азақ тілінің орфографиялық сөздігі 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

азақ тілінің орфографиялық сөздігі

Емле немесе орфография бір тілдегі сөздердің дұрыс жазылу нормаларын қарастырады. Адамдар өз ойын ауызша да, жазбаша да жеткізе алады. Орфоэпия дұрыс айту қағидаларын реттесе, орфография дұрыс жазу қағидаларын белгілейді. Емле ережелері жалпыға ортақ, әрі тұрақты болады.

1960 жылы баспа қызметкерлері мен мұғалімдерге арналған қазақ тілі емлесі мен тыныс белгілері ережелерін көрсеткен тұңғыш анықтағыш шықты. Оның өңделген екінші басылымы 1974 жылы жарық көрді. «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі» 1963 жылы, ал оның толықтырылған басылымы 1988 жылы басылып шықты.

Емле сөздігінің төртінші басылымы проф. Р.Сыздықтың редакторлығымен 2001 жылы жарық көрді. Бұл еңбекте алдымен, қазақ тілінің соңғы 10-15 жыл ішіндегі жаңалықтары ескерілді. Атап айтатын болсақ; бұрын қолданылып келген кірме сөздердің қазақ баламалары енді: әдістеме, әуежай, бағдарлама, бейнетаспа, ұшақ, күнпарақ, қазанама т.б.

Бірінші сыңары ақ, қара, ала, сұр сияқты түс атауларымен келген аң-құс өсімдік, жан-жануарлар атаулары бұрынғы сөздіктерде тіркес күйінде келсе, жаңа басылымда бұлар күрделі атау болғандықтан әрі бір ғана аңның, құстың, өсімдіктің, жәндіктің атын білдіргендіктен біріккен сөз ретінде қосылып жазылды; ақжалбыз, ақбидай, ақсусар, ақтиін, қарабидай, қарақұр т.б.

Өсімдік, ауру атауларының дара тұлғалары да, біріккен сөз түрлері де аталмыш басылымда жаңадан қосылды: әлпігүл, әйкен, безтамақ, аққандылық, желжалақ т.б.

Қазақ тілінің дыбыстық заңдылығына сәйкестендіріліп өзгертілген бірсыпыра кірме сөздер енді: келе (кило), зауыт (завод), пойыз (поезд), т.б; Кейбір жасанды тұлғалар сөзтізбеден алынды: айтысқыштық, жығылдырту, қораздандыру т.б. Осындай түзетулер мен өзгерістер негізінде жасалған соңғы орфографиялық сөздік жұртшылықтың ойынан шығып, қоғамға қызмет етіп келеді.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 42; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.005 с.)