігі бойынша амортизациялық аударымдар, тонналық мөлшерлемемен есептелінеді. Тонналық мөлшерлеме – пайдалы қазбалар өтелген қорының бір тоннасына шаққан арнаулы негізгі қорларды қалпына келтіруге арналған амортизациялық аударымдар мөлшері.

Күрделі кен қазбалар, арнаулы үймереттер, ғимараттар мен беріліс құрылғылар өтелімі, толық тонналық мөлшерлеме бойынша белгіленеді. Пайдалы қазбаларды қазымдау үшін пайдаланылатын негізгі қор топтары екі немесе үшке бөлінеді.

Бірінші топтық тонналық мөлшерлеме – тау-кен кәсіпорнының барлық қызмет ету мерзімінде пайдаланылатын және кенорынның барлық қорларын қазып алуға арналған негізгі қорларға бөлінеді.

Екінші топтық тонналық мөлшерлеме – деңгейжиек, кен бөлікше қорларға қызмет жасайтын, карьер алабы бөлігінің қорларын ашуға арналған арнаулы негізгі қорлар бойынша есептелінеді.

Үшінші топтық тонналық мөлшерлеме – деңгейжиек бөлігінің қорларын қазып алуға арналған кен қазбаларға, оның ішінде тазартым забойды тілмелеу үшін жүргізілген қазбалар анықталады.

Тонналық мөлшерлеме шахта, кеніш бойынша арнаулы негізгі қорлардың шын құны, түсімдік қорлар көлемі және пайдалы қазбалардың жобалық қазымдылық жоғалымдарына байланысты, бір жылға есептеледі.

Тонналық мөлшерлеме – әр топ бойынша арнаулы негізгі қорлардың қалдық құнын, солар қызмет ететін пайдалы қазбалардың барлық өтелген қор көлеміне бөлумен есептелінеді. 

 

 

                                                                 6.1-кесте

Амортизациялық аударымдарды есептеу

   

Көрсеткіш атаулары

Өлшем бірлігі

2-топ

3-топ

Арнаулы үймететтер мен ғима-раттардың, күрделі кен жұмыстарының (ККЖ) құны, оның ішінде үш деңгейжиек жазық қазбаларының құны

мың теңге

 

 

мың теңге

 

Үш деңгейжиектегі тауарлық кен қоры

мың тонна

 

Тонналық ставка (мөлшерлеме)

 теңге

 

Амортизациялық аударымдардың жыл-дық сомасы (3-топтың нормасы 4 %)

мың теңге

Арнаулы үйлер мен ғимараттардың, оқпандардың күрделі жөндеуге кеткен шығындары, оның ішінде окпандардың күрделі жөндеуге кеткен шығындары

мың теңге

 

 

мың теңге

 

 

 

Амортизация:

Арнаулы үйлер, ғимараттар,

жабдықтар

 

мың теңге

мың теңге

 

 

Жерді қайта шұрайландыру шығын-дарын өтеу

мың теңге

 

 

Амортизациялық аударымдардың барлығы:

оның ішінде ККЖ өтеуі;

барлығынан 1) тазартып өндіруге, оның ішінде ККЖ өтеуі;

2) КДЖ-нің амортизациясы, оның ішінде КДЖ өтеуі

мың теңге

мың теңге

мың теңге

мың теңге

мың теңге

мың теңге

 

Жерасты тәсілімен кен өндіру кезінде калькуляцияның жай түрі қолданылады, онда экономикалық мазмұны бойынша шығындар өзіндік құнының жай элементтеріне жіктеледі. Кеніш өнімнің бір түрін өндіретіндіктен, барлық өндіріс шығындары тек қана осы өніммен байланысты болса да, кеннің өзіндік құнына калькуляция жасағанда, шығындарды тікелей және жанама не негізгі және үстеме деп бөлудің қажеті жоқ. 6.2-кестеде көп металдық кен өндіретін кәсіпорынның жылдық пайдалану шығындары көрсетілген.

Көп металдық кен өндіретін кәсіпорынның мысалымен амортизациялық аударымдардың калькуляциясы 6.3-кестеде көрсетілген.

Амортизациялық аударымдардың барлығы 1119000 мың теңге болыпты. Соның құрамында күрделі-кен жұмыстарын өтеуі – 592500 мың теңге, оның ішінде кеніштің барлық қызмет ету мерзімімен байланысты күрделі қазбалар үлесі 57% (337500 мың теңге) және үш деңгейжиектерге қызмет көрсететін жазық күрделі қазбалардың үлесі 43 % (255000 мың теңге) құрды.

6.2-кесте

Кен өндірудің өзіндік құнын есептеу

 

       №

Шығын баптары

Өлшем бірлігі

Бағасы, теңге

Мөл-шері, саны

Сомасы, мың теңге

Кеннің 1 тоннасына, теңге

 

Кеніштің жылдық өнімділігі

мың т

 

 

 

1.

Қосалқы материалдары:

тазартым жұмыстарында;

тілмелік жұмыстарында;                                  Жиынтығы:                                  

мың теңге

мың теңге

 

 

 

 

133,33

100,00

233,33

2.

Өндірістегі жұмысшы-лардың негізгі және қосымша жұмысақысы

мың теңге

62,40

3.

Әлеуметтік сақтандыруға төлемдер

мың теңге

 

 

20 %

 

 

12,48

4.

Энергия шығындары:

Электроэнергия

Сығылған ауа; Жиынтығы:

мың квт-с

мың м3

 

0,2

 

 

 

53,33

28,00

81,33

5.

Қазым кеңістікті толтыр-малау шығындары

мың теңге

 

 

100,00

6.

Амортизация:

оның ішінде күрделі кен жұмыстарын өтеу

мың теңге

мың теңге

 

 

 

689,34

 

367,00

7.

Өндірісті дайындау мен игеруге жұмсалған шығындар:

кен-дайындау жұмыстарын өтеу

 

мың теңге

 

 

 

 

 

 

150,69

8.

Жабдықтарды күту және пайдалану жөніндегі шы-ғындар

мың теңге

 

 

133,33

9.

Цехтық шығындар

Кеннің цехтық өзіндік құны

мың теңге

мың теңге

 

 

 

180,00

 

1642,9

10.

Басқа өндірістік шығын-дары. Роялти төлемдері;

Кеннің өндірістік өзіндік құны

мың теңге

мың теңге

 

 

 

36,1

 

 

Талдау үшін кейбір шығындардың элементі нақтыланады, бұл үнемділік немесе артық жұмсау бар екендігін белгілеуге мүмкіндік береді.

Келесі ерекшелік – кен-дайындау қазбаларын жүргізуге арналған шығындарды өтеу коэффициенті арқылы жойылады. Мысалы, кенорнының өндірістік қорлары 27 млн т, ал осы кенбайлық көлемін қазып алуға                   3000 мың шаршы метр кен-дайындау қазбаларын өтеу қажет болса, онда кен-дайындау қазбаларды өтеу коэффициенті былай есептелінеді:

К = 3000000 / 27000000 = 0,111 м3/ т.

6.3-кесте

Кен-дайындау жұмыстарының шығынын есептеу

                                                                          

Шығындар баптары

Өлшем бірлігі

Бағасы, теңге

Көлемі, саны

Сомасы, мың теңге

КДЖ-тардың 1м3, теңге

 

Кен-дайындау жұмыстарының (КДЖ) жылдық көлемі

 

мың м3

 

 

 

 

Қосалқы материалдары

мың

теңге

 

 

2,78

 

Өндірістегі жұмысшы-лардың негізгі және қосымша жұмысақысы

мың теңге

 

 

 

 

0,53

 

Әлеуметтік сақтандыруға төлемдер

 

мың теңге

 

 

20 %

 

 

 

0,11

Энергия шығындары:

Электрэнергиясы;

Сығылған ауа;

Жиынтығы

 

мың квт-с

мың м3

 

1,0

0,2

 

 

 

0,23

0,13

0,36

Амортизация

мың

теңге

 

 

 

 

3,15

Жабдықтарды күту және пайдалану жөніндегі шығындар

мың теңге

 

 

 

 

0,67

Цехтық шығындар

 

Барлығы:

 

мың теңге

мың теңге

 

 

 

0,78

 

8,37

 

Сонымен, ай сайын анықталған қазбаның 1 шаршы метрінің өзіндік құны мен кен-дайындау қазбаларды өтеу коэффициенті бойынша "Өндірісті дайындау мен игеруге жұмсалған шығындар" элементі бойынша кеннің өзіндік құнына қандай соманы қосу (енгізу) керектігін айқындайды.

Айталық, бір айдағы кеніш өнімділігі 125 мың т, кен-дайындау қазбаларының 1 м3 өзіндік құны 1357 теңге. Сонда кеннің 1 т өзіндік құнына енгізу керек сома былай есептелінеді:

1357 × 0,111 = 150,63 теңге /т,

ал кен өндіру барлық көлеміне:

125 × 150,63 = 18829 мың теңге.

Егер деңгейжиектер бойынша күрделі-кен жұмыстарының құны белгілі болып, сол деңгейлер бойынша кен қорлары белгілі болса, онда тонналық ставка (6.1- кестеге) былай анықталады:

 

          Тонналық        Күрделі-кен қазбалардың құны

         мөлшерлеме    =  

                                        Деңгейжиектер бойынша кен қорлары

 

6.3 және 6.4-кестелерде кен-дайындау жұмыстарының шығыны мен тазартым жұмыстарында кеннің 1 т шаққан қосалқы материалдар құны көрсетілген.

                                                                             6.4-кесте

Тазартым жұмыстарында кеннің

1 т тиісті қосалқы материалдар құны

 

 

Шығын баптары

Өлшем бірлігі

Бағасы, теңге

Мөлшері, саны

Сомасы, теңге

Жарылғыш заттар

кг

0,6

42,00

Отпілте

м

0,06

6,00

Дүмпіткіш пілте

м

0,20

4,00

Электрдүмпіткіш

саны

0,30

3,00

Ток өткізгіш сым

м

0,50

4,50

Қатты қорытпалар

грамм

2,6

13,00

Бұрғы құрыш (болат)

кг

0,06

16,80

Ағаш бекітпе

м3

0,005

28,00

Құрыштан жасалған арқан

кг

0,001

0,12

 

Жиынтығы:

 

 

 

117,42

 

Есепке алынбаған материалдар

 

30%

117,42

35,23

 

Тасымалдау-дайындау жұмыстары

 

10%

152,65

15,27

 

Барлығы:

 

 

 

167,92

 

Тазартыс жұмыстарының көлемі

мың тонна

 

 

 

Өнім өндіру көлеміне

мың теңге

 

 

 

Ашық тәсілмен кен өндіру жағдайында пайдалы қазбалардың өзіндік құнының калькуляциясы шахтада өндірілетін өнімнің өзіндік құны сияқты жасалады. бірақ кен-дайындау жұмыстарын өтеу орнына "Аршу жұмыстарын өтеу" деген элемент пайда болады. Аршу жұмыстары, аршу коэффициенті арқылы өтеледі.

Кеннің 1 т өзіндік құнының калькуляциясы мына түрде жасалады:

1) әр ай сайын текше метр көлемінде аршу жұмыстары мен сол жұмыстарға кететін барлық шығындар есепке алынады (материалдар, отын, энергия, жұмысақы, амортизация, басқа да ақшалай шығындар);

2) бос жыныстың 1 текше метрінің өзіндік құны есептелінеді;

3) жыныстың 1 м3 өзіндік құны аршу коэфициентке көбейтумен, кеннің бір т қосылатын қосымша шығындар сомасын анықтайды.

Айталық, карьерде бір айда 200 мың т пайдалы қазба өндіріліп, 1200 мың текше метр көлемінде аршу жұмыстары орындалды. Аршу коэффициенті 5м3/т тең. Осы айда өндіру жұмыстарының көлемі 80000 мың, ал аршу жұмыстарының шығыны 60000 мың теңге болды. Сонда кеннің 1 т өзіндік құны, аршу жұмыстарын қоспағанда мынаған тең:

 

80000 /200 = 400 теңге /т,

 

ал бос жыныстың 1 м3 өзіндік құны былай есептелінеді:

 

60000/1200 = 50 тенге / м3.

 

Сонымен, пайдалы қазбаның 1 т өзіндік құны аршу жұмыстарына жұмсалған шығындарды қосқанда былай есептелінеді:

 

С = 400 +50·5 = 650 теңге /т.

 

Осы айдағы аршу жұмыстарына кеткен 50000 мың теңге (200х5х50) кен өндіру шығынына жазылды, ал аршу жұмыстарына ұстаған нақты шығын сомасы 60000 мың теңге болған. Сонымен, өтелмеген 10000 мың теңге болашақтағы шығыстар есебіне қосып қойылады.

 

6.9. Өнімнің өзіндік құнын анықтау,



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 41; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.146 (0.005 с.)