азақ тілінің антонимдер сөздігі 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

азақ тілінің антонимдер сөздігі

Қазақ тілінің антонимдер сөздігі тұңғыш рет Ж.Мусиннің авторлығымен 1984 жылы шықты. Антонимдік жұптар алфавит тәртібімен берілген және сөз мағыналарының қарама-қарсылық мәнін ашатындай мысалдар қамтылған. Антонимдердің мағынасын ашатын түсініктемелер берілмеген. Себебі сөздердің антонимдік мәні әр түрлі түсіндірме сөздіктерде ашылатыны мәлім.

Негізгі және туынды зат есім, сын есім, үстеу антонимдер түбір күйінде, етістік антонимдер тұйық етістік немесе есімше күйінде берілген. Осы жылы шыққан сөздікте көбінесе лексикалық антонимдер көбірек орын алып, стильдік антонимдердің кейбір түрлері ғана қамтылған.

2000 жылы А.Жұмабекованың авторлығымен шыққан антонимдер сөздігі теориялық материалдармен толықтырылып, антоним сөздерді жүйелеудің ұстанымдары мен тілдегі және сөйленістегі функциялары ғылыми жаңа көзқарастар негізінде ұсынылған.

Сөздік негізгі бөлім мен сөздікке енген антонимиялық жұптардың көрсеткішінен тұрады. Атаудан кейін көркем, публицистикалық әдебиет, халық ауыз әдебиеті туындыларынан алынған мысалдар берілген. Сөздіктегі дәйексөздер екі қарама-қарсы қойылған сөздерді қамтиды және олардың мағыналарын ашуға көмектеседі. Сонымен қатар соңғы шыққан сөздіктің бір ерекшелігі– көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату үшін 10 томдық қазақ тілінің түсіндірме сөздікке сәйкес олар санмен белгіленген. Мысалы:

Алыс 1 – жақын 1

Алыс 2 – жақын 2

Мұнда

Алыс 1– «1. Шалғай, жақын емес» (ҚТТС, 1т, 243бет)

Жақын 1 – «1. Аралығы жуық, таяу, таман» (ҚТТС, 3т, 553б)

Алыс 2 – «2. Ауысп. Туыстығы жақын емес, атасы бөлек, бөтен» (ҚТТС, 1 т, 244 б)

Жақын 2 – «2. Ауысп. Ағайын-туған, туысқан-тума, жекжат» (ҚТТС, 3т, 553б)

Атауда зат есімдер, сын есімдер және үстеулер жекеше түрде, атау септігінде беріліп отырады (алғыс-қарғыс, ойлы-ойсыз, сырт-іш); ал етістіктер негізгі формада жекеше түрде берілген (ал– бер).

Антонимдердің синонимдік жұбы негізгі атаудың астында бас әріптермен, жай қаріппен негізгі антонимиялық жұптың синонимдері ретінде келтіріледі. Мысалы:

Алыс 1 – Жақын 1



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 42; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.005 с.)