Сөздікке енген сөздердің орналасу тәртібіне қарай бөлінісі 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Сөздікке енген сөздердің орналасу тәртібіне қарай бөлінісі

Туынды сөздер тізбегі

Бұл «Сөздік» – тіліміздегі сөз құрамының, сөздердің қандай морфологиялық (синтетикалық) және синтаксистік (аналитикалық) амал-тәсілдер арқылы жасалатынын, ондағы заңдылықтар мен әр алуан құбылыстарды жүйелі түрде анықтап беру, сол арқылы оны дәл танып үйрену жұмысын жеңілдету үшін арнайы жасалған құрал. Сондықтан «Сөздік» қазақ тіліндегі туынды сөздер құрамындағы морфемалық тұлғалар мен олардың өзара байланысы жөнінде, сондай-ақ түбір тұлға мен туынды тұлғалардың құрылымы жайында дұрыс әрі жүйелі түсінік беруді көздейді. [42.3].

Бұл сөздікте тілімізде бар туынды сөздердің құрамы, тұлғалық түзілісі анықтала отырып, синхронды морфологиялық талдау амалы қолданған. Мысалы: Қуан /ыш/та/у, қуан/ыш/ты т.б.

Сөздікте 14 мыңға жуық сөз қамтылған. Соңында екі түрлі қосымша материал берілді: №1 қосымшада «қазақ тіліндегі сөзжасам жұрнақтар алфавиттік тәртіппен түзілді», №2 қосымшада «туынды сөздер құрамындағы кейбір дыбыстардың әдеттен тыс қосылып айтылуы, түсіп қалуы және дыбыстардың алмасуы сияқты фонетикалық заңдылықтар келтірілді» [42.6].

 

 Ү БЛОК

 

 

Кейбір сөздіктер сөздердің орналасуына байланысты да түзіліп отырады.

Сөздіктегі сөздердің орналасуына қарай сөздіктер жиілік сөздік, кері сөздіктер болып бөлінеді. М.Әуезовтің «Абай жолы» романының жиілік сөздігі 1979 жылы шықты. Бұл сөздік М.Әуезов сынды белгілі жазушының осы романдағы сөздердің қолданылу жиілігін көрсетуге арналған. Сөздік алфавитті-жиілік, жиілік және кері алфавитті-жиілік деп аталатын 3 бөлімнен тұрады. Бұндай сөздіктер арқылы белгілі бір тілдік тұлғаны тіл ерекшелігін байқауға мүмкіндік жасайды. М.Әуезовтің шығармасының тілін зерттеуге сөздерді қолданылу тәсілі мен стильдік ерекшеліктеріне сандық сипаттама беруде сөздіктің берері мол. Сонымен қатар бұл әуезовтану әлеміне тұтастық сипат беруге көмескілеу жатқан тұстарды толықтырумен де маңызды болмақ. Тілдік бірліктердің мәтінде қайталануын зерттеу арқылы жиілік сөздіктер жасалады. Абай тілінің сөздігі көлемі 80 баспа табақ болып, 1968 жылы шыққан болатын (Жалпы редакциясын А.Ысқақов басқарған). Бұны түсіндірмелі алфавитті-жиілік сөздік деп атаймыз. Себебі, мұнда әр сөздің мағынасына түсінік берумен қатар, ол сөз сол мәтінде неше рет қайталанып, қолданғаны да қоса көрсетіліп отырады. Сөздікте сөздерге түсінік бермей, тек олардың әрқайсысының мәтіндегі кездесу санын ғана көрсетсек, оны алфавиттік-жиілік сөздік дейміз. Сөздің соңғы әріптерінен бастап алфавит ретімен берілсе, олда ол кері алфавитті-жиілік сөздігі болып шығады. Реестрдегі сөздерді олардың кездесу жиілігінің кему тәртібімен орналастырсақ, жиілік сөздік болады.

Жиілік сөздіктердің статистикалық сипаттамаларды тілдің теориялық және қолданбалы мәнін анықтауға мүмкіндік береді. М.Әуезовтің «Абай жолы» романының жиілік сөздігінде келтірілген төмендегі мысалдар оның құрылымы мен құрылысы жөнінде түсінік бере алады. Мысалы,

 

                   СӨЗ

ЖИІЛІГІ

Аға-бауыр-3

Аға-іні-3

Аға-сұлтан-3

Ағажан-3

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-07-06; просмотров: 43; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.196 (0.006 с.)