Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
німнің өзіндік құнына түсінікСодержание книги
Поиск на нашем сайте
VІ Тарау
Тау-кен ӨнеркӘсібіндегі ӨнімніҢ Өзіндік ҚҰны мен Өндіріс шыҒындары
Өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құны - өнімді өндіру кезінде пайдаланылатын табиғи ресурстардың, материалдардың, отынның, энергияның, негізгі қорлардың, еңбек ресурстарының, оны дайындау мен өткізуге жұмсалатын басқа да шығындардың ақшалай бағалануы. Өнімнің өзіндік құны – кәсіпорынның өнім өндіруге және өткізуге жұмсаған шығындарының ақшалай тұлғалануы. Кез келген меншік нысандағы кәсіпорын нарықтық қатынас жағдайында – залалсыз жұмыс істеуге тиіс. Өнімнің өзіндік құны, аса маңызды экономикалық көрсеткіштердің бірі болып табылады. Өнімнің өзіндік құны арқылы оның нарықтық бағасы құралады, пайда мен пайдалылық деңгейі анықталып, тауардың құны белгіленеді. Өнімнің өзіндік құны – жалпылама, жинақтау (синтездік) көрсеткіш, ол кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін сипаттайды. Өнімнің өзіндік құнының мөлшері мен серпіні арқылы тау-кен кәсіпорнының басқару, жоспарлау, еңбек пен жұмысақы ұйымдастыру, өндіріс техникасы мен технологиясы деңгейі туралы пікір айтуға болады. Кәсіпорында өндірілген өнім құны үш бөліктен тұрады:
Т = С + V + m , (6.1) мұндағы Т – тауар құны; С – тұтынылған өндіріс құралдары; V – қажетті еңбек; m – қосымша құн. Тұтынылған өндіріс құралдары деп – материалдарға, отынға, энергияға, негізгі қорлардың тозған бөлігіне жұмсалған шығындарды айтады. Яғни, бұлар бұрын затталған еңбекті құрады. Тұтынылған өндіріс құралдары – құн өндіруге қатынасқанымен, тікелей өнім өндірмейді. Оны К. Маркс "тұрақты капитал" деп атаған (constant capіtal). Маркстік тұжырымдама бойынша, құн тек еңбекпен өндіріледі. Еңбектің өзі жұмыс күшін тұтыну процесі. Жұмыс күші – тауар құны, ол жұмысшының дене және мәдени талғамдарын қанағаттандыру үшін қажетті игіліктер құнына тең. Кәсіпорын қызметкерлері өз еңбегіне және жұмсалған жанды еңбекке жұмысақы алады. Жұмыс күші – өндіріс процесінде өзгереді, өйткені жұмыс күші өз құнынан артық қосымша құн өндіреді. Капиталдың бұл бөлігі «өзгермелі (varіable) капитал» делініп, «V» әріпімен, ал қосымша құн «m» әріпімен белгіленеді. Қосымша құн жұмыс күшін тұтыну процесінен туындайды, олай болатыны – өндіріс процесінде жалдамалы жұмысшы қажетті жұмыс күшінен артық құн мөлшерін өндіреді. Қосымша құн –кәсіпорынның алғашқы авансыланған қаражаттардан түскен таза пайдасы. Өнімнің құнынан, өнімнің өзіндік құнының сандық әрі сапалық жағынан айырмашылығы бар. Өнімнің құны үш бөліктен: тұтынылған өндіріс құралдарының, сондай-ақ қажетті және қосымша еңбекпен жасалған өнім құнынан құралатын болса, өнімнің өзіндік құнында алғашқы екі бөлік толық, үшінші бөлігі – ішінара, әлеуметтік мұқтаждарға аударым және тұтынылған еңбек заттарының бағасымен есептелген пайда қамтылады. Сапалық айырмашылығы мынада: құн сұраныс пен ұсыныс арқылы айқындалады, ал өнімнің өзіндік құны – қол жеткізілген техника мен технология, еңбек өнімділігі мен баға, жұмыс күшін қалпына келтіруге жұмсалған шығындар, табиғи ресурстар, еңбек құралдары мен заттарын пайдалану деңгейі жағдайында өндіріс шығындарымен анықталады. Пайдалы қазбаларды өндірудегі өзіндік құн, әр түрлі факторларға байланысты. Оның бірі – табиғи кен-геологиялық жағдайлары, олар пайдалы қазбаларды өндіру тәсілін (ашық немесе жер астында), қазу жүйесін, кәсіпорынның жылдық өндірістік қуат мөлшерін анықтайды.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 39; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.005 с.) |